18.02.2026
|
Бөлім: |
3- бөлім: Адамгершілік - асыл қасиет |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Мажиманов Сырым Касымулы |
|
Күні: |
03.02.2026ж |
|
Сыныбы: |
5 «А» |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Менің атым Қожа. Қожаға хат |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
5.2.4.1 көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу 5.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. 5.2.1.1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу |
|
Сабақтың мақсаты: |
Шығарманың кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, шығарманы талдайды. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат немесе өлең жазады. |
|
Құндылыққа баулу |
Тәуелсіздік және Отаншылдық Бірлік және ынтымақ Әділдік және жауапкершілік Заң және әріп Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік Жасампаздық және жаңашылдық |
|
Ай атауы |
«Жасампаздық пен жаңашылдық» айы |
|
Апта дәйексөзі |
«Жасампаздық - бәрімізге өнеге» |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Жағымды психологиялық ахуал орнатамын. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек, 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек, 2 рет шапалақтаймыз! Белсенділік танытамыз десек, 3 рет шапалақтаймыз! (Ай атауы мен апта дәйексөзін сұрау)
Үй тапсырмасын сұрау. «PowerPoint»
Ұсынылатын сұрақтар: 1. «Менің атым- Қожа» повесінің алғашқы атауы? (Өзім туралы повесть) 2. Қожаға әкесі туралы айтқан қария кім? (Сәйбек) 3. «Менің атым - Қожа» повесінің авторы кім? (Б.Соқпақбаев) 4. «Менің атым – Қожа» кинофильмі қай қалада жүлдеге ие болды? (Франция) 5. Орыс тілі сабағында қай ақынның өлеңі жаттауға беріліп еді? (Пушкин) 6. Қожаның анасының есімі? (Миллат) 7. Дүкенде сөзге келіп қалатын көк көзді адам кім? ( Сабира Майқанова) 8. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салған кім? (Қожа) |
Оқушылар зейінін сабаққа аударады
Берілген сұрақтарға жауап береді . Өз ойларын қосады |
Мадақтау сөздері
Дескриптор: 2 балл -сұрақтарға жауап береді. - өз ойларын қосады |
карточкалар
|
|
Сабақтың ортасы
І. Топтық жұмыс
ІІ.Жұптық тапсырма.
ІІІ. Жеке жұмыс
|
Қызығушылықты ояту. Бейнеролик (2 мин). Топтық жұмыс. І-тап - «Сүзіп алу» әдісі: Қожаның жақсы қасиеттері мен жаман қасиеттерін сүзіп алады. ІІ-тап: «Бұл қай сәт?» . Шығармадан алынған үзінділерді толықтырып жазады. 1.Біз бір сыныпта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа....
2. Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлыған бірдеңеге ұқсар дедім...
3. Тілінің қыршаңқылығы үшін Жантасты мытып, алғым келіп, бір тұрдым да, әуелі жолдама жайын тиянақтамақшы болдым...
4. Мамам менің жалбарына созған қолымды қағып жіберді....
№2. Жұптық жұмыс. 1-жұп – «Т» кестесі әдісі. Қожа мен Жантасты салыстырып, ұқсастықтарын анықтау
2-жұп. «Екі пікір» әдісі Қожа өзгереді , себебі... Қожа өзгермейді, себебі....
Сергіту сәті: ЖИ арқылы
«Қожаға хат» Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат немесе өлең жазады. |
Бейнероликті тыңдайды.
І тап – Қожаның жақсы мен жаман қасиеттерін ажыратып жазады ІІ тап - Шығармадан алынған үзінділерді толықтырып айтады.
Қожа мен Жантасты салыстырып, ұқсастықтарын анықтайды
Қожаның өзгеріп не өзгермейтінін айтады.
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат немесе өлең жазады. |
Дескриптор: Жалпы балл-3 Шығарманың кейіпкерлеріне мінездеме береді. Шығарманың өн бойына шолу жасайды. Топпен бірлесе отырып жұмыс жасайды ҚБ.
Дескриптор: Жалпы-3 балл; КЕйіпкерлерді салыстырып, ұқсастықтарын табады Жұппен бірлесе отырып орындайды. Қожаға баға береді.
Дескриптор: Жалпы балл-2 Шығармадан алған әсерін жазады Автороға хат жазады.
|
Тақырыпқа қатысты слайд Плакаттар
|
|
Сабақтың соңы
|
Сабақты қорытындылау. «Комикс» арқылы сабақты аяқтау
Рефлексия. «SLIDO» платформасы арқылы сабаққа рефлексия жасайды Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Үй жұмысы. Мәтіннен Қожаның тәртіпсіздіктен бас тартып, адам болуға бет бұрған тұсын тауып жазу. |
Алған білімдерін саралайды.
QR код арқылы рефлексия жасайды. Сабақтан алған әсерлерін жазады.
Үй тапсырмасын орындауды күнделікке жазып алады. |
Мәтіннен Қожаның тәртіпсіздіктен бас тартып, адам болуға бет бұрған тұсын тауып жазу. |
QR код
|