Қазақстан
Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің
іс-шаралары туралы мәлімет
Кен негізгі мектебінде Тілдер мерекесіне байланысты біраз
іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар
белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Тіліміздің қанатын кеңге жаюға басқа ұлт
өкілдерінің балалары да өз үлестерін қосты. Тәрбие ісінің меңгерушісі Какенова С.С. тіл мерекесіне арналған онкүндіктің
жоспарымен таныстыру мақсатында лездеме
өткізіп, онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Қыркүйек айының 5 -нен бастап жоғары сыныптар арасында онкүндіктің жоспары құрылды.
5 қыркүйек күні «Мемлекеттік қызметшілер арасында
лингвистикалық брейнринг» тақырыбына
кітапханашы Алясхарова. 6-10 қыркүйек күндері «Бала тілі - бал» , «Мың бір мақал, жүз бір
жұмбақ» атты мәнерлеп оқу сайысын бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен
өтті. «Жаңа әліпби- жаңа дәуірдің жаңа тарихы», «Латын графикасына көшу»- заман
талабы» түсіндіру шарасы өткізілді. 11 – қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі Нұрсұлтан Д.Қ ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық
мерейтойына орай «Алты алаштың ақиық ақыны Мағжан» атты еске алу кеші
өткізілді.
Бұл кеште оқушылар Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін нақышына
келтіріп, мәнерлеп оқыды. Қыркүйек айының 12 күні Ақын Қопабайұлы Қарсақтың
естелік кеші ретінде дөңгелек үстел
тарих пәнінің мұғалімі Тасмағанбетова Ж.С ұйымдастыруымен өткізілді. Дөңгелек үстелде Далабай ауылының
тумасы Қарсақбай ақынның өлеңдері мен өмірбаяны жайлы айтылды, мұражайымен
танысу болды. 13 – қыркүйек күні «Үш тұғырлы тіл саясаты – жастардың болашағы
мен мүмкіндігі» атты полиглот сайысы 5-9 сыныптар аралығында сыныптан тыс іс –
шаралар ағылшын пәнінің мұғалімі Мусаева Г.М. ұйымдастыруымен өтілді. «Міржақып
Дулатұлы өмірі мен шығармашылығы» атты викториналық сұрақтарды орыс тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі Нурмуханбетова Г.О. өткізді. 17- қыркүйек күні «Қазақстандық біртектілік
пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы – мемлекеттік тіл» атты 8-9 сыныптар аралығында математика пәнінің
мұғалімі Алимгазина А.Б. ұйымдастыруымен іс- шара өткізілді. Музыка пәнінің
мұғалімі Оразқызы Қ. ұйымдастырумен «Ән - халықтың ажары» атты қазақша
караоке өтті.
Онкүндіктің қорытындысы ретінде барлық сыныптар арасында «Бір
шаңырақ астында» атты қорытынды концерт, тәрбие ісінің орынбасары Какенова
С.С. ұйымдастыруымен өткізілді. Осындай
іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра ретінде
сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына
дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттырамыз.