«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кен негізгі мектебі жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңының жұмысының қорытынды есебі

24.08.2018

Кен негізгі мектебі жанындағы

«Айгөлек» сауықтыру алаңының жұмысының қорытынды

есебі

   Оқу

жылы аяқталғаннан кейін , мектебімізде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру

ісі қолға алынды.4 маусым – 19  маусым

аралығында Кен негізгі мектебінде «Айгөлек» балаларды сауықтыру алаңының I

мезгілдік жұмысы басталды. 

   Жадыраған жаз айының алғашқы күні әлемдегі

көптеген елдердің балалары үшін үлкен қуаныш, зор мереке. 

Бұл күн– балаларды қорғаудың Халықаралық күні. Балаларды шаттыққа бөлейтін бұл

мерекенің біздің мектеп үшін де алатын орны ерекше. «Айгөлек» балаларды

сауықтыру алаңының I маусымдық жұмысы 1 маусым дүниежүзілік балаларды қорғау

күні мерекесінен басталды. Жазғы сауықтыру лагеріндегі балалардың әрбір күндері

қызыққа толы өтеді. Мектеп жанындағы «Айгөлек» сауықтыру лагерінің бірінші күні

«Бақытты балалық шақ»  атты мерекелік

концертпен ашылды.1 маусым күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс-шаралар

ұйымдастырылып,лагерьдің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп,

«Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған әндер шырқалып,би

билеп, көңілді ойындар өткізілді. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар

таратылды. Мерекеге орай ойын-сауықтар ұйымдастырылып, асфальтта әртүрлі

суреттер салды.

    Сауықтыру лагерінің екінші күні

«Ертегілер елінде» болып белгіленді. Бұл күні әртүрлі іс-шаралар

өткізілді. Бұл күні балалар лагерьдің ашылу салтанатына қатысып,

қауіпсіздік ережесімен танысты.

   Үшінші күні -  көңілді ойындарға арналды. Бұл күні балаларға

  қазақтың ұлттық ойындарын таныстырып, сайыстар

ұйымдастырылды.

Әр күн осылайша жалғасын тауып жатты. Тәрбиеші бастауыш

сынып мұғалімі – Балтамуратов Архат Жумагалиевич  пен  Досмуханова

Жанар Талгатовна  болды. Тиісті жоспар

бойынша демалушыларға арналған әр түрлі мәдени – тәрбиелік іс – шаралар

ұйымдастырылды. Атап кететін болсақ:Ертегілер еліне саяхат,Рәміздер-тәуелсіздік

белгісі,Жұмбақтар еліне саяхат, Су шашатын күн,Көңілді жарыстар,Мен өскенде кім

болам? Денсаулық күні, Бантиктер күні, Саяхатқа шығу т.б. Әр бір іс-шараларға

балалар белсенді қатысты. Балалар өз өнерлерін көрсетті. Тәрбиеші әр күнді

қызықты да тартымды өткізіп, ерекше атап өтуге тырысты. Әр күні сайыстар

соңында балаларға сыйлықтар беріліп отырды.

Просмотров: 708


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст