«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай әлеміне саяхат» клубының 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмысы туралы есебі

20.05.2021

«Кең ауылының негізгі орта  мектебі» КММ

«Абай әлеміне саяхат» клубының

2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмысы туралы есебі

    

     «Абай даналығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында мектепте «Абай әлеміне саяхат» клубы құрылып, жоспар бойынша клуб мүшелері жұмыс жүргізіп келеді.

«Абай әлеміне саяхат» клубының  мақсаты:

      Абай мұрасын оқыту арқылы шығармашылықпен айналысатын, рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ойлармен үндестігін түсіндіру; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, мәдениетін дамыту.

«Абай әлеміне саяхат» клубының міндеттері:

  1. Ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру:
  2. Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, оны талдай білу деңгейіне жеткізу;
  3. Абай мұрасын оқып үйрене отырып, алған білім мен дағдыларын әртүрлі жағдаяттар мен сайыстарда қолдана алуға тәрбиелеу;
  4. Абай әндеріне видео-роликтер жасау.

    Ұйымдастыру шарасы.  Клубқа оқушыларды қабылдау. Жұмыс жоспарын бекіту сияқты жұмыстар қараша  айында жүргізілді.  

     Сонымен қатар Қараша айында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай өлеңдерінің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі поэзияны жоғары бағалағаны туралы мектепішілік Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу байқауы өткізілді.

      Желтоқсан айында «Абай қарасөздері және менің ойларым» атты оқушылар арасында  шығарма жазу байқауы болып өтті. Шығарма жазуда Болатов Темірлан 1-орын; Мұқыш Жанболат  2-орын; Елтай Сұңғат 3-орынға ие болып, марапатталды.   Мектеп кітапханасында кітапханашымен бірлесе отырып «Ұлылардың ұлысы -Абай» тақырыбында «Абай бұрышы» жасалды. «Абай- дана, Абай –дара қазақта» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздік. Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам жайында деректер жиналып, талқыланды. 

      Қаңтар айында «Табиғат лирикасы» атты суреттер байқауы мен «Абай – ұлтымыздың мақтанышы» атты мақалаларды газетте жариялады. Мектебіміздің кітапханашысымен ақпан айында  оқушыларға «Ұлы халықтың -  ұлы Абайы» атты көрме ұйымдастырылып, түсіндіру шаралары өткізілді. Наурыз және сәуір айларында оқушылар Абай атамыздың 175-жылдық мерейтойына өз өлеңдерін жаттап, видео арқылы челендж ұйымдастырды.  Сонымен қатар  Республикалық Триада «Жауһар» ұйымдастырумен өткен байқауға мектебіміздің 7-сынып оқушысы Мұқыш Жанболат  «Абайдың қара сөздері» атты көркем жазуға қатысып, нәтижесінде 1 – орынға ие болды. Сонымен қатар  Мұқыш Жанболат аудандық дәстүрге айналған Абай оқуына да қатысып, 1-орынға ие болып, марапатталды. Ал 9-сынып оқушысы Болатов Темірлан  Аудандық Абай оқуларында «Ұлылар үндестігі» номинациясы бойынша қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды. «Абай шығармаларындағы білім, өнер » тақырыбы бойынша оқушылар эссе жазды. Эссенің құрылымын дұрыс сақтап, өз көзқарастарын білдіріп отырған.

      Қорытындылай келе аудандық «Абай оқулары» конкурсында «Өлең-- сөздің патшасы..» номинациясы бойынша І орынмен 7-сынып оқушысы Мұқыш Жанболат  марапатталса, «Ұлылыр әлемі...» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Болатов Темірлан  «Алғыс хатпен» марапатталды. Алдағы уақытта Абай атамыздың өлеңдерін жаттап, үздік нәтиже көрсететін оқушылар көп болсын деп тілеймін.

 

Клуб жетекшісі: Мажиманов С.К.

Просмотров: 262


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст