«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зорлық зомбырлық туралы есеп

11.05.2018

Балаларға зорлық

зомбылық көрсету жайлы фактілер және зорлық зомбылықты алдын алу шаралары

жөнінде есеп

         Кен ауылында 0 – 7 жас

аралығында 38 бала бар, 1 – 4 сыныптарда 17, 5 – 9 сыныптарда 30 бала бар.

Барлығы шағын орталықта, мектепке дейінгі біліммен, бастауыш, орта буын

сыныптарында тәрбиеленіп білім алуда. Тәрбиеленушілер мен оқушылардың үйлерін

сынып жетекшілері, тәрбиешілері аралап, ата – аналарымен әңгімелеседі,

балалардың тұрмыс жағдайын қарайды. Мектебімізде көмекті қажет ететін балаларға

«Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларының шеңберінде ауылымыздың шаруашылық

жетекшілерінің, мұғалімдердің жинаған қаржыларына оқу құралдары, керекті киім –

кешектер алынып беріледі.

         Кен ауылында ата – ананың

қарауынсыз, нашар отбасынан шыққан бала жоқ. Мектебімізде үлкендердің балаға

зорлық зомбылық әрекеттерін жасауын алдын алу мақсатында түрлі әңгімелесу,

түсіндіру шаралары өткізіледі, мектебімізде сенім телефоны жұмыс жасайды.

Кен негізгі мектебінде «Зорлық зомбылықсыз балалалық шақ»

акциясы мектептің оқушылар Кеңесінің мүшелері өз қолдарынан жасап,

безендірілген парақшаларды таратудан басталды. 

Акция мақсаты отбасында балаларды зорлық зомбылықсыз махаббатта

тәрбиелеу, зорлық зомбылықты алдын алу болғандықтан, ата – аналарға да арнайы

анкеталық парақшалар таратылды. 13 қараша күні бейнелеу өнері және сызу пәнінің

мұғалімі Мангилев В.В. 1 – 4 сынып оқушыларымен «Зорлық зомбылықсыз әлем»

тақырыбында суреттер байқауын ұйымдастырды, бұл байқауда ерекше ойымен, көркем

суретімен бастауыш сыныптардан көзге түскен жоғарғы сыныптардан Паизова Жасмин,

Бөлтірік Аружан, Алясхарова Арай болса, Елтай Саяттың суреттері көркем деп

танылды.

Қарашаның 14 жұлдызы «Ренжітусіз, кемсітусіз балалар»

тақырыбында мектеп кітапханашысы Алясхарова Г.М. оқушылармен ақпараттық –

танымдық сағат ұйымдастырды. Бұнда оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, түрлі

көркем оқулықтармен танысты.

Тәрбие ісінің меңгерушісі Какенова С.С.  қараша айының 15 – і күні 5 – 9 сынып

оқушыларымен «Зорлық зомбылықсыз әлемді құру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Мұнда балалармен түрлі психологиялық тренингтер мен ойындар ойналды.

Акция бастауыш сынып оқушыларының арасында «Біз салауатты

өмір салтын ұстанамыз» атты спорттық эстафетамен жалғасын тапты.

         Ата – аналармен әр сыныптағы

тоқсан сайын өтілетін жиналыстарға мектеп психологы, тәрбие ісінің меңгерушісі

қатысып, «Отбасындағы бала тәрбиесі», «Менің балам қандай?», «Баланың ішкі

әлемі», «Бала құқықтары», «Бала алдындағы ата – аналардың міндеттері» сияқты

тақырыпта әңгіме жүргізіліп, тренинг, сауалнамалар өткізілді.

Просмотров: 2398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст