Кен негізгі
мектебіндегі жазғы сауықтыру лагеріне алғысымыз шексіз!
Жаз мезгілі
үлкеннің де, кішінің де асыға күтетін мезгілі.Қаладан ауылға келіп дем алып,
таза ауада рахаттана дем алғанға не жетсін!Биылғы жылы мектебіміздегі жазғы
сауықтыру лагерін асыға күткенбіз.Немерелеріміз
лагердің «Балдәурен» атты 3 ауысымына қатысты.Біз ата-аналар ашылу
салтанатына бардық. Лагердің безендірілуі өте тартымды ,ауыз толтырып
айтарлықтай болды.Бірінші күннен-ақ, тәрбиешілер балаларға лагердің әнін,
ұранын үйретті.Лагердің тәрбиешілері Кен негізгі мектебінде көптен еңбек етіп
келе жатқан тәжірибелі ұстаздар Капашова Б.Б және Аужанова Ж.С. Біз ата-аналар
балаларымыздың осындай тәжірибелі ұстаздардың ауысымына барғандарына дән риза
болдық.Балаларымыз таңертеңгілік жаттығулар жасап, жаңа өлең-жырлар үйреніп,
жаңылтпаштар жаттап,ертегілер оқып, ойындар ойнап, екі тілде сөйлеп келгеніне қуанып қайтып
жүрді.Балаларымыз топ серуенге шықты.Табиғат аясында қос тәрбиеші кәуап қуырып, балаларды мәз-мейрам етті.Табиғат
аясында серуендеп, гүл терді. Осы ұйымдастырылған іс-шаралар үлкенді де, баланы
да қуантары сөзсіз.
Келесі оқу жылында осындай ұстаздардан жас мамандар үлгі алып,
балалардың лагерге деген қызығушылығын одан әрі дамытса екен деген тілегіміз
бар.Жанармен Ботагөз апайымызға алғысымыз шексіз!Еңбектеріне жеміс тілеп,
рахметімізді айтамыз!
Кен ауылы
Ата-аналар
қауымы