«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отчет президента школы

11.05.2018

                                              

Жас ұлан ұйымы

 

       Елбасымыз

Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты

байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының

болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!»-деген сөзі жастарға

сеніммен қоса үлкен міндеттер жүктейді.  Жылдан-жылға

жастар саясатына ерекше маңыз берілуі осының айғағы. Анығырақ айтқанда,

Елбасының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жүзеге асыруға арнайы

іс-шаралар жоспары жасалып оқушылар арасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

      Жас ұлан ұйымының мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында

патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан

тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке

тәрбиелеу.

       Кен

негізгі жалпы білім беру мектебінде де 

«Жас ұлан» «Жас қыран» ұйымы құрылып, іс-шаралар жоспары жасалып, жыл

бойы іс – шаралар өткізілді. 1 қыркүйек күні мектебімізде   1 – 9 сыныптар үшін «Мен өз Отанымның

патриотымын» атты салтанатты жиын, саптүзеу өтті.           Денсаулық күні атап өту, бұл қалың

жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру,

адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін

өткізілетін іс- шара. Жас ұлан ұйымының оқушылары денсаулық күнің ұйымдастырдық

, іс  шарамыз таңғы жаттығумен басталды.

Біздің ұйымдастыруымызбен «Мен және менім отбасым» сайысы өткізілді. Сайысқа

барлығы 7 отбасы қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыста әр түрлі ойындар

жүргізілді. Бұл жарысқа отбасылар белсене қатысып өздерінің мықты ойыншылар

және салауатты өмір салтын ұстанатынын көрсете алды. Топтар мадақтама қағазы

және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

         Тілдер

мерекесіне орай Жас ұлан ұйымының оқушылары және тәрбие ісінің менгерушісі  ұйымдастыруымен онкүндік жоспар құрылды. Он

күн ішінде әр түрлі іс-шаралар өткізілді. «Тіл – әр халықтың байлығы»  атты 

жас ұлан ұйымының ұланбасының ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел өткізілді. Он күндік

іс-шараларға Жас ұлан ұйымының оқушылары белсене ат салысты.

        Қарттар

күніне орай Жас ұлан ұйымы мерекелік концерт ұйымдастырдық. Бұл күні

мектебіміздің төріне қариялар мен қонақтар жиналды. Мектеп оқушылары өз

өнерлерін ортаға салды. Қарияларымызға «Күншуақ» шағын орталығы би билеп өз

өнерлерін сыйлады. Мерекелік концертте, ата әжелерге арнап шағын қойылым

көрсетіліп, әндер шырқалды..  Біз жас

ұландықтар ауылымыздың қарияларының үйіне барып көмектерімізді көрсеттік.

Ауыл  қарияларының үйлерінің ауласын

тазартып,  ауланың шөптерін жинап,

қириялардың ризашылығын алдық.

        Ұстаздар

күні- өте жылы, оқушылар өздерін мұғалім рөлінде, ал ұстаздар өздерін оқушылар

ретінде көре алатын күн. Осындай өнегелі де ардақты жандардың мерекесіне арнап

1 – қазан күні  ұстаздарға арналған

мерекелік концертпен жалғасты. Оқушылар мұғалімдерге арнап өлең , жырларын, ән

мен билерін арнады. 

        

Мектебімізде «Алтын күз» атты күзгі бал өткіздік. Мерекелік бағдарламада

әр сынып сән үлгілерін, өз өнерлерін, қолдан жасалған бұйымдарын көрсетті.  Осындай қызықты да әсерлі , сары алтынға

малынған берекелі де мерекелі күз, мерекесін біздің мектеп оқушылары жақсы

көңіл-күйде қарсы алды. Болашақта біздің мектебімізде оқушылардың бойында түрлі

шығармашылық қабілеттерді ашатын мерекелер мен мектепшілік  шаралар өз жалғасын таба бермек.

         Біздің

мектепте ЖҚТБ әлем дертіне байланысты іс –шаралар өткіздік. Тәлімгер Оразқызы

Қ. ұйымдастыруымен 7 – 9 сынып оқушылары арасында «Сақтан ұрпақ СПИД деген

қатерден» тақырыбында суреттер көрмесі және Ұланбасы  Болтірік Аружанның ұйымдастыруымен «ЖҚТБ туралы не білесіз?» атты

тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

        Кен негізгі

мектебінде Ұлттық валюта күніне орай мектебіміздің Өзін-өзі басқару комитетінің

 ұйымдастыруымен дөңгелек үстел

өткізілді. Ұланбасы Болтірік Аружан ұйымдастыруымен

бастауыш сыныптар арасында  «Теңге –

мемлекет келбеті» атты викторина сұрақтары арқылы теңгенің өмірге келу тарихы,

идеясы, теңге жасап шығаруға байланысты жұмыстар жайлы деректер берілді.

          16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы

орындалып,

жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16

желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан

бастау алған тәуелсіздігімізге  26 жыл

толды. Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай 

мектебімізде  іс-шаралар өткіздік.

Тәуелсіздіктің 26 жылдығына құрылған жоспары бойынша іс- шаралар уақытында

өткіздік.

              Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа

толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл – жаңару, даму, ілгерілеу. Жаңа жыл

– өткенге салауат айтып, болашақтан үміт күту. 

Осы ретте, яғни Жаңа жыл қарсаңында біздің мектебімізде  Жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілдік.  «Жаңа жыл жыры» атты ертеңгілікті

мұғалімдермен , жас ұлан ұйымының оқушылары бірігіп ұйымдастырдық. Онда жас

ұлан оқушылары би билеп, әндер жырлап, ертегілер қойып, әр түрлі ойындар

ойнаттық.

          Мектебімізде  «Рухани 

жаңғыру» бағдарламасы 

бойынша   жоспары құрылып  бекітілді. Жоспар  бойынша 

барлық  іс-шаралар  уақытымен 

өткізіліп  жатыр.

        8 наурыз

мерекесіне орай «Ана – өмірдің гүлі»

атты мерекелік кеш өткіздік. Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік

жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға

қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Мерекені барлық

ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және ауыл тұрғындары келіп тамашалады.

Мерекелік кеште аналарға арналып әндер, билер, қызықты

ойындар ойнатылды. Кеш барысында барлық әндер аналардың құрметіне шырқалды.

         Наурыз —

шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс

халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып

өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап

отыруды салт-дәстүрге айландырған. Осыған байланысты   біздің мектебімізде Ұлыстың ұлы күні

мерекесіне арналған «Наурыз - берекем, Наурыз –мерекем!» атты мерекелік іс-шара

мұғалімдермен бірігіп өткіздік. Кен негізгі мектебінде Наурыз мерекесі

«Қонақжай ауылы» атты байқау арқылы өткіздік. Байқауға қатысқан ауылдарды атап

кетер болсам; Сәкен , Ыбырай және Шәмші  ауылдары болып бөлінді. Ауылдар дастарқан

мәзірін, салт-дәстүрін және өз өнерлерін көрсетті.

         Жас

ұландықтар ауылымыздың қарияларына барып өз көмектерімізді көрсеттік.

Қарияларымыздың үйлерінің ауласын тазартып, ағаштарын егісіп, өзіміздің

көмегімізді көрсеттік.

        

Қорытындылай келе, еліміздің сенгені де, үміті де біз екенімізді

естен шығармауымыз керек. Алдығы уақыттада жас ұландықтар ауыл қарияларына

көмек беріп, мектепішілік іс-шараларға белсене ат салысамыз.

Жас Ұлан- еліміздің тыныштығы, еліміздің болашағы біздің қолымызда!

«Жас Ұлан»

талма, қырандай самға!


Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст