Сынып: 3 А |
Мектеп:Кең ауылының негізгі орта мектебі КММ Мұғалімнің аты-жөні: Аужнова Ж.С |
||
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздіктұғыры |
|||
Сабақтың мақсаты: |
|
||
Құндылықтардыдамыту |
|
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақтыңкезңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Басы |
Сәлеметсіздер ме! Тәуелсіздік! Иә, бұл кеудеңді көтере, мақтана айта алатын қасиетті ұғым. Жәй ғана ұғым емес, аса қадірлі ұғым. «Тәуелсіздік» дегенде әр адамның бойын мақтаныш кернейді. Менің бойымды осынау қасиетті ұғым жайлы сөз болғанда қуаныш пен қайғы, мақтаныш пен қасірет сезімі билейді. Тәуелсіздік жолында қазақтың талай ұлтжанды азаматтары қыршынынан қиылды. Жазықсыз өмірден ерте озды. Олархалқына қуанышсыйлады, бірақ сол қуаныштың дәмін өздері тата алмады. Олар – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары. Видеоролик көрсетілімі. |
суреттер |
|
Ортасы |
Мұғалімнің түсіндіруі: 1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. 1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің еңбасты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады. Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниегежаңамемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді. 1991 жылдың 17—желтоқсанында Алматыдағы Орталықалаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануынажәне 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болып өтті. Жиналған сан мыңдаған адамның алдына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былайдеп сөз сөйледі: «Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, ендісолкүнге де жеттік... Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарыныңрухынатағзыметіп, ескеалудыпарызсанаймын... Қазақстанның Тәуелсіздігінресмитүрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонансоң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілігін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі елімізТәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. Алғашықыкүндеріәлемніңсалмақтыелдерімойындап, кейінненбасқа да елдермойындапжатты. Осылайшаәлемдіксаясатаренасында ҚАЗАҚСТАН дегенмемлекеттәй—тәйбасты. НебарыбірнешеаптаныңішіндеәлемніңкөптегенбеделдіелдеріҚазақелініңтәуелсіздігінмойындап, дипломатиялыққатынастарбасталды АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция, т.б. ірі—ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың соңына дейін мойындады. Асыл Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз! Мықты болсын еліміздің керегесі. Жүректе намыс оты лапылдаған, Күш-жігері жастардың сарқылмаган. Абдуллах Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің, Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл. Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның, Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл. Арайлым Бабамның да арманы, Осы еді ғой аңсаған, Тәуелсіздік таңдары Бақ береді баршаға! Нұржан Көк туымды қолыма Бүгін берік ұстадым Түсті бақыт жолыма Менің Қазақстаным! Мансур Тәуелсіздік елімде, Бақыт құсы самғап ұшты көгімде Қазақ деген ғажап халық қашаннан, Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде. |
Презентация
Презентация
Презентация
Презентация |
|
Соңы |
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевбиылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығыретінде жариялады. Мемлекет басшысы былтырғы қазан айының 22-і күні ұйымдастырылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында биылғы жаңа жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы атауымен айрықша атап өтілетіндігін айтқан болатын.Бұл – өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясындаөтеді, – деді Қасым-ЖомартКемелұлы. Отырыс барысында Президент қазіросынау маңызды тарихи датаға орай көптеген салтанатты шара өткізетін уақыт еместігін де атап айтты. – Біз маңызды істерді ұзаққа созбай, қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы. Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек сабақ бойынша түсінген жұлдызды сәттер сабақ бойынша қосымша сұрақтар, ұсыныстар |
Презентация |
|