«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Статья "Алтын күз"

14.11.2018

«Қош келдің, Алтын күз!»

Қазан айының

24-ші жұлдызында Кен негізгі мектебінде «Қош келдің, Алтын күз!» мерекелік іс

-шарасы өткізілді. Бұл мерекені оқушылар көптен күткендіктен болар,

мектебімізде іс – шара өтіледі деген күннен –ақ, қызу дайындық жүрді.

Мектепішілік іс – шара екі тілде өтті. Бастауыш сыныптар арасында, 1-4 сыныптар

өзара сайысқа түссе, орта буын сыныптары 5-9 сыныптар арасында болды.

Бағдарлама: би өнері, композиция, пародия және сән үлгісі  бөлімдерінен тұрды. Іс –шараның жоғары

деңгейде өтуіне, әрине ең бірінші оқушылардың тынбай дайындалған әрекеттері

болса, екінші бағыт – бағдар беріп, жетектеген сынып жетекшілерінің бірлескен

жұмысы, сонымен қатар, балаларын қолдап, көмектескен ата- аналардың демеуі деп

білеміз. Оқушылар бағдарлама бойынша өз өнерлерін ортаға салды , яғни, бірінші

би өнері кезеңі бойынша, барлық сынып оқушылары әртүрлі жанрда дайындаған

билерін көрсетті. Екінші кезең, композиция, яғни, жеміс – жидектерден,

көкөністерден жасалған жұмыстар көрмесі болды, бұл кезеңге ата – аналар

тарапынан, сынып жетекшілер тарапынан көп көмек болып, оқушылар өз

шеберліктерін дәлелді. Барлық сыныптардың жасаған жұмыстары бір – бірінен асып

түспесе, кем болған жоқ. Үшінші кезең, қызықты, көңілді кезең деп айтуға

болады, ол –пародия. Барлық сыныптар өте жоғары деңгейде дайындалған, ең әсерлі

кезең. Себебі, көрермендерге күлкі ұялатқан, жақсы көңіл-күй сыйлаған сәт

десек, қателескеніміз емес. Төртінші, күзгі сән үлгісі кезеңі. Бұл кезеңде

бастауыш сынып оқушылары, соның ішінде, 0 «А», 1 «А», 1 «Б», 2,3 «А»

сыныптарының оқушылары өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ал, орта буын

сыныптары арасында, атап өтсек, 7 «А», 9 «А» сыныптарының күзгі киім үлгілері

ерекше болды. Мерекелік іс – шарамыз, жарыс түрінде өткендіктен, әділ бағаларын

беретін, әділ-қазы алқалары құрылды. Сайыс соңында, әділ –қазы алқаларының

шешімдерімен жеңімпаз сыныптар анықталып, мадақтама қағаздарымен, сыйлықтармен

марапатталды. Атап айтар болсақ, бастауыш сынып арасынан, І орын 4 «Б», ІІ орын

1 «А», ІІІ орын 2-3 «А» сыныптары иеленсе, жоғары сыныптар арасында  І орын 7 «А», ІІ орын 9 «А», ІІІ орын 5 «А»

сыныптары жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Мектепішілік

өткізілген «Қош келдің, Алтын күз!» мерекесі оқушыларға ұнады деген ойдамыз.

Осындай іс – шарлар мектебімізде әлі де жалғасын таппақ, әрине ол үшін

бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс атқару керек. Мектебімізде әрдайым көңілді

кештер көп болсын дей келе, балаларына қолдау көрсеткен ата-аналарға,

оқушыларына жауапкершілікпен қараған сынып жетекшілерге, алғыс білдіреміз!

 

Қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі

Нұрсұлтан Д.Қ.

Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст