«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана тілін және өзге халықтың тілдерін сыйлау әр -азаматтың міндеті»

15.09.2021

«Ана тілін және өзге халықтың

тілдерін сыйлау әр -азаматтың міндеті»

 

      Тілім менің- таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату, өз ана тілімізді және де өзге де халықтың тілдерің сыйлау  – әрбір азаматтың борышы, міндеті болып табылады. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын  парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге, сыйлауға  міндеттіміз. Өйткені, тіл- ата-бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.     Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың, даналардың сөздерін, өлең-жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған, құрметпен  қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Біздің Кен негізгі мектебімізде тілдер мерекесінің онкүндігінің жоспары құрылып, тіл мәртебесін көтеру мақсатында көптеген іс-шаралар болып жатыр. Менің де үлесім қазақтың қасиетті қызыл тілін барша жұрт біліп, құрметтеп, сыйлап, қадірлеп жүргенін қалаймын. Сондықтан осы жазбамды барша жұртқа арнаймын.  Тіліміздің мәңгілік қалуының себебі ата-бабамыздың және  Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеуіміз керек.
      Б.Момышұлы ата мыз "Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл  ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту"- деген болатын. Сондықтан тілімізді ұмытпай, әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті ету үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп білемін. М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарап, өзге де тілдерге де құрметпен қараған дұрыс.

      Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады. Түйінді сөзім: Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

 

«Кең ауылының негізгі орта мектебі»

                                                                                 КММ-нің 8 «А» сынып оқушысы

                                                                                  Мұқыш Жанболат

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст