«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7 мамыр отан қорғаушылар күні

07.05.2025

Тақырыбы: 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні

Мақсаты:  Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу. 

Құрметті: Ата аналар, ұстаздар, балалар 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз. «Жас ұландар – мақтанышы елімнің!» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Жауынгер біздің саңылақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан- ел үшін
Бақытты туған жер үшін    
.
Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіді,
Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!

Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.

 


(балалар сап түзеп мәңгі алау жанына сап түзейді) 
 
Ән ұран айтылады.
Оқушы :

Мейрамдарың құтты болсын жігіттер.

Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер

Мейрамдарыңмен аға,іні бауырлар.

Орындалсын алға қойған үміттер.

Оқушы :

Қазақ жігіті керемет қой расында.

Жауапкершілік бар олардың басында.

Өзге ұлттардың жігіттері түк емес.

Кереметтей қазақ жігітінің қасында

Оқушы :

Күтіп тұр ғой бізді алда сан арман.

Қазақ жігіті бақытқа тек жаралған.

Қазақ жігіт қытайдай көп жан емес.

Асыл олар, аз боп қана таралған.

Ән: «Солдат болам мен ертең» (Ұлдар сапқа тұрып ән салады.)

Келесі ойын: Кім тапқыр? Жұмбақтар шешу

 

Оқушы :

Тебіренді тауың, желпінді далаң,
          Көтерді көкке туларды ғалам.
           Жеңістің ұлы күнімен сені,
           Құттықтау үшін келіп тұр балаң.

Оқушы :

Жеңіс келді далама,
          Жеңіс келді ән болып.
          Жеңіс келді қалама,
          Келді ауылға сән көрік.

Оқушы :

Жас ұланбыз жаны жарқын,

Қайрат-күші құрыш мығым,

Тамылжыған жаны алтын,

Қорғаймыз ел тыныштығын

 

Оқушы :

Сарбаздармыз саптағы біз,

Қатарымыз сөгілмеген.

Туған елдің мақтанымыз,

Адымдаймыз сенімменен.

 

Оқушы :

Желбіреген жалауымыз,

Ұлы Отанның ұланымыз.

Бейбітшілік қалауымыз,

Асқақтаған жыр-әніміз

Ән: Ел қорғауға әзірмін.

Оқушы :

Көлеңкесі жоқ көңілге күшті
            Алтын мамырдың сәулесі түсті.
            Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,
            Көгіне тағы ұшырды құсты.
Оқушы :

Жеңіс-күні бар әлемге әгілі
          Көктем шуақ тоғызыншы май күні
           Айтшы кане,біздің жеңіс шеруі
          Кездейсоқ па көктемге тұс келуі!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»  барлық топтар хормен
Жүргізуші: Осымен «: Жас ұландар – мақтанышы елімнің» атты мерекелік жарысымыз аяқталды. Аспанымыз ашық болсын, бейбітшілік болсын, еліміз тыныш болсын!Тыңдап көргендеріңіз үшін көп-көп рахмет.  

Просмотров: 309

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст