«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош бол, бастауышым!

26.05.2026

«Қош бол, бастауышым»
Мақсаты:

Білімнің  сара  жолы  бастауыштан  басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып  қаланатынына  көз  жеткізу;
2. Бастауыш  сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында  дәріс  беретін  ұстаздармен  таныстыру, әр баланың ерекшелігін  таныта  отырып, сәт-сапар тілеу;
3.Білім берер  ордасы- мектепті, ұстаздарын  құрметтеп, білімге деген құштарлығын  арттыру. Өз Отанынының  адал  ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: шарлар, білім кілті, фотомонтаж, слайдтар, видео-ролик, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
Видеоролик  «Шуақты 4 жыл …»

Мұғалім:

Бүгін, міне, жақсы  күн  жарқыраған,
Көңілдер  қуаныштан   сарқыраған.
Қоштасатын  күн  келді  бастауышпен,
Қиындау  болып  тұр-ау бүгін  маған.

Кеше ғана  алдыма  келгенеді,
Именіп  ұлы  ұяға   енгенеді.
4 жыл  бойы  сусындап  білімменен,
Ұшатын  қанат  қағып  келді  кезі.

    Құрметті  ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!

Бүгінгі  күн  осында  отырған  бәріміз  үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері  лүпілдеп  мектеп табалдырығын  қуана аттаған ұл-қыздарымыз  ақыл  ойлары  толысып, оң мен сол ынтанып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген  шәкірттеріміз , енді  міне, қанат  тарықатайып, білімнің  негізі болатын бастауыш сыныппен қоштасқалы  отыр.

Олай  болса 4-сыныптың «Қош бол, бастауыш»  атты  мерекелік салтанатына қош келдіңіздер!

Бесіктегі  баланың,
Күлгенін көрген — бір мұрат.
Алдына   түсіп  ананың,
Жүргенін көрген — бірмұрат –
 дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға  шақырайық!    (Оқушылар ортаға  шығады)

Толқимыз,   толқып   тұрсыз  баршаңыз да,
Мұндай   күй  болған, сірә, қаншаңызда.
Қол  соғып, қошеметтеп    отырайық,
4-сынып оқушылары    ортамызда!

«Қазақша диско» минус – оқушылардың шығуы

Мұғалім:
Армандасаң да , қиялдасаң  да балалық  шағың  көз  алдыңа  келеді. Өйткені, биік асуға  беттеген  аяулы  ғұмыр, ғажайып  өмір  осынау бал күлкілі  балалық  шақтан  басталады. Міне , бүгін  біздің бүлдіршіндер өміріне  өшпесіз  қалдырған  бастауыш  сыныбымен  қоштасып,  бір   жылға  тағы да есейгелі  отыр. Ендеше  қызықты да, ғаламат  өзгерістер  сыйлаған,   білім   нәрімен  сусындатқан,  өмірде  өз  жолдарын  табуға  жол  сілтеген  ұстаздарына, ата-аналарына  өз  өнерлерін  көрсетуге  дайын.

1 — жүргізуші:  Сабина

Армысыздар,   ардақты ата-аналар,   ұстаздар, қадірлі  қонақтар, оқушылар!  Бүгін  біз  бастауышпен  қоштасып,балаңыз  үлкен  өмірге  аттанғалы  отыр.
Көз  салып  қараңызшы  балаңыздың бойына,
Ортақ  боп   бүгін   өскен   ойына.
Қош  келіпсіз  ұстаздар, ата-аналар!
Бастауышпен  қоштасу  тойымызға.

2 — жүргізуші: Арайлым

Армысың сен, алтын ұя  мектебім,
Саған  айтар  жыр-алғысым  көп  менің.
Жүректерге  жаққан  білім  шырағын,
Мектебіме  арналады  бүгін   әніміз!

 

Ән «Мектебім»                    - бел асу

 

1 — жүргізуші:  Сабина

Құрметті,   Гулшат Аманжоловна, қош  келдіңіз,
Өзіңізді  мақтан  етіп  жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған  жүрегіңіз,
Сөз  береміз  құрметпен  өзіңізге,
Түлектерге  арналсын тілегіңіз.

Мектеп  директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының құттықтау  сөзі

2 — жүргізуші: Арайлым

Бүгінгі «Қош бол, бастауыш»  ертеңгілігіне    қош  келіпсіздер. Әр  жанұяға  береке, бірлік, табыс  тілей  отырып  тойымызды  бастауға  рұқсат   етіңіздер. 

 

Мектеп әні  үзіліс  көрініс

 

1 — оқушы: Айару

Мектeп  деген –  білім  кені  жыр  кені,
Мектеп  деген –  ғылымның  ең  үлкені.
Мeктеп  деген –  тәрбиеші  адамға,
Мектeп  деген –  даналардың  мекені.

2 — оқушы:  Чинара

Мектебім білім  берер алтын ұям,
Бой жетіп  сенде  сөзім  артты санам.
Баулыған 4 жыл  бойы  ата-анамдай
Әрқашан  қасиетті  атың маған.
Арада  өтсе дағы  дүркіреп  жыл,
Әр  күні  балалықтай  бір  жүрек  бұл,
Өзіңе  борыштармын  өмір  бойы,
Есейген  шәкіртіңнің  серті  деп  біл.

3-оқушы: Аймира

Ұлылықты  ардақ  тұтар  үнемі,
Алтын ұя, ақ  босаға  киелі,
Қанат  қаққан  білім  алып  өзіңнен,
Күллі  шәкірт  саған  басын  иеді.

4-оқушы:  Мейрамбек

Мектебім, алтын ұям, нұрың  жарық,
Жайнаттың  үмітімнің  гүлін  жарып.
Сүйкімді  сенің  күміс  қоңырауың,
Тұрады  құлағымда  сыңғыр  қағып.

5-оқушы:  Дина

Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам,
Сенен  өсіп, сенен ғана  нәр  алам.
Саяң  ыстық, сен мәуелі  бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа  тараған.

6-оқушы: Амир

Алтын  ұя  мектебім  аялаған,
Бар балаға  білім  беріп, сая болған,
Үлкен  жолға   түсіріп  шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған.

 

Бәрі:  Мың  алғыс  алтын ұям мектебім, ұстаздарым!

 

Ән «Бастауыш мектебім» 4 жыл

 

1-жүргізуші:   Сабина

 Балалардың  ұстазға  арнаған   ән-жырларын   айтпас  бұрын, ұстаз  туралы не айтар  екен оқушылар?
2-жүргізуші: Арайлым

Әр  шәкіртін  өз  баласынан кем көрмей  оқуға, жазуға  үйреткен  мұғалім  еңбегі  шексіз  ғой.  «Мұғалім — мектептің  жүрегі» — деп  Ыбырай  атамыз  бекер  айтпаған.

1-жүргізуші:   Сабина

    Ия,  «Ұстаздық  еткен  жалықпас, үйретуден  балаға», — деп Абай атамыз  айтқандай, алғаш  қолымызға  қалам  ұстатып, 42 әріпті  танытқан , оңымыз бен солымызды  айырып, білім  нәрімен  сусындатқан, мектептегі  анамыз – ұстаз  екені  бәрімізге  мәлім.

2-жүргізуші: Арайлым

 Дұрыс  айтасың, Сабина, ғылыми  есі  ғалым да, ел қорғаған   батыр да, тілінен бал тамған  ақын да, көкті шарлаған  ғарышкер де, бәрі — бәрі  ұстаздан  білім мен тәрбие  алған.
1-жүргізуші:   Сабина

 Иә, бұл  туралы  Бауыржан   атамыз: «Болашақтың  басшысын да,   данасын да, ғалымын да, еңбекқор  егіншісін де, кеншісін де  — ұстаз  өсіреді»  деген екен.

2-жүргізуші: Арайлым

Олай  болса   келесі  жырымызды   қолымызға  қалам   ұстатып, білім  нәрімен  сусындатқан, мектептегі  анамыз –  ұстазымызға  арнаймыз!

1-оқушы:  Чинара

Маған  ұстаз  үйретті,
Әліппесін  өмірдің.
Жан  жүйемді  билетті,
Күйі  шалқып  көңілдің.
Қиялымды   кездірді,
Таптым  ойдың  тұрағын,
Маған  ұстаз   сездірді,
Алдағы  өмір   шырағын.

2-оқушы: Айару

Басса  бұрыс, жол  сілтеп, қате  дейсіз,
Әр  балаға  сіз  ана-әкедейсіз.
Болашақтың  көктеген  жас  шыбығын,
Бағбанындай  аялап,   мәпелейсіз.

3-оқушы: Аймира

Көңілін  бар   шәкірттің  таба  алатын,
Кеуделерге  намыс  отын  жаға  алатын.
Өзіңіздей  болса,   шіркін, барлық  ұстаз,
Жез  таңдай, күміс  көмей, сөзі алтын.

4-оқушы: Амир

Есімде  ерен  ұстазым,
Шашымнан сипап  өткенің.
Аянбай  бізге  қыс-жазы,
Молынан  мейір  төккенің.

5-оқушы: Дина

Алғашқы  ұстаз,  ерекше  тұлға дара шың,
Ұмытылмастай  көңілде  мәңгі  қалатын.
Сағына  әр  кез  суреттерді  парақтап.
Шәкірттерін  жиі  еске  алатын.

6- оқушы:  Мейрамбек

Жаралған  жақсы  үміт пен мұраттардан ,
Жансыз  ғой  әлдилеген  шуақты  арман.
Жатталады  жан  жүректе  есіміңіз,
Анамның  аяулы   үні  сияқтанған.

7- оқушы: Чинара

Шәкірттер  сіздерді  айтып  мақтанады,
Бейнеңіз  жүректерде  сақталады.
Біз  әлі  биіктерден   көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз  ақталады.


Бәрі:  Мың  алғыс  сізге  біз  дей  түлектерден,   

           Мың  алғыс мына  отты  жүректерден!

Ән « Ұстазыма алғыс»            дерідей

1-жүргізуші: Сабина

 Әр  ана  өз  баласын  жақсы  оқып,  елге  қалаулы  азамат  болса  екен  дейді. Халқымызда   мынадай   бір  нақыл  сөз бар: «Анаңды  Меккеге үш  рет  арқалап  барсаң да, борышыңды  өтей   алмайсың» деген. Алайда  ардақты  анамыздың  ақ сүтін ақтай  білгенге не жетсін!

2-жүргізуші: Арайлым

Иә, дұрыс  айтасың Сабина!  Біз  болашақта  саналы да, ақылды бала болып  өссек  ананың  арманы  орындалды  деген осы емеспе?!

 1-жүргізуші:   Сабина

Дүниеге   әкелген, ол да сенің   анашың,
Ақ  сүт  беріп  өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл  алмасаң  кешірген, ол да сенің  анашың,
Мәпелеген  баласын, аман  болсын анашым!

 2-жүргізуші: Арайлым

   Кеудемнен  сезімселі  ақтарылсын,
Болар  мын   күні  ертең-ақ  мақтанышың.
Білім  алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің  сеніміңді  ақтау үшін!

 

Хормен:    Ата-ана  сізге  мың  алғыс!

 

Ән «Анашым»

 

Ата-аналарға  видео жолдау оқушылардан

 

1-жүргізуші: Сабина

Иә, осыдан 4 жыл  бұрын , сендер  6 жастағы бүлдіршін  едіндер,  сөмкелерінді зорға көтеріп, мектеп  табалдырығын  жасқана  аттағансындар.
2-жүргізуші: Арайлым

Енді міне,  сауатыңызды  ашып, білім  негізін  қалаған  бастауыш  сыныппен  қоштасып, орта  буын  қатарына  қосылғалы  тұрсындар.
1-жүргізуші: Сабина

 Иә, міне, сағымдай  боп  өте  шыққан  4 жыл  ішінде сендердің    ұстаз-анаңыз  сауатты, тәрбиелі, өнегелі  азамат  етіп  шығарды.
2-жүргізуші: Арайлым

 Ендеше, бастауыш  сыныбымыз  туралы   неге  айтпасқа!

 1-оқушы:  Айару

Бастауышым – бал бұлағым,
Лаулап  жанған  шам-шырағым.
Өзің  берген  білімің  мен,
Самғап  ұшар тау қыраның.

2-оқушы: Аймира

Бастауышым- бал бұлағым,
Алдым  сенен  балдың  дәмін.
Әріп  танып, білім  алып
Рахметімді  жаудырамын.

3- оқушы:  Чинара

Бірдей  біздің  ойымыз да, сырымыз,
Бір  мектептің  ұлы  менен  қызымыз.
Бірдей  өстік  оқуда   да, еңбекте,
Күліп-ойнап  біріміз  бен   біріміз.

4— оқушы: Дина

Әр  үйдің  ерке  өскен  тентегі  едік,
Ақылға  келе   алмадық  ерте  көніп.
Бойымыз  бірте-бірте  үйренісіп.
Мектептің  ережесін  үйрендік  кеп.

5-оқушы: Мейрамбек

Бастауышта  шырқалмаған  жыр бар ма?
Бастауыштa  айтылмаған сыр бар ма?
Бастaуышта  алған  білім, жырларым,
Азық  болар , әлі  талай  жылдарға.

6-оқушы:  Амир

Өтті  сенде  қызықшағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар  күн  жетті, міне,
Қимастық  пен  қол  бұлғаймын.

Видео жолдау оқушылардан

Флэшмоб

 

2-жүргізуші: Арайлым

Жетекші  боп  жүрдіңіз  түлектерге,
Біздерді  ойлап  көңіліңіз  жүдеді де.
Шәкірттер  тыңдаңыздар  ұстаз  сөзін,
Сіздерге  арнапайтатын   тілегін де — дей отырып  сөз  кезегін  ұстазымызға  береміз!

 

Мұғалім:

Жақсы  шәкірт  азамат  атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына  айтсын  деп  ақ  тілегін,
Ортаға  шақырайық  ата-ананы.

 

Ата-аналардың  құттықтау  сөзі

 

Ал ата-аналарға  айтарым:

Қырандарыңыздың  білім  қанат  тарыталмасын.
Тек биікке  самғасын!

Ал түлектерге  айтарым:

Алдарыңда  ұзақ  жолың бар,
Оқу мен  өсіп   толыңдар.
Қиындыққа  мойымай,
Аман-есен  болыңдар!

 

Ақ  жол  тілеп  түлектерді  шығарып  салады

 Ән: «Қимай  тұрмын   бастауышты» 

 

1-жүргізуші:Жақсы шәкірт азамат атанады, Халқынан, ата-анадан бата алады. Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін, Ортаға шақырайық ата-ананы.Ата-аналар атынан сөз кезегі беріледі.

1-жүргізуші: Осымен «Қош бол бастауышым » атты ертеңгіліміз  аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

 2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі той тағы да қайырлы, құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 580


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст