Кен негізгі мектебінің өзін өзі
тану пәнінің мұғалімі
Какенова Слушаш Советқызының 2016-2017 оқу жылының
І
жарты жылдық бойынша жүргізген жұмыстары туралы мәлімет
Менің
әдістемелік тақырыбым: «Өзін өзі тану
сабағында оқушыларды тәрбиелеу
арқылы жеке тұлғаны
қалыптастыру».
Өзін- өзі жетілдіру тақырыбым:
«Оқушыларға патриоттық, эстетикалық,
рухани әдептілік тәрбие
беру арқылы сана
сезімін қалыптастыру».
Бұл
тақырыпты алу себебім, оқушылардың өзін
өзі тану сабағында өз ойын анық,нақты жеткізе білуге
деген белсенділіктері мен қызығушылығын арттыру.
Сабақтарымның күнтізбелік- тақырыптық жоспары
мемлекеттік стандартқа сай құрылып,барлық
сабақтарым жоспардағы талапқа сай
өткізілді.
Жыл басында жүктелген сағат саны -9 сағат.
І жартыжылдықта оқушылардың рухани –адамгершілік терендігі бірінші орынға
қойдым. Оқушыларды құндылықтармен және
қасиеттерімен таныстыру болды. Олар;
ақиқат ,сүйіспеншілік құндылығы,дұрыс іс-әрекет, жан тыныштығы,
қиянат жасамау.
Бастауыш буын:
шындықты айту, қарым-қатынасты бұзбау, жанжалдаспау, денсаулық және
тазалықты сақтау (тек қана тәннің тазалығы емес, жанның тазалығы да қажет: таза
ой, жақсы көңіл-күй), ата-анаға, мұғалімге, үлкендерге деген құрмет, тыңдау,
батылдық.
Орта буын: жақсы
әдет, ұқыптылық, өсек айтпау, шындық айту, басқалар жайлы жаман сөз айтпау
(әсіресе жайлы өзі жоқ жерде), ұқыпты болу, жағымсыз әдеттердің қауіпті екенін
түсіну, дұрыс тамақтану, өзіне сенімділік, әділеттілік, отбасындағы, мектептегі
өзінің парызын орындау.
Жоғарғы буын:
сүйіспеншілікпен және махабатпен, жауапкершілік және тәртіппен жұмыс
атқару, өзінің бос уақытын тиімді пайдалану, қалаулары (тамақ, ақша, қуат) үшін
жоғары шектілік, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік, шынайы көшбасшы
қасиеті, әділдік, қоғамға риясыз қызмет ету. Біз тән емеспіз, осы тәнде
тіршілік ететін рухпыз. Дұрыс әрекет құндылығы туралы
мәлімет беру.Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру, оның адам
өмірінде маңыздылығын ашып көрсету; Оқушыларды дұрыс өмір сүру туралы
білімдерін одан әрі дамыту;
Жанашырлық, кішіпейілділік,
мейірімділік қасиеттерін көрсете білуге тәрбиелеу. Сабаққа
презентациялық бірнеше тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар дайындалды. Сабақ
барысында көптеген тренингтер , әртүрлі ойындар қолданылды.Оқушылар өтіліп
жатқан материалдарды қалай меңгеріп жатқанын,сабаққа деген қызығушылықтарын жауаптары арқылы білуге
болады.