«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мен – адаммын!" ашық сабақ

20.10.2021

Тарау: 1

Таным қуанышы

 

Мұғалімнің аты-жөні:

Какенова Слушаш Советовна

 

 Мерзімі:

 

 

 Сынып: 5

Қатысушылардың  саны:          Қатыспағандардың саны:

 

Сабақтың тақырыбы №7

Мен – адаммын!

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары:

Жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіну және өмірде оны басшылыққа алу.

 

Құндылық:

 

Дұрыс әрекет

 

Қасиеттер:

Мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық

 

Сабақтың    мақсаты:

 

 

Оқушыларға адамның өмірлік мақсат-мұратының маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

 

 

Сабақтың міндеттері:

 

1. Білімділік:

 

2. Дамытушылық:

 

3. Тәрбиелік:

 

 

 

- «адам» ұғымы туралы түсінік беру;

- айналасына  жақсылық жасау дағдыларын дамыту;

- мейірімді, қамқор, қайырымды болуға тәрбиелеу.

 

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

  1. мин)

 

 

1.Жағымды көңіл күй

  •  

 

Мұғалім «5-Т» ережесі арқылы оқушылардың назарын сабаққа аударады.

 

Мұғалім  жағымды, жайлы дауыспен «Су асты патшалығына ойша саяхат» жаттығуын өткізеді.

 

Оқушылар «5-Т» ережесін дауыстап айтып, сабаққа дайындықтарын білдіреді

Оқушылар мұғалім үнін тыңдау арқылы ойша теңіз түбіне саяхат жасайды

 

Белсенді тақта

 

 

Жайлы, баяу музыка

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу)

 (3-5 мин)

 

 «Аяз би» аңызы

Сұрақтар:

  • Аязби байлықты қалай түсінді?
  • Аязби өзін тәрбиелеу үшін не істеді?

• Аяз бидің бойынан қандай қасиеттер байқадыңдар?

 • Өмірдегі ең басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?

Мұғалім оқушылардың жауабын тыңдау арқылы, аңыздың негізгі идеясы адам ешуақытта адамгершіліктің ақ жолынан таймау керектігіне назар аударады.

Оқушылар алдын-ала үйден оқып келген тапсырма бойынша жауап береді.

Мәтін бойынша не түсінгендерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларымен бөліседі.

 

 

Оқулық, мұғалімдерге арналған  әдістемелік құрал,

Слайд

Оқулықтың 26-бетіндегі

№ 7 сабақ 

3. Жағымды ой-пікір       (дәйексөз)

 (3-4 мин)

Адам деген ардақты ат.

                        Халық нақылы

Мұғалім белсенді тақтаға жазылған дәйексөзді дауыстап оқиды

Сұрақтар:

- «Ардақты» деген сөздің  мағынасын қалай түсіндіңдер?

-Адамды ардақты ететін бойындағы қандай қасиеттері?

Мұғалім  оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытынды жасайды. Дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.

 

Оқушылар  дәйексөзді дауыстап оқиды, содан кейін ұлдар мен қыздар кезектесіп қайталап айтады.

Оқушылар мағынасын өз түсініктерімен жеткізіп айтады.

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазады.

 Презентация, слайд.

 

Оқушылардың жұмыс дәптерлері.

4.  Оқиғалар айту (әңгімелесу)

 (4-8 мин)

 

    Бір шелек алма

Аңыз әңгіме

Адам өзіне жеміс ағаштары бар зәулім үй сатып алды. Үйдің жанындағы ескі үйде қызғаншақ көршісі тұратын еді.Ол үнемі жаңа көршісінің ауласына қоқыс төгіп, ренжітуге тырысты.

Бір күні адам көтеріңкі көңілмен сыртқа шықса, лас су толы шелек алдында тұр еді. Ол шелекті алды да, лас суды төгіп, шелектің ішін жарқыратып тазалап, ішін ең ірі, тәтті алмаға толтырып, көршісінің есігін қақты.

Есік қағылғанын естіген көршісі «Қолыма түстің бе, бәлем!» деп жанжалдасуға дайындалған нашар оймен есікті ашқанда, адам қолындағы шелек толы алманы ұсынып: - әркім өз байлығымен бөліседі! – деді.

Сұрақтар:

 - Қай көршінің әрекеті дұрыс болды деп ойлайсыңдар?

- «Әркім өз байлығымен бөліседі» деген сөзді қалай түсіндіңдер?

- Екі көршінің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

- Егер сен екінші көршінің орнында болсаң,  қандай әрекет жасар едің?

- Өзің басқалармен қандай байлықпен бөлісер едің?

 

 

Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтарға өз ойларымен бөлісе отырып, адамның байлығы мінезі екеніне тоқталады.

 

 

 

Слайд

5. Шығармашылық жұмыс

(12-15 мин)

 

Мұғалім:

1-топ:

 «Өзімді танумен өсіп келемін» тақырыбында эссе жазуды ұсынады.

2-топ:

Мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық ұғымдарына мақал-мәтелдер жазады.

3-топ:

Жақсы істер кластерін құрады.

 

Оқушылар берілген тақырып бойынша эссе жазады.

Мақал-мәтелдер жазу

Мәтін бойынша сабырлылық, шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттері қайсы жалпыадамзаттық құндылықтың көрінісі болатынын анықтайды

 

  1. Үй тапсырмасы

 (1-2 мин)

Василий Сухомлинскийдің «Қарапайым адам» әңгімесі

.

 

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Оқулық № 8 сабақ  29-бет.  Оқушы күнделігі

7.  Топпен ән айту

(2-3 мин)

 

 

Мұғалім өлеңнің мәтінін белсенді тақта арқылы көрсетіп, оқушыларды бірге айтуға шақырады.

 

БАҚЫТТЫМЫН, ҚҰРБЫЛАР

 

         Сөзі:  Қ.Мүсіреповтікі

          Әні:  Ш.Қалдаяқовтікі

 

Бұлбұлмын сайрайтын,

Оянып таңменен,

Қазақтың даласын

Тербетем әнменен,

Достарым жанымда,

Жүрегі мейірлі.

Бақыттың бағында

Жүремін көңілді.

 

Қайырмасы:

Әдептен аспаған,

Арманға бастаған

Жан-жағым дос-құрбы,

Жан-жағым жақсы адам.

 

Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан,

Билеймін ырғатылып, саламын ән.

 

Алдымда – ағайым

Абырой асырған.

Алдымда – апайым

Ақылды жасынан.

 

Өнегем көп менің

Өмірлік өшпейтін.

Қамқоршым көп менің

Құлпырып өс дейтін.

 

Оқушылар қосылып ән шырқайды.

Өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

 

https://muzna.net/12555-dana-mahanbaeva-bayttymyn-rbylar.html

8.Сабақтың қорытынды сәті

(1 мин)

Мұғалім : Оқушылар сендер игілік, жақсылық және жамандықта кездесетін әлемде өмір сүріп жатырсыңдар. Алайда, сенің басыңа, жүрегіңе әрдайым жақсылық жасау, қайырымды болу ниеті ұялағанын ұмытпа. Жақсыдан үлгі-өнеге ал, ал жаманнан сабақ ал, одан аулақ болуға тырыс. Әрқашан адамгершілікпен дұрыс таңдау жаса. Өйткені сен адамсың. Ал адам баласы тек жақсылық, бақыт үшін жаралған.

Оқушылар көздерін жұмып, баяу музыка әуенімен сабақта түйген адами қасиеттерді жүректерінде сақтайды.

Баяу музыка әуені

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст