21.04.2026
Тақырыбы: Зиянды заттар зардабы,зиянды әдеттерден сақтан!
Мақсаты:
1. Оқушыларға зиянды әдеттерден сақтану жолдарын, оның денсаулыққа зияндылығын түсіндіру.
2. Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікірін айтуға, дәлелдеуге дағдыландыру.
3. Оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, зиянды заттардан аулақ болуға, адамгершілікке, сақтыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдік, темекі шегу, нашақорлық, ауруларының адамға, қоғамға тигізетін кері әсерлерін түсіндіру;
Көрнекілік: Буклеттер, плакаттар,күй, сынып оқушылардың шығрмашылық жұмыстары.
Тәрбие сағатының өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
А) сынып оқушылармен амандасу;
ә
) сыныпты үш топқа бөлу ( оқушылар алдымен көздерін жұмады, күй ойнап тұрады сол каезде әр оқушының беттеріне 0 фигуралары жапсырылады, сәлден соң оқушылар көздерін ашып, қасындағы көршілерінде қандай фигура тұрғанын ыммен түсіндіріп береді.
ІІ. Дайындық кезеңі:
А
) сынып оқушыларын фигуралар бойынша топтарға бөліп отырғызу.
І
қатар 0 қызыл ІІ қатар көк ІІІ қатар сары
Ә) бүгінгі өтілетін тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты, тәрбие сағатының өту барысымен таныстыру.
ІІІ. Кіріспе сөзі.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс»деп атап көрсеткен. Сол бағдарламаға орай бүгінгі сыныбымызда сайыс түрінде өтетін ашық тәрбие сағатымыздың басты мақсаты – зиянды әдеттерден сақтану. Бұл аталған зиянды әдеттер болашақ жас ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.
ІҮ. Сайыс шарттарымен таныстыру.
(Зиянды әдеттер тақырыбына сұрақ-жауап)
Басталу рәсімі:
Өтіп жатыр өмір шіркін құбылып,
Кейбіреулер тойынғаннан құтырып.
Кейбіреулер темекі мен арақтан
Балта шапты өміріне мәңгі қиып,- дей келе бірінші сайсымызды бастайық.
І. Таныстыру.
1топ: «Шылымқорлық»
Ұраны: «Темекіні тартқаның, өміріңді құртқаның»
2-топ: «Ішімдік»
Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір»
3-топ: «Нашақорлық»
Ұраны: «Есірткеге жолама, жетелейді молаға»
ІІ. «Артық болмас, білгенің» сайысы
Есірткінің шығу тарихы. Есірткіні ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанда өте ерте заманнан –ақ қолданылған. Есірткіні алғаш үндістер және латын америкалықтар пайдаланды. Есірткі қарасора, мак, кокаин мен мақтан, апиын, героин, лаудаум, марихуана өсімдік шөптерінен жасалады. Кокаин өсімдігінің жапырағын шайнап, сөлін жұту арқылы уақытша көңіл-күйлері көтерілген. Нашақорлық - өлімге апаратын тура жол. Есірткі –бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінезі-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат.
Зиянды заттардың бірі –ішімдік. «Мас болу- өз ықтиярыңмен есуастануы» деген екен атақты Аристотель. Маскүнемдік - шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт.
Темекіні Еуропа мен Азияға ХҮ ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген.Бұл өсімдік тұқымын испан монахы Роман Пано әкелді. Индейцтер –темекі тұқымын «кохоба» түтінін «табако» деп атаған.
ІІІ. «Мақал-мәтел сөз мәйегі» сайысы. Мақал-мәтелдер жарысы.
1топ: Шылым
2-топ: Ішімдік
-Арақ алдымен күлдіреді, күлдіріп отырып бүлдіреді.
- Арақ ішегіңді шірітеді, бауырыңды ірітеді.
- Ақыл тасты жарады, арақ басты жарады.
- Арақ естен айыртар.
- Мастықтың түбі- мазақ, мазақтың түбі – азап.
- Арақ ішкен азар, шылым шеккен тозар.
3-топ: Нашақорлық
- Нашақорлық ауру, түбі-ажал.
- Нашақорлық - өлімге апартын тура жол.
- Нашақорлық - жазылмайтын дерт.
- Нашақорлық –ол есірткі басқаратын робот.
ІҮ. «Танымдықпен, білгірлікпен жауаптарың тыңдалсын» сайысы
1-топ: «Шылым»
1. Темекі құрамындағы улы зат (никотин)
2. Шылымның зияны тиетін мүше (өкпе)
3. Темекі өнімдерін сатуға қай жастан бастап тыйым салынған(18жас)
4. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?
(отбасындағы адамның, өзіне үлгі тұтатын досының темекі шегуі,, атақты жарнамалардан әсер етеді)
5. Темекі шегетін адам қандай ауруға жиі шалдығады? (өкпе қабынуы)
2-топ: «Ішімдік»
1. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (арақ-ішімдік)
2. Ішімдік ішкен адам қандай ауруға шалдығады? (гастрит)
3.Ішімдік құрамында кездесетін улы зат. (Спирт)
4. Салауатты сөзінің негізгі мағынасы не?( парасатты, байсалды, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)
5.Адам шамадан тыс ішімдік ішкенде.......... не істейді? (есінен айырылады)
3-топ: «Нашақорлық»
1.Есірткінің ең көп тараған түрі?
(ең көп тараған –героин, анаша, какоин, апиын)
2. Есірткі неліктен қорқынышты?
(ауырғанна кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ)
3. Нашақорлық есірткіге ақшаны қандай жолмен табады? (өтірік айту, ұрлықпен айналысу, кісі өлтіру)
4.Есірткі көп тараған елді-мекендерді ата.(Теміртау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, жамбыл, Алматы, Өскемен, Талдықорған т.б.)
5. Есірткі жасайтын шөптесін өсімдіктерді ата.
(қарасора, мак, кокаин, мактан, апиын, героин, марихуана, гашиш,)
Ү. Салыстыру «Жаман-жақсы» ойыны
Жақсы
Жаман
Тазалық сақтау
Ағзаны шынықтыру
Спортпен шұғылдану
Емнің алды-еңбек
Шынықсаң-шымыр боласың
Салауатты өмір салтын сақтау
Дұрыс тамақтану
Темекі- жау
Ауруын жасырған өледі.
Арақ-атадан қалған ас емес.
Есірткі-улы зат
Арақ адамды тоздырады.
Өтірік пен жалқаулықтан аулақ бол.
Ішімдік- мастықпен жасалған жаттығу.
ҮІ. «Топтастыру»әдісі.
1-топ: «Шылым»
өмірге мағынасыз отбасымен
қарайды қарым-қатынасы
бұзылады.
денсаулықты бұзады. өмірді қысқартады
Зиянды заттардың қауіптілігі
өзіне сенімділігі қылмысқа апарады.
жойлады.
Ұрпаққа әсер ашуланшақ, ұмытшақ
етеді ұрыншақ болады
2-топ: «Ішімдік»
Батыл Шымыр өзі-өзіне сенімді

Жігерлі өмірі ұзақ
Салауатты өмір салты
болады
толық отбасы
Туған-туысына
Сыйлы адамгершілігі мол
Дені сау дұрыс тамақтану
3-топ: «Денсаулық» сөзіне тігінен әр дыбысқа мақал құру.
Д- Дәрі шөптен, ақыл көптен
Е- Емнің алды-еңбек
Н-Негізгі байлық-денсаулық
С-Саулық -байлық негіз
А-Ас –адамның арқауы.
У- У-ды ішсең өлерсің.
Л- Ластын досы-шыбын
Ы-Ыдысы тазаның ырысы таза.
Қ- Қотыр қолдан жұғады.
ҮІІ. «Уланбасың өмірің» ,- деп балалар бүгінгі ашық сабағымыздағы зиянды әдеттердің ішіндегі ең көп тараған зат қай зат? (Темекі)
-Балалар, сендердің ойларын бойынша темекі пайдалы ма, әлде зиянды ма?
Ендеше, мен сендерге бір есте қалатындай тәжірибе жұмысы арқылы зиянды заттардан қалай сақтану керек екендігі бойынша тәжірибе көрсетейін. Мына тәжірибе арқылы ойланып көріңдерші, темекі пайдалы ма, әлде зиянды ма екенін көріп, өз
ойларынды ортаға салыңдар.
Жүргізуші:
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын, — дей отырып,
жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттерге байланысты бейнетаспаны көрейік
Бейнетаспа «Зиянды заттар зардабы»
Жүргізуші: Сіздер ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың адамның жеке басыңа, денсаулығына зияны бар екенін барлығыңызда білесіздер. Олай болса мына көрініске назар аударайық.(көрініс)
Сахналау.
Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында сахналық қойылым. (Жергілікті ақын, дәрігер Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс)
Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінген болар деп ойлаймын.
-Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен.Арақ, темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулақ ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға серік етіңіздер!
Уақытыңызды бос әуреге жұмсамай, өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан… «Кеш қалмаңыз».
Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.
Сау болыңыздар.