Сабақтың тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мәңгілік өшпес отты жылдар
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы,оған қатысқан қазақтың батыр ұл-қыздары туралы мәлімет беру.Отанын,елін,жерін қорғауға тәрбиелеу,патриоттық сезімге баулу.
Көрнекілігі : слайдтар,оқушылардың салған суреттері
Сабақтың әдісі: әңгімелесу
Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру
Ұлы Отан соғысы,оған қатысқан қазақтың батыр ұл-қыздары
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.
1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының БатырыБауыржан Момышұлы болған.
Бауыржан Момышұлы туралы оқушылардың дайындаған өмірі ,нақыл сөздері,өлеңдерін сұрау
Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры
Мәлік Ғабдуллин 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді.Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.
Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қыркүйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.
Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді
Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан ұрыс даласына аттанады. Өзінің табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар полкінде батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943 жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әлия Молдағұлова-Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген . 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты . 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
Мәншүк Мәметова 1922 жылы дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова оқушылардың дайындаған өлеңдерін сұрау
Бегенов Мәди Қайбиұлы (1916, Ресей, Астрахан облысы Дхтуба қ. -1.10.1943, Украина, Запорожье қ.) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1938 ж. шақырылған. 1942 ж. желтоқсанда майданға жіберіліп, 619-полктің (З-Украина майданы, 12-армия, 203-атқыштар дивизиясы) құрамында ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 25 қазанында Новый Кичкас (қазіргі Запорожье қ.) маңында Днепр өзенінен өту кезінде ерлік көрсетті.. Бегеновке жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (19.3.1944). Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды
Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып, Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.
Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды
Қошқарбаев Рақымжан(1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы(1999).
Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.
Қорытынды Оқушылардың үйден салып келген суреттері бойынша тілектерімен қорытындылау