«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Наурыз келді еліме" сынып сағаты

13.03.2026

Сабақтың тақырыбы: Наурыз келді еліме!

Мақсаттары: Оқушыларға Наурыз жыл басы, Ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа Беріліп келе жатқан салт-дәстүр, ұлттық Тәрбие туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті т. б. Барысы: а) Ұйымдастыру ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.

Мұғалім 1: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес кел Наурыз кезінде наурыз - көже дайындалады. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Ұлыс береке берсін, Пәле - жәле жерге енсін. Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Құттықтау сөзді мектем директоры У.А. Исинаға беріледі.

Мұғалім 2: «Ұлыстың ұлы күнінде» «Оң болсын, - деп, - ұлысың!» Төс түйісіп көрісер. Көжедегі ырысын Көпшілікпен бөлісер. Төс түйісу дегені - Тату болсын ел іші. Бөліп ішу көжені - Тоқшылықтың белгісі.

Мұғалім 1:

Құтты болсын Наурыз той! Құлпырып тұр қыр мен ой. Күн мен түні теңелді, Жер шуаққа кенелді.

 

Мұғалім 2: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

Мұғалім 1: Ортада 4 «К» сынып оқушылары бүгінгі мерекеге арналған өлең шумақтарын оқиды. 1 - оқушы: Асел Наурыз тойын тойлайық

Тойлайық та ойнайық

Сандуғаштай сайрайық

Қызғалдақтай жайнайық

Наурыз келді,Жыл келді

Дала жайнап,гүлденді

Көңілдерге қуаныш

Жүректерге Нұр берді.

 

2 - оқушы: Нурсултан Наурыз тойы-бақыт басы,жыл басы

Наурыз тойы-ата дәстүр жалғасы Ұлыс күні ұлы тойға кеңелсін.

Қасиетті қазағымның ордасы.

3 - оқушы: Айдана Оятты шың мен асқарды.

Ерітіп мұз бен ақ қарды

Нұрландырған даланы

Наурыз көктем басталды.

4 - оқушы: Ерлан Наурызым міне келді жайраңдаған,

Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған

Мол дастархан ақ ниет ырыс толған

Көктемнің бұл күніне қайран қалам.

5 - оқушы: Жанель Қиыры жоқ менің байтақ далама

Әсем,көркем ауылыма,қалама

Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді.

Сырлы әніне құлақ түрмей бола ма?

 

6-оқушы: Ақмади

Әнім де саған,биім де

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде,наурыз,күлімде!

 

7-оқушы: Досымжан

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханыма елімнің

Береке ырыс сыйлашы.

 

Мұғалім 2: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке, Құтты болсын қуанышың Ару көктем, Шақыратын бәрімізді бірлікке. Көктем ару. Армысыздар халайық, Бармысыңдар халайық, Наурыз тойын жұп жазбай, Жылда қарсы алайық. Өшкен шырақ жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таңы, Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын. (Ән. «Көктем келді»)

Мұғалім 1:

Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойналады. Соларға тоқтала кетейік. (слайд)

Балалар ұлттық ойындармен таныстық. Соның ішіндегі арқан тартысты көрсетіп жіберсек қалай қарайсыңдар? (балалар ортаға шығып, 2 топқа бөлінеді).

 

Мұғалім 2: Жарайсыңдар, балалар!!! Енді шығармашылық тапсырмаға кезек берейік. Бұл тапсырмада мен сұрақтар қоямын, сендер жауабын айтып, сөзжұмбақты толтыруымыз қажет. Ортадағы жасырын сөзді табуымыз керек.

Сұрақтар:

1. Ас атасы – не?

2. Кішкентай бала жүре бастағанда тұсауын қандай жіппен кеседі?

3. Киіз үйдің бір бөлігі?

4. Сүттен жасалатын тағам?

5. «Алшы», «бүк», «шік» ұғымдары қай ойын түріне тән?

6. Жылқының сүтінен дайындалатын сусын?

 

Мұғалім 1:

Сәнді көктем – Наурыз, Наурыз тойы – жырымыз. Құтты болсын Наурыз той!

 

Мұғалім 2:

НАУРЫЗ БЕЛГІЛЕРІ Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді, сатпайды. «Наурыз төл» деп атайды. Наурыз күні ұшып келетін көктем құсы – «Наурыз көк».

«Наурыз шешек» - өте бағалы өсімдік. «Қызыл кітапқа» енген. Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп қуанған. «Наурызша» - деп атаған. Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі «Наурыз тілек.» Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады. «Наурызнама»- шат шадыман ойын – сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер наурыз жырлары айтылады. «Наурыз бата.» - Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі - осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.

 

Мұғалім 1:

Наурыз мерекесінде дастарханымызға әр түрлі ұлттық тағамдар қойылады. (слаид)

 

Мұғалім 2:

Тойла бүгін тауларым мен боз далам

Тойла бүгін қарттарым мен боз балам.

Қайта оралған намысымдай наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің еліме.

Ортаға Айдана мен Аселді шақырамыз. «Қамажай» биі, қабыл алыңыздар!

Мұғалім 1: Ортамызды ашайық. Ән мен күйді шалқытып, Інжу - маржан шашайық! Жиналған халық таң қалсын.

Мұғалім 2:

«Мақал – сөз атасы» атты мақал – мәтел сайысына қонақтарымызды шақырамыз. 1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар) 2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай) 3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дер) 4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық) 5. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгеннің тілін алма) 6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр. (Көз қорқақ, қол батыр) 7. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас) 8. Үлкен көз, үлкен сөз бола ма? (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен) 9. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)

10. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)

Мұғалім 1: Осымен «Наурыз келді еліме» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!! Наурыздан наурызға аман-есен жете берейік. Қош сау болыңыздар!

Просмотров: 191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст