«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күй анасы – Дина Нұрпейісова» .

07.09.2021

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Күй анасы – Дина Нұрпейісова» .

Тәрбие мақсаты: Батыс өңірінің халық композиторы Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет алу, өлеңдер оқу, күйді тыңдату арқылы балалардың эстетикалық талғамын ояту, шығу тарихын әңгімелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Н. Назарбаевтың сөзі жазылған плакат; Күй жазылған таспалар Дина туралы рефераттар; домбыра, ұлттық киімдер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

- «Ана» сөзін естігенде ойларыңа не келеді?

Постер толтыру

Бұл суретте кім бейнеленген деп ойлайсыңдар?

Оның сырт бейнесіне, киім-кешегіне қарап болжап көрейік.

Ал, Дина Нұрпейісованы неге күй анасы деп атаған деп ойлайсыздар?

Дина Кенжеқызы 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы қазіргі Жаңақала ауданының Нарынқұм жерінде дүниеге келген.

6. Динаға домбыраны үлкен әпкелерін сүйемелдеп тұруы үшін әкесі Кенже үйреткен. Динаның әпкелері әнді жақсы айтқан. 

7. Ол алғаш рет домбыраны 5 жасында қолына ұстаған, ал 9 жасында домбыраның құлағында ойнаған қыздың атағы көпке тараған. hello_html_m3fe6152f.jpg

9 жасында Динаны алғаш рет Құрманғазы көріп, кішкентай қыздың өнеріне тәнті болған. 19 жасына дейін Құрманғазы Динаның шеберлігін шыңдап, оған өзінің бірнеше күйін берген. Осының арқасында Құрманғазының ойнау техникасы бізге дейін жетіп отыр. 

Алматыға Дина 75 жасында көшіп келген. Ахмет Жұбанов Қали Жантілеуов домбырашыдан домбыраның құлағында ойнайтын кемпір жайлы естиді. Сөйтіп Динаға Смағұл Көшекбаевты жібереді, ол Динаны домбырашылар мен күйшілер слетіне келуге көндірген. 

94 жасқа дейін өмір сүрді. Соңғы дәмі таусылғанша басындағы жаулығын өзі байлаған. Немересі Балжаннан өлер алдында домбыра әперуін сұраған. Шанақты саусағымен түртіп: "94 жыл бойы біргеміз, менің жаным мен домбырам бір-бірін қимай жатыр", - деген екен. 

Оның бірнеше ұлы соғысқа кеткен, бірақ, бір баласын болса да жанында қалдыруды ешкімнен өтінбеген. Лауазымды тұлғаларға ешқашан өтінішін айтпаған. 1916 жылы жарлыққа сәйкес ұлы Жұрынбайды тыл жұмыстарына әкетеді. Динаның "1916 жыл" деп аталатын күйлер жинағы бар. 

"Әсемқоңыр" атты күйі Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауылына тұрмысқа шыққан қызы Әсемқоңырға арналған. Күйді Дина қызын сағынып, зарығып отырып шығарған. 

Дина 19 жасында тұрмысқа шыққан. Сол заманға сәйкес "отырып қалған" қыз болып есептеледі. Домбыраға қызыққаны соншалықты, тұрмысқа шығуды кеш ойлағанын өзі де айтқан. 

Нұрпейіс – бірінші күйеуінің есімі. Нұрпейіс Мақатұлымен Дина бар-жоғы 5 жыл тұрған. Динаға төлқұжат берерде тегін жазу үшін атасының есімін сұраған. Бірақ қазақтың салт-дәстүрі бойынша, келін ата-бабасының, аталарының есімдерін дауыстап атай алмайды. Сондықтан ол: "Менің тегім не үшін керек? Міне, ұлым Жұрынбай Нұрпейісов деп жазылған. Мені де солай деп жазыңыз", - деп жауап берген. 

Күйеуінен Дина үшінші баласына екіқабат кезінде қалған. Сондықтан ұлының атын Жұрынбай деп қойған. 

Күйеуі өлген соң, әмеңгерлік салтымен оны күйеуінің үлкен ағасы Нұралыға (оны бәрі Шәпек деп атаған) тұрмысқа берген. Нұралыдан 10 бала тапқан, бірақ, көбі жастай шетінеп кеткен. 

Аштық жылдары Нұралы өзінің бірінші отбасымен бірге қалып, Дина Астрахань облысына кеткен. Ол жақта жүріп құмаршық теріп, сол өсімдіктен көже жасап, балаларын аштықтан аман алып қалған. 

Дина Нұрпейісова халық алдына соңғы рет 1952 жылы 91 жасында шықты.
1955 жылдың 31 қаңтарында ұлы күйші дүние салды. Оның жасы сол кезде 94-те болатын. Дина Кенжеқызы Алматы қаласының орталық зиратында жерленген.

Қазір оқушылар күйлердің шығу тарихымен таныстырып өткді:

1. Нұрдаулет:

“Ана бұйрығы” – сексен жастағы Дина жалғыз ұлын майданға аттандырады. Оның шығармашылық күш қуаты таси түседі. Ол қолындағы домбырасының жыр алыбы Жамбылдың “Ленинградтық өрендерім” өлеңі сияқты, жауға қарсы жауынгерлік роль атқаратынын біліп, Дина “Ана бұйрығы” деген күйін шығарды. Бұл күйде ол ананың кейпін Отанмен ұштастырып, Ұлы Отан соғысының майдандарында жанқиярлықпен Отанын қорғаған ұлдарына арнады. “Ана бұйрығы” күйі бірден бүкіл Қазақстанға тарап кетті. Ол ерліктің əуеніне, халық қолындағы құралға айналды. Күйде уақыттың қаталдығы айқын берілген, үні асқақ.

Айсуна:

“Көгентүп” – ауылда қозыны алғаш рет көгендегенде балаларға қозыға ен салып береді, соны “көгентүп” дейтін. Кедей баланың Кербез берген ақ қозысы болады. Сол ақ қозының енесін қасқыр жеп кетеді, бала үнемі “Ақ қозы” əнін айтып жүреді екен. Дина сол балаға əн айтқызады. Əнде бала өзін ақ қозыдай, ал байларды қасқырдай көріп, өлеңді ерекше сезіммен айтады. Сол кедей балаға арнап осы күйін шығарады.

Бакнур:

“Кербез” – күйеуі өлгеннен кейін де Динаға ақыл беріп, демеу болған абысыны Кербезге арнап шығарылған күйі. Динаның абысыны Кербез шынында да сұлу, өткір, ашық адам болғандықтан туысқандар арасында беделді болады. Дина өмірінің ауыр кезеңінде де күй шығаруға уақыт табады. “Кербез” күйі қазақ қыздарының қайғылы өмірін, ауыр жағдайын əсерлеп көрсеткен.

Г. Аружан:

«Бұлбұл» күйін Дина: “Мен бұлбұлдың үні сияқты дыбыстар мен түрлі дыбыс əуендерін шығарып, домбыраны табиғаттың сүйіктісі – бұлбұл құстай сайрату үшін шығардым”, – деген екен. Күйде құстың сайрауы асқан шеберлікпен суреттелген. Күй қуаныш сезіміне бөлейтін жүрек елжіретерлік, терең эмоциялы мазмұнға толы. Табиғаттың образы – бұлбұлдың əні мен сайрауы көркемдікті молықтыра түседі.

Ғ.Аружан:

“Керілме” – Дина жаздың аптап ыстық лебінен соң кешкі қоңыр салқында жаны рахат тапқан демалыс сəтін музыка тілімен суреттей білген. “Керілме” - кербезденіп, аспай-саспай, анық ойналатын ырғақты əуендік ерекшелігі басым күй.

-Балалар сонымен Дина күйлерін қандай аспапта ойнаған?

Осы домбыра аспабының шығу тарихымен таныстыра кетейін:

Баяғы бір заманда қазақ жеріне тұтқиылдан келіп жау шабады. Сол кезде елім деп еңіреп туған қазақтың жігіттері туған жерлерін қорғау үшін жаумен шайқасады. Олардың ішінде кең иықты ұзын бойлы батыр бірден көзге түседі.Ол аянбай жаулармен айқасып жауларын қырып салады өзі де әбден қалжырайды.

Ұзақ жол жүріп әбден қалжырап,қарны ашып келе жатқан батыр, жолшыбай ағаштың көлеңкесіне демалуға аялдайды.

Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң, талдан бір жуандау бұтағын кесіп алып, ойып аспап жасайды. Оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып тартып көреді.

Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді.Кенет ол бір дыбыстан оянып кетеді. Тыңдап қарасы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дыбыс екен. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Сол кезде батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,— деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында, жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайтын болған. Сөйтіп,домбыра деген аспабымыз осылай пайда болды деген де аңыз бар.hello_html_6ce6e201.gif

-Сендерге аңыз ұнады ма? Қазір біз домбыра аспабының құрылысын есімізге түсірейік. Домбырадан кім көрсетеді шайтан тиек қай жерде тұрады екен?

-Бас, құлақ, шайтантиек, мойын, перне, шанақ, қақпақ, тиек, түйме, астыңғы ішек, үстіңгі ішек.


 


 

Қазақ халқы үшін домбыраның орны ерекше.Ен даладағы қазақтың қай-қайсысыда домбыраның үніне жан-тәнімен беріліп,оны өзінің бүкіл асыл ойының қазынасындай сезінеді.Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы,қасиетті аспабы-домбыра .Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың ақыл ойы көңіл күйі жатыр.Ата-бабамыз басынан кешірген не бір қилы заманда осы ұлы домбыра сазы арқылы жеткізе білді.

 

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

 

Би: «Домбыра»
 

-Осымен бүгінгі біздің : «Күй анасы – Дина Нұрпейісова» атты ашық тірбие сағатымыз аяқталды.

Просмотров: 649


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст