«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«7-мамыр Отан қорғаушылар күні!» сынып сағаты

13.05.2021

Тақырыбы: «7-мамыр Отан қорғаушылар күні!»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, слайд, видеоролик т.б.
Мұғалім:

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Алда келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Айым:

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,

Жолын қуар солардың жастарымыз.

Абзал жанды ақылгөй ағаларға

Ілтипатпен иілген бастарымыз.

 

Сабрина:

Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,

Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:

Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.

 

Мұғалім:

Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:

...Жердің аман тұрғандығы,

Сол намысқой еркектердің арқасы...

Немесе

...Қайғы келсе жеңілмейтін,

Бақыт келсе, семірмейтін,

Ер мінезін қадірлейтін,

Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.

 

Айым:

Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз,

Жүректегі жалын отын сақтаймыз.

Олар қате істер істеп жатса да,

Бетке шауып онысын да айтпаймыз.

 

 

 

 

Сабрина:

Сүйіп қалсақ, солар жайлы ойлаймыз,

Қасты түзеп, көзді, шашты бояймыз.

Кешке таман кеш келіп жатса дағы,

Тамақ жасап, кірін жуып баптаймыз.

Осы қыздар неге солай жасаймыз?

Көбін олар, азын біздер асаймыз.

Ұл туылса той жасаймыз дүркіреп,

Ал қыз болса шағымдана бастаймыз.


Мұғалім:

    Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып дос болыпты. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жаудың қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа бере малым да, мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,- дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады.

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болады. Ол – сенің көзің, мен сенің екі көзіңді ойып аламын!- дейді.

- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды тезірек босат,- дейді жігіт.

Сөйтіп әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:

- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.

Біз сіздерге осы достардың достығындай достық пен ауызбіршілік, адалдық тілейміз.

Қыздарды қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт азаматтарымыз аман болсын!

Қорытындылау: Құрметті оқушылар осымен сынып сағатымызды аяқтаймыз!


 


 

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст