«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Сенің құқығың – менің құқығым»

24.02.2017

Тақырыбы : « Сенің құқығың – менің құқығым»

 Мақсаты:

 Оқушылардың құқықтық білімін

тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен

көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат

ретінде тәрбиелеу.

Оқушыларға Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру. Құқығымыздың

қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың

білімін жетілдіру.

Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық

ережелерді бойына сіңіру.

Ата Заңымыз

халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру.

Оқушыларды Ата Заңға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тарихи танымын кеңейту.

Міндеті:

Баланың

бүкіл өмірін тәрбиелік үдеріске айналдыру, баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік

мәселерді сатылы түрде анықтап, өзіндік пікірін, көзқарасын қалыптастыру;

келеңсіз

іс-әрекеттерден, жат қылықтан аулақ болуға үйрету; сыртқы себептер мен психологиялық, психофизиологиялық қиыншылықтарды жеңуге

көмек беру;

Барысы:

 Тренинг «Ой қозғау»

І. Кім көп біледі?

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңына тоқталып,

баптарын ашу.

ІІ. «Заңды білу – міңдетің» сұрақ-жауап ойыны

ІІІ. Ант беру рәсімі

ІV.«Сиқырлы жіп» ойыны

V. Қорытынды:

Құрметті: оқушылар, мұғалімдер бүгінгі «Сенің құқығың- менің құқығым» атты

іс- шарамызды бастамай тұрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні болып тұрған

мына қанатты сездерге назар аударайық. 

 «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» 

Б. Момышұлы. 

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда

ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» 

Н.Назарбаев. 

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз 

бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың 

тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы

«отау 

иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша,

қылмыс 

жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық

әкімшілік, 

қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.  Заңды білу -

заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған

құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз

құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың

міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін

орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес,

адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан

мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 

Мұғалім:

Тренинг «Ой қозғау»       

(Жай әуен ойналып тұрады)

Көзімізді

жұмған сәтте алыстан бір қараңғы үңгір көрінгендей болады. Осылайша жүріп

барам, жүріп барам. Кенет сүрініп кетіп, сол үңгірге қалай түсіп кеткенімді

байқамай қалыппын. Іші тас қараңғы. Аяғымның астынан сыз өтіп барады.

Жан-жағыма қарайлаймын, үңгірден шыға алатындай жағдайларды қарастырып көргім

келеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Анда-санда естілетін сылдыраған судың дыбысы

құлағыма келеді. Қай жақтан шығатыны белгісіз? Тас қараңғыда жар сипалауға

кірістім. Тынысым тарылып, қорқыныш сезімі билеп алғандай.Үңгірден шыққым

келеді, шыққым келеді, айқайлайын десем дауысым да шықпай қалыпты. Қылмыс

жасаған адам да осындай күй кешетінін сонда түсіндім. Бірақ мен ешкімге

жамандық жасамаған сияқты едім. Неге тағдыр мені осыншалық сынап, мына үңгірге

қамады екен. Осылайша енді маған жарық көрер күн жоқ шығар деп ойлап өмірден

үмітімді үзіп келе жатқанымда кенет қолым бір домалақ тасқа тигендей болды.

Итеріп келіп қалып едім үңгірдің ішінен тағы бір бөлме ашылды. Мен қуана жар

сипалап жүріп сонда кірдім. Алыстан жарық көрінді. Алақай , жарық!

Кіп-кішкентай жарық болса да, мен жар сипалап сол жарыққа қарай жанталаса

жүгірдім. О, жарық дүние, неткен қымбат едің, ешкімге соқтықпай, ешкімге ұрынбай,

ешкімге жамандық жасамай еркіндікте жүргенге не жетсін, шіркін!

-Не

сездіңіз?

-Бүгінгі

құқыққа   байланыстырып, қандай ой айтар едің?

-Дұрыс

айтасыңдар! Құқық бұзушылыққа, қылмыстық іске, нашақорлық жолға түскен адамдар

басынан  дәл осы күйді кешеді. Тығырықтан шығатын жол іздейді. Бірақ бәрі

де кеш болуы мүмкін. Өйткені бүлдірген істі бүтіндеу үшін көп уақыт қажет. Ал

адамға өмір бір рет беріледі. Сол өмірдің әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде

өткізу бәріміздің міндетіміз!

ІІ.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңына тоқталып,

баптарын ашу.

Осы Заң

балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдықмәнi бар және

шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән

құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен

азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру

принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының

Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға

байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы 10 тарау, 53

баптан тұрады

·        

1-тарау.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

·        

2-тарау.

БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ

·        

3-тарау.

БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

·        

4-тарау.

БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ

·        

5-тарау.

АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

·        

6-тарау.

МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

·        

7-тарау.

БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ

·        

8-тарау.

БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ

·        

9-тарау.

БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

·        

10-тарау.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

·        

«Біз неге

құқылымыз?» 

ü Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.

ü Ата-аналарымен бірге өмір сүруге

ü әркімнің өмір сүруге құқығы бар

ü Тегін ауруханада емделуге

ü Балабақшаға келуге

ü Тегін білім алуға

ü Демалуға

ü Еркін ойнауға

ü Еркін өз ойын толық жеткізуге

ü Өз тілінде сөйлеуге

 

 

  І. «Кім көп біледі?»  сұрақ- жауап

1. Біз қандай

планетада өмір сүреміз? (Жер)

2. Жер неге ұқсайды?Бұл не? Шар

3. Глобусқа қарандаршы қаншама мемлекеттер мен елдер орналасқан?Біз қандай

мемлекетте тұрамыз? ( Тәуелсіз мемлекетте)

4. Біздің елде тұратын адамдарды    қалай

атайды?  (Қазақ)

5.  Қоғам

деген не?     (Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты

орындау үшін саналы түрде бірігуі)

6.   Құқық

деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

7.   Қазақстан

азаматы болуды қалай түсінесіз? (Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң

бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)

8.  Құқықтық

мәдениет деген не? (Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен

қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез — құлық)

9.  Деклорация деген не?

(Деклорация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым –

қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)

10. Құқықтық норма дегеніміз

не? (Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі.

Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың

әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)

11.  Қазақстан республикасын кім басқарады? (Президент)

12. Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын

халықаралық ұйым.(БҰҰ)

13. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кім

шығарады?(Парламент)

14. Заң шығарушы парламент неше палатадан

тұрады?(Сенат, мәжіліс)

15. Адамның, азаматтық қоғамның өзара

жауакершілігін бекітетін не?(Конституция)

16. ҚР конституциясын, заңдарды

нормативтік сипаттағы президент жарлықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін,

мәжіліс қарауына заң жобаларын енгізетін не?(Үкімет)

17.   Конституцияда бекітілген заңға

қайшы әрекет ету дегеніміз не?(Заң бұзушылық)

18.   ҚР мемлекеттік рәміздерін ата!

(Ту, елтаңба, әнұран)

19. Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған

адам).

20. Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан

тұрады?(10 тарау,53 баптан).

 

Заңды білмеу — құқықтық  мәдениеттің елеулі   кемшілігі.

ІІ. «Заңды білу – міңдетің»

сұрақ – жауап ойыны.

10 ұпай.  Қазақстан қашан өз егемендігін жариялады?  1990 ж

10ұпай.Қ.Р бала құқықтары туралы қашан заң қабылданды? 2002ж

10ұпай.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?1989ж

10ұпай.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған?  АҚШ

20 ұпай.  Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан

қабылданды? 1948ж

20ұпай.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?

14 жастан

20ұпай.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?

Рим Құқығы б.з.д.9-7 ғасырда

20ұпай.Қ.Р-ның азаматтары қандай білім алуға міндетті? Орта білім

30 ұпай.  Заң бойынша бала деп кімді атайды? 18 жасқа толмаған

адам

30ұпай.Заң шығарушы орган? Парламент

30ұпай.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?Бостандық

30ұпай.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас?16 жас, ерекше ауыр

қылмысқа 14 жастан тартылады.

40ұпай.Ел басқару саласындағы ең басты тұлға?Президент

40 ұпай.  Өз тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі?

Тәуелсіздік

40ұпай.Тәуелсіздіктің қорғаны?  Әскер

40ұпай.Отанға деген сүйіспеншілік ? Патриотизм

50ұпай.Үкіметті кім басқарады?Премьер — министр

50ұпай.Бала құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?

10 тарау, 53 бап.

50ұпай.«Конституция» қазақша қандай ұғым береді?Құрылым

50ұпай.Қазақстан азаматының қасиетті борышы

және парызы не? Қазақтанды қорғау

ІІІ. Ант беру рәсімі.  Қажигапаров Дияр

Мен –

Қазақстан азаматы «Сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы

ел болуы үшін сапалы білім аламын. Туған халқымның ата- дәстүрін жалғастырамын.

Мемлекеттің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын. Қазақстан

2030 жылға дейінгі бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес

қосамын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын, Алтын ұя мектебімді сыйлап,

қастерлеймін» деп Ант етемін !

 

 

 

ІҮ. Топтарға сұрақ ситуациялық

жағдай

 « Ералымен Дінмұхамедтің орындыққа

таласуы»

Ералы: Дінмұхамед,сен бұл орындықтан тұр,бұл жерге мен отырамын.

Дінмұхамед: Неге?

Ералы:Сол,тұр дедім ғой,тұрсаңшы.

Дінмұхамед:Жоқ тұрмаймын,бұл орындыққа мен бірінші отырдым.

Ералы:Отырсаң қайтемін,сенің атың жазылып қойған жоқ қой бұл орындыққа?!

Дінмұхамед:Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің орным,саған бермеймін.

Автор:Орындыққа таласқан Дінмұхамед айқай салды.

Дінмұхамед : Тұр дедім ғой,бұл орындыққа менің құқығым бар.

Ералы: Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің бе?

Автор:Орындыққа таласқан Дінмұхамед пен Ералы төбелесе кетті.Топ балалары

аң-таң.Төбелесті тоқтату үшін топ белсендісі 

Мерей араласты.

Мерей: Ералы,Дінмұхамед төбелесті тоқтатыңдар,қазір апай екеуіңнің дауларыңды

шешіп береді.

Автор:Осы мезетте топ бөлмесіне тәрбиеші апай келді.

Тәрбиеші :Бұл не шу?

Мерей : Апай,Ералы мен Дінмұхамед мына орындыққа таласып, «Менің құқығым бар

отыруға» деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те қоймайды.

Тәрбиеші :Ералы, Дінмұхамед , сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің

жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке

жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың

оқуға,білім алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен

шешу керек

V.Ойын «Сиқырлы жіп»

Мұғалім қолына жіп ұстап тұрып бірінші оқушыға жіптің ұшын береді . Жіпті

барлық оқушылар үзбей ұстап тұруы керек. «Бұл – сиқырлы жіпше», Ол шұбатылып,

бізді байланыстырады. Осы жіп — өмір. Жіп қолыңызға түскен кезде, сіз өмірді

қандай болып көретініңізді бір – екі сөзбен айту керексіз.Мысалы:  «Мен

өмір сүруден еш қашан қорықпаймын қиыншылыққа төземін т.б» бүкіл сыныптың

қолдарынан өтіп, мұғалімнің қолына оралады.

-Балалар өмір жібі үзілмеу керек екеніне көңіл аударыңдар!

-Сендер бұл кезде қандай күйде болдыңдар?

-Қорықтық жіп үзіліп кетпесін деп.

Өмірді қайта сүре алмаймыз! Сондықтан өмірде тек жақсылық,қызықты

болу үшін өмір сүреміз. Заң  сендердің жан – жақты қамқорлықта

болуларыңды қорғауды мақсат тұтады.

 

 

Қорыта келе мына өлең жолдарымен

аяқтағым келеді.

Тұра берші, мәңгі жасыл өмір бағым жайқалып,

Бөбектердің күлкісінен тәттілігің байқалып.

Түлеп күнде өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар,

Кетпесін тек

тыныштығы шайқалып!

 

 

Просмотров: 2136


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст