«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көркем жазу - өнер" сайысы

16.11.2018

      

"Көркем жазу - өнер" сайысы

Мақсаты: Оқушыларды сауатты,

мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық

талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.

Міндеттері:

- Жазу нақтылыққа баулиды;

- Жазу ойды жүйелейді;

- Жазу барысында көптеген идеялар туындайды;

- Бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін

аяқтай білу, өзіндік шығармашылығын дамытады.

Көрнекілігі: слайд, мәтіндер

Түрі: сайыс

Қатысатын сыныптар: 2 – 4 сыныптар

Жүргізуші:

- Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар, оқушылар! Сіздер

"Көркем жазу - өнер" сайысын көруге келіп отырсыздар.

Жүргізуші:

Бүгінгі күні сайысқа қатысушылар өздерінің қалай көркем жазатындарын көрермендер

алдында дәлелдейді.

Жүргізуші:

Сайыскерлер өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік әділқазыларды таныстырып.

Сайыс 3 - бөлімнен тұрады. Әділқазылар критерийлер арқылы бағалайды.

Жүргізуші:

Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.

Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа түскендер кезектесіп,

Өздерін таныстырып өтер дейміз.

Жүргізуші:

Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.

Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа түскендер кезектесіп,

Өздерін таныстырып өтер дейміз.

Екінші бөлім: «Мәтінді көшіріп жаз!».

Мәтінді көшіріп жаз!

- сауаттылығы;

- әріп элементтерін дұрыс қосып жазуы;

- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы;

- тазалығы.

Көшіру мәтіні:

2 - сынып - I жартыжылдықта 30 - 35 сөз, жыл

аяғында 35 - 40 сөз.

3 - сынып - I жартыжылдықта 40 - 50 сөз, жыл

аяғында 50 - 65 сөз.

4 - сынып - I жартыжылдықта 65 - 70 сөз, жыл

аяғында 75 - 80 сөз.

                          4-сынып Қарлығаш.

        Қарлығаш-денесі

ұзынша, ұзын айыр құйрықты, ұзын үшкір қанатты, епті қара құс. Қарлығаш тау

үңгірлерінде де, өзендер мен көлдердің жартасты жағаларында да ұя салады.

Қыстақ қарлығаштарының ұясы қора-қопсы мен үйлерде де бар. Олар ұя салатын

жеріне ауа райы жылынған кезде ғана ұшып келеді. Қарлығаш балапан шығару үшін

шөп-шаламмен араласқан топырақ немесе балшықтан кесе тәрізді ұя салады.

Кейбіреулері тесігі бар шар тәрізді ұя жасайды. 

(65 сөз).

Гнездо ласточки.

 

    Под крышей дома ласточка свила уютное гнёздышко.Местный воробей решил

занять его и влетел туда.Ласточка подняла шум, стала гнать воробья. Воробей раскрыл

крылья, резко закричал.Бедняжка в испуге отлетела. Воробей успокоился. Но что

это?Вдруг примчалась целая стая птиц. У каждой птицы в клюве был кусочек земли.

Они быстро стали закрывать отверстия в гнезде. Пленник поднял крик. Мы принесли

лестницу и открыли отверстие. Воробей вылетел стрелой. А ласточка вернулась в

свой дом и звонко запела.

(65 сл.

     

Отаным. 3-сынып

     Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанның

жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та,ойпат та кездеседі. Үлкен – үлкен

көлдер, өзендер бар. Сәулетті қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы

қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы

өркендеген.

Қазақстан бес

мемлекетпен шектеседі. Олардың бәрімен достық қарым – қатынаста. (46 сөз.)

                                                        

Киіз үй.2-сынып

     Киіз

үй малшыларға өте қолайлы. Оны жылдам құрастырып, тез жинауға болады. Оның

қыста жылы, жазда салқын болатынын айтсаңшы! Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай

әр түрлі болып келеді. Киіз үйлер төрт, алты, он Жүргізуші:

Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.

Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа түскендер кезектесіп,

Өздерін таныстырып өтер дейміз.

екі қанатты болады.  (35сөз)

Жүргізуші:

Үшінші  бөлім  Бұл бөлімде сайыскерлер сұрақтарға жауап

береді.(Музыка ойналып тұрады)

Жүргізуші:

    Бүгінгі сайысымызды таразылап әділ

бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды

марапаттау.

Просмотров: 3289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст