«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыныптан тыс іс-шара: «Қызықты сағат»

27.10.2021

Сыныптан тыс іс-шара: «Қызықты сағат»

Мақсаты:

1. Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу.

2. Тез ойлауға,шапшаң есептеуге баулу,ой -өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

3. Оқушыларды ұжымдыққа, ептілікке ,достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі :геометриялық фигуралар,нақыл сөздер,сандар,танграм суреттері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:

- Қайырлы күн қымбатты қонақтар, ойынға қатысушылар! «Қызықты сағат» математикалық  ойынына қош келдіңіздер..Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді-

Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,

сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.

(оқушыларды топқа бөлу, топ аттарын анықтау)

- Бүгінгі ойынға қатысушы топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

«Ондықтар» тобы,«Бірліктер» тобы

- Ал, топ мүшелері дайынсыңдар ма?

- Ойынды бастайық!!!

 

1-топ «Бірліктер»

Ұраны: «Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады»

 

2-топ «Ондықтар»

Ұраны: «Білегіңе сенбе, біліміңе сен».

 

Мұғалім:

Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Сынға түсіп көріңдер.

Бүгінгі ойынымыз 5 айналымнан тұрады. Әрбір айналымның ұпай сандары есептеледі.Олай болса алдымен бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысайық:

1 «Ойлан, тап»

2 «Есепке кім жүйрік?»

3 «Блиц – турнир»

4 «Кім жылдам?»

5 Логикалық тапсырма

Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

 

І.  Математикалық жұмбақ есептер беріледі.

1.«Бірліктер» тобы

Көлден ұшқан 15 қаз

Қайтып қонды 9 қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне ,кім тез табады? (6)

 

2.Бес бұтақты ағашта,

Бұтақ сайын бір алма

Біреуін бер Маратқа

Сонда қалмақ неше алма (4)

 

3. Аулада 3 үйрек,

Қорада 1 үйрек.

1 үйрек тығылды,

1 үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (2)

 

«Ондықтар» тобы

1.Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю,бір арыстан.

Екі қоян,бір түлкі,

Бәрі нешеу кім білді? (8)

 

2.Үшеуі қызыл, үшеуі ақ

Оң қолымда неше алма?

Төртеуі қызыл, төртеуі ақ

Сол қолымда неше алма? (6 және 8)

 

3. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақпен қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (17)

 

 

ІІ. Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек - деп,

«Есепке кім жүйрік? »сайысында берілген

есептерді шығару керек. Екі топқа екі бетке жазылған есептер беріледі.Әр топтан

оқушылар кезекпен шығып есептерді шығарады.

 

«Есепке кім жүйрік?»

 

1.  28097+58978  =  87075             7213*5 = 36065        128*7  = 896       2535/5=507

2. 6039*6  =  36234        450450/5=90090        357*9  = 3213       342498+278569  =621067         

 

ІІІ . «Блиц – турнир» Мұнда әр топқа 15 сұрақтан оқылады. Әр сұраққа 1ұпай беріледі.

1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (Х-екі санның айырымы, айырманың мәні)

2. 1 сағатта неше минут бар? (60)

3. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. (м,см,дм...)

4. Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (тіктөртбұрыш)

5. Ең үлкен үш таңбалы санды ата. (999)

6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)

7. Аптаның соңғы күні қалай аталады? (жексенбі)

8. Шаршы деген не? (барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш)

9. 91+17 өрнегінің мәні қанша? (108)

10. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. (70)

11. 1 дм неше см болады? (10)

12. 1 ғасырда неше жыл бар? (100)

13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. (98)

14. Периметрді қалай табамыз? (Барлық қабырғалар қосындысы)

15. Масса, оның бірліктерін ата.(г,кг,т...)

16. 63-7 өрнегінің мәні қанша? (56)

17.5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)

18. 1 см артық па, әлде 1 дм артық па? (1дм)

19. Ең үлкен және ең кіші бір таңбалы сандарды ата. (9,1)

20. 1 дм 4см неше см болады?  (14см)

21. Қосудың нәтижесі қалай аталады? (қосынды)

22. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)

23. Азайтуды қай амалмен тексереді? (қосу)

24.Кез-келген санды бірге көбейткенде? (Өзі шығады)

25. Ең кіші ондықты,ең үлкен ондықты ата. (10,99)

26. Шаршының қабырғасы 2см. Оның периметрі қаншаға тең? (8)

27. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

28. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. (үшбұрыш)

29. 3 сағ + 18 мин. дегеніміз неше минутқа тең? (198мин)

30. 6 мысықпен 3 тауықтың аяғы нешеу? (30)

 

ІV. «Кім жылдам?»Бұл кезеңде логикалық тапсырманы суреттер арқылы орындау керек.Қай топ бірінші дұрыс шығарса сол топқа ұпай беріледі.

 

Мұғалім:

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз-келесі кезек логикалық тапсырмаларда.

 

V. Логикалық тапсырма:

 

Бірліктер   тобы:

 

1.Бір айда 5  ж ексенбі  бола ма?

2.Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр?(5)

3.Ауылда 4 күн боран соқты, неше тәулік боран соқты? ( 4тәулік)

4.4 қойдың неше аяғы бар? (16)

5.Етік киген мысық 4 шортан ұстады,бұл ұстағанның жартысы.Ол неше балық ұстады? (8)

6.Асханаға 100 кг пияз және одан үш есе артық картоп әкелінді.Неше кг картоп әкелінді? (300)

7 Аулада 60 үйрек,қорада 20 үйрек

   10 үйрек тығылды, 10 үйрек жығылды.

   Қалғаны неше үйрек? (70)

8.Бір адам қалаға бара жатыр еді, олда оған 3 танысы қарсы келді.Қанша адам қалаға барды? (1 )

9.Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? 5баласы бар.

10.Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? 11сағат

11.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? сейсенбі

12. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)

13.Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді? жұма

14.Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? VІ.

 

 

 

 

Ондықтар тобына:

 

 

1 Қанаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды,ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды.Кімнің сөмкесі үлкен, кімнің сөмкесі кішкентай? (Ерланның сөмкесі үлкен,Қанаттікі кішкентай)

2.Айдос үйдің 6-қабатында тұрады, ал Жандос осы подъездің 3-қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса, Жандосқа дейін неше баспалдақ бар? (30).

3.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)

4.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)

5. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік)

7.Суда қандай тас жоқ? (Құрғақ)

8. Жердің қақ ортасында не бар? (Е әрпі)

9. Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ештеңе жоқ)

10.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?2сағат

11.2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? тең

12.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? Алмұрт ауыр

13.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек ? 4

14.Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені? Айгүл

 

VІІ.Қорытынды:

Әр топтың ұпай бойынша қорытындысын шығару.Жеңімпаздарды мадақтау.

 

 

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст