«Қызға әсемдік, нәзіктік жарасады» психологиялық тренингі
Мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеті: қыздардың бойында қызға тән бейне және қызға тән мінез – құлық, әдеп ережелері туралы ұғым қалыптастыру;
Тәрбиелеу: қыз балалардың санасы қызға тән мінез – құлық, жүріс – тұрыс сипаттарына баулу;
Дамыту: қыз балалардың өзін – өзі тәрбиелеу, өз-өзіне жауапкершілікпен қарау мүмкіндігін дамыту.
Сабақтың әдісі: психологиялық жаттығулар.
Жүру барысы:
-Саламатсыздар ма сұлу қыздар, достарым!Бүгінгі біздің өткізгелі отырған тренингіміздің тақырыбы «Қызға әсемдік, нәзіктік жарасады» деп аталады.Барлығымыз көңілімізді көтеріп отырайық.Олай болса тренингімізді амандасудан бастайық.
«Амандасу» жаттығуы
Мақсаты:
Әрі қарай бірге жұмыс жасау үшін топқа ортақ, жағымды ауа райы (атмосферасын) құру. Қыз балаларға өз бойынан өмірде қолдануға қажетті жағымды қасиеттерін табуға көмектесу.
Қатысушыларға ойыншық беріледі. Сағат тілі бойынша әрбір қыз өз – өзін таныстырып, ойыншықты бір – біріне беріп отырады. Таныстыру шарты келесідей: 1) өзінің есімін айтады. 2) өзінің есімінің алғашқы әрпінен басталатын сын есімді атау қажет (бұл сын есім әр адамның өзінің бойындағы сипаты, жағымды қасиеті, мінез – құлқының, жүріс – тұрысының қандай да бір ерекшеліктері болуы мүмкін) қатысушылар бір – біріне демеу бере алады.
«Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б. Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
«Өрмекші торы» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.
Қыздарға кеңес
Қай кезде де түзу болсын сәлемін
Қадір тұтар сонда сені бар елің
Білімді бол ісмерлікке бейімді
Өміріңе керек болар кейінгі.
Жан болмасаң жасында әдеп көрмеген,
Үлкен жолын кесіп өтпе көлдеңен.
Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба,
Бетті бояп, қайшы салма бұрымға.
Ұятты бол, сақта арыңды жасыңнан
Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан,
Қума босқа мақтан менен желікті,
Қыз дегенің қылығымен көрікті.
Ісің бітпей әңгіме айтпа көпіріп,
Содан шығар өсекпенен өтірік.
Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін
Ата – анаңды сыйлап өту борышың.
Биязылық сенен тапсын жарасым,
Сақта есіңе, сен болашақ анасың.
Жастан үйрен ұлттық әдеп – ғұрыпқа,
Қазақ қызы екеніңді ұмытпа!
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!