«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күзгі демалысқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар

03.11.2021

 «Күзгі демалыс-бақытты бала жүзін көру!» атты

балалардың  күзгі демалыс кезіндегі бос уақытығың қамтылуы бойынша ұсынымдар

(1-6 қараша аралығы 2021 жыл)

 

«Күзгі демалыс-бақытты бала жүзін көру!» ұсынымдары  оқушылардың күзгі демалысы кезінде пайдалы және белсенді іс-әрекет жүйесін жетілдіруге және дамытуға  бағытталған.

Балалардың заңды мүддесімен құқықтарын қамтамасыз ету  Қазақстан Республикасының  ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі.

Демалыс кезіндегі балалардың бос уақытының  қамтылуын ұйымдастыру-  мемлекеттің әлеуметтік саясатының  ажырамас бөлігі. Бұл уақыт балалардың шығармашылық, рухани-адамгершілік, интеллектуалды дамуына мүмкіндік береді.

Демалыс кезеңі-балаға әлеуметтік қолдау көрсету және ерекше назар аудару уақыты болып табылады. 

Ұсыным мақсаты:күзгі демалыс кезіндегі балалардың шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерін, дене бітімін жетілдірудің құндылығын  дамытуға бірыңғай іс-шаралар өткізуге бағыттау.

 

Міндеттері:

1.күзгі демалыс кезіндегі баланың бос уақытың тиімді пайдалануға және демалыс жүйесінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау.

2.күзгі демалыс кезінде балалардың денсаулығы мен сауықтыруына, демалысына әдістемелік қолдау көрсету.

3.1-11 сынып оқушыларының дәстүрлі және қашықтық форматта өтетін

 іс-шараларға толық қатысуын қамтамасыз ету.

  

Күзгі демалыс кезіндегі тәрбиелік іс-шаралардың негізгі бағыттары

 

Күзгі демалыстағы тәрбиелік шаралардың негізгі бағыты- жалпы республикалық 2021 жылғы 20 қазан мен 20 қараша аралығында Дүниежүзілік бала күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» тұжырымдамасы негізінде  ұйымдастырылады.

Іс–шаралар  Дүниежүзілік бала күні аясында  құқықтық ақпараттандыруға, шығармашылық, интеллектуалдық дамуын жүзеге асуына, кәсіби бағдар, ұлттық құндылықтар, өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасылар мен балаларды  қолдауға бағыттау ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Күзгі демалысқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарға ұсыным

 

күні

Іс-шара бағыты

Іс-шара атауы

1 қараша

Азаматтық-патриоттық

«Тәуелсіз елдің ұрпағы» -патриоттық әндер челленджі.

2 қараша

Эстетикалық

1.«Мәдениеттің ғажайып әлемі» - театр, музейлерге саяхат

2. «Күз бояулары»- сурет, сәнді қолданбалы қолөнер көрмесі

3 қараша

Құқықтық

1.«Өмір-бақыт. Бәрі өз қолыңда» -тренинг

2.«Құқығым бар» -мектеп лидерлеріне арналған тренинг

4 қараша

Спорттық

«Спорт ойындарының калейдоскобы» (қозғалмалы және  үстел ойындары)

5 қараша

Интеллектуальды

«Тарих беттерінен...»- интеллектуальды ойын

6 қараша

Экологиялық

«Табиғатты аялап сақтайық!»- макулатура жинау

 

Просмотров: 959


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст