«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Іжарты жылдық атқарған тәрбие жұмыстарының есебі

10.01.2025

Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ-нің 2024– 2025оқу жылының  Іжарты жылдық  атқарған тәрбие жұмыстарының есебі

 

 Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу»

    Мақсаты: Ұлттық және жалпыадами құндылықтар негізінде зияткерлік, рухани-адамгершілік тұрғысынан және физикалық дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 

Биылғы 2024– 2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» Мемлекет басшысы Қ.Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың “Адал адам- Адал еңбек -Адал табыс”атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023жылы “Біртұтас тәрбие”бағдарламасын әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасы “Әділетті Қазақстан -Адал  азамат -Озық ойлы ұлт” деген ұштаған ұғым арқылы сипаттады.Үштаған бір бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар,ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен :дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды..Бұл “Біртұтас тәрбие”бағдарламасының басты идеясына айналды.

Бағдарламаның мақсаты: қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм,парасаттылық пен адалдық,ар-ұждан,рухани адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген,үйлесімді  дамыған тұлға қалыптастыру.

Міндеттері: Рухани адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

Отанға ,өз халқына,оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету; білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал  айын;қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұны:

Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Ай сайын өткізілетін тұрақты іс шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс;

Қыркүйек -еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы- тәуелсіздік жіне отаншылдық айы;

Қараша  айы-әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан- бірлік және ынтымақ айы;

Ақпан -жасампаздық және жаңашылдық айы:

Наурыз -тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Мамыр -бірлік және ынтымақ айы.

Әр айдың іс-шаралары :

күнделікті 

• «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды 

«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан   тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйек сөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады. 

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу 

• «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. 

• «Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі. 

• «Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу 

• «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау апта сайын.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында әр айдың құндылықтарын негізге алынған жылдық жоспар бекітілді.

2024-2025 оқу жылында Білім күніне орай "Кең ауылының негізгі орта мектебі»КММ-інде«1 қыркүйек – білім күніне» орай “Мектебім – мейірім мекені” атты салтанатты жиыны өтті.

2 қыркүйек күні 0-9 сынып аралығында «Менің Отаным – Қазақстан!», Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім- Қазақстан»,  Республика күніне « Республика менің- тірегім» атты отбасылық спортық  эстафета сайысы, бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Оданда басқа , оқушылар қазақ халқының ұлттық ойындары ойнатылады: асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, арқан тарту.

Қыркүйектің үшінші жексенбісі-Аналар күніне орай “Анаға тағзым”атты мерекелік іс шаралар өткізілді «Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуін сынып жетекшілер ұйымдастырды. 

Қазан  айы- Тәуелсіздік және отаншылдық айы.

  1. қазан-Халықаралық қарттар   күніне орай жоспарланған іс- шаралар   өз уақытында ұйымдастырылып, өткізілді. 1 қазан қарттар күніне орай “Қарттарым асыл қазынам ”

« Қарттарым аман -сау жүрсін» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.  Қарттарымызға, олардың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне сый-құрмет көрсету.4 қазан-Мұғалімдер күніне орай "Ұстаздар, бар жақсылық сіздер үшін" тақырыбында ұстаздар мерекесіне оқушылардан құттықтау арнады. "Өз ұстазыңды құттықта!"  ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтады. 0-9 сыныптарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама  ұйымдастырылды. Мектептің ұстаздарының құрметіне мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Дублер”күні өткізілді. 

«Күзгі асар» атты жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Біз буллингке қарсымыз» атты республикалық бейнероликтер челленджі

ұйымдастырылды. Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығы бойынша ата-аналармен дөңгелек үстел, психологиялық тренинг, ата-аналар жиналысы үнемі жүргізіліп отырады.  Ата-аналармен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

   28 қараша күні Аудандық  «Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының үздігі» атты байқауы өтті. Мақсаты: Жалпы білім беру ұйымдарында педагогикалық шеберлікті арттыру және шығармашылық әлеуетін барынша іске асыру.  «Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының үздігі» байқауына Тасмаганбетова Ж.С. қатысып жүлделі 1 орынға ие болды.

  12 желтоқсан күні  «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында  аудандық семинар Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ- інде ДТІЖО мен сынып жетекшілерінің қатысуымен, қонақ сынып сағаттары  өткізілді. ДТІЖО: Тасмаганбетова Ж.С., 9 сыныпқа «Патриотизм ұлттық асқақ рухтың белгісі» атты сынып сағатын өткізіп, сабақта жаңаша технологияларды қолданып, оқушылардың ойлау, есте сақтау  қабілеттерін дамыту тапсырмаларын орындады.

5  желтоқсан күні Дүниежүзілік еріктілер күні 1 сынып сынып сағатын өткізді. Сынып  жетекші: Балтамуратов А.Ж. «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» үзіліс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану. Зорлық-зомбылықсыз 16 күн науқаны, бастуыш сынып оқушылары сурет салды. «Отбасы- тәрбие бастауы»- атты ана-аналар мен тренинг мектеп психологтары өткізді. Мектеп  мұғалімдеріменде өткізді. 16Желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай  сынып сағаттары, кітап көрмесі, интеллектуалдық ойын, Тұғыры биік Тәуелсіздік челлендж, шағын кеш өтті. 7-9 сыныптардың ата-аналарымен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын-алу мақсатында жиналыс өтті. «Еркін тыныс ал!»  атты челлендж өтті.

20 желтоқсан  күні мектебіміздің оқушылары аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысты. Сексенбай Мөлдір мен  Серикбай Арман. Мектебімізден 6 оқушыға аудан әкімі атынан ақшалай 43.407тг сыйақы табысталды.

26 желтоқсан күні мектебімізде « Баланың бас ұстазы- ата-ана» атты мектепішілік ата- аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: Психологиялық тренинг, Баланың бас ұстазы-ата-ана. Қысқы демалыс кезіндегі  қауіпсіздік. Ағымдағы сұрақтар. 27 желтоқсан күні мектебімізде « Қош келдің, Жаңа жыл!» атты бастауыш сыныптар арасында  жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды.  Оқушылар би билеп, ән айтып, көрініс көрсетіп өз өнерлерін ортаға салды. Барлық оқушыларға Аяз ата мен Аққашар тәттілерін табыс етті. Отрадный ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен, демеушілік көмекті округтің ауыл шаруашылық тауар өндірушілері ат салысып 0-4 сыныптарға сыйлық берді.  Жауапты: Абаханова К.М. Сонымен қатар жоғарғы  сынып оқушылар арасында « Сиқырлы, Жаңа жыл!» тақырыбында жаңа жылдық кеш өтті. Кеш соңында лоторея ойыны өткізіліп жақсы көңіл күй мен өтті. Жауапты: Капашова Б.Б. Жарты жылдық қорытынды бойынша осындай, алда жақсы болатына сенемін!

 

 

 

 

 

ДТІЖО: Тасмаганбетова Ж.С.

 

 

 

Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст