«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елбасы сенімі – ел сенімі» сочинение

14.11.2018

«Елбасы сенімі – ел сенімі»

       Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен

бастап өзінің туған еліне, жеріне деген сүю сезімі оянады . Сондықтан да өз

елің, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін

сүймейтін адам жоқ деп ойлаймын. Менің туған елім – Тәуелсіз Қазақстан. Даласы,

таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдына дербес

мемлекет болып,тәуелсіздігін  алғанына  биыл 27  жыл толғалы

отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді, өз еліңде бақытты,

тыныш өмір сүргенге не жетсің!  Менің ойымша, Тәуелсіздіктің алғашқы

жетістігі- халқымыз өз тандауымен ел президентін сайлауы болды. Бұл 1991 жылдың

1-желтоқсанында болған еді. Жалпыхалықтық сайлау өткізіліп, нәтижесінде

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,7 басым дауыспен Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті болып сайланды. Оған халық үлкен сенім артып, міндет жүктеді.

Қазақстанға қазіргі таңда бейбітшіліктің ақ құсының қонғаны- Елбасымыздың

еңбегінің арқасы.   Біздің 

Президентіміз  Қазақстанның әл-ауқатымен, ел экономикасын жақсартып,

елдің тыныштығын сақтаудағы істері орасан зор.

Менің ойымша Елбасы Нұрсұлтан

Әбішұлының көрегенді,біліктілігі мен ұйымдастырушылық тума таланты Қазақстан

мемлекетінің гүлденіп, өркендеуіне жол ашқаны.  Астана қаласының  көрік - келбетінің

айғағы деп ойлаймын. Тарихи тәлімнен сабақ ала білген Елбасымыздың даналығында

да өткенмен сабақтастық тұнып тұр.Тәуелсіздігімізді ала сала, Сарыарқа төрінен

ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру - тұңғыш Президентіміздің кемеңгерлігі, парасаттылығы.

Президентіміздің басшылығымен еліміздің экономикалық жүйені түбегейлі

реформалау, нарықтық экономикалық көшу

жүзеге асырылуда осының бәрі

біздің елдің дамуының алғы шарттары.

Қазіргі таңда еліміз ғана емес,

басқа елдер де Қазақстан мен оның Тұңғыш Президенті ұғымдары 

бір-бірінен  ажырамас біртұтас ұғымға айналды деп санайды. Бүкіл

дүниежүзінде Қазақстан аты аталса, ауызға алдымен оның Тұңғыш Президентінің

есімі оралады. Өйткені, Қазақстанның ел болып қалыптасуындағы, мемлекет ретінде

одан әрі нығаюындағы Елбасының баға жетпес орасан зор еңбегі тарихқа алтын

әріптермен жазылып қалды.     Дүниежүзілік 

қоғамдастық Тұңғыш  Президент

Н.Назарбаевты әлемдік  деңгейдегі Көшбасшы деп таныды. Ол – татулық, қоғамдық

келісім мен мемлекеттер арасындағы достыққа негізделген әлемдік тәртіп құруды

берік ұстанған басшы. Н.Назарбаев – бүкіл әлемге бейбітшілікті, тыныштық пен

тұрақтылықты  сақтауға  бағытталған  өміршең бастамалардың

авторы.

Әр түрлі халықаралық,  мемлекетаралық

бірлестіктер мен ұйымдар құруға бағытталған өз бастамаларымен ол мемлекет

басшыларының басым көпшілігің, оның ішінде әлемнің жетекші елдері 

басшыларының алдында зор беделге ие болып, құрмет пен қошеметке бөленді. Қазақ  елін 

қалыптастыруда  Президенттен бастап

әрбір азамат  өз деңгейінде еңбек сіңірді.

       Өз ойымды қорытындылай келе келешекте

Қазақстанның дамуына өзімнің үлесімді қосамын. Елбасы-біз сізді мақтан тұтамыз!

Біз әлі де талай талай белестерді аламыз! Елбасымыздың өмірі мен қызметі елі мен жеріне, оның

болашақ дамуына арналған. 30 елдің қатарына қосылу жолындағы ерен еңбегіңіздің,

бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымы сізді үнемі қолдайды

деп сенемін. «Үш тұғырлы тіл», тіліміз үшін жасалған игі қадам – латын

әліпбиіне көшу – ана тіліміз үшін жасалған игі қадам, тіліміздің қолданыс аясын

кеңейтетін бірден - бір құбылыс екеніне сенімім мол.

 

 

 

Қазақ  тілі  және әдебиет 

пәнінің  мұғалімі , 7 «А»

сынып  жетекшісі

Мажиманов Сырым Қасымұлы

 

 

 

Просмотров: 536


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст