«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Школьная газета

24.02.2017

Бала  - 

басты   байлығымыз,   ал  ең  асылымыз 

- оның  тәрбиесі           

Жастық - ол ізденістің бастауы, осы жаста ғана адам өзінің күшіне сеніп,

тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді. 

Барлық істе - спортта, саясатта, бизнесте болсын көшбасшылық танытады.

Жастар тәрбиесімен жұмысты  жақсарту, егемен еліміздің салауатты

ұрпақтарын қалыптастыру - Елбасының "Болашақтың іргесін бірге

қалаймыз!" атты Жолдауында атап көрсетілген басты міндеттердің бірі.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар

тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық

бағыттары арқылы өтеді.  

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық

тәрбие, құқықтық тәрбие.

2.   Рухани-адамгершілік тәрбие.

3.  Ұлттық тәрбие.

4.  Отбасы тәрбиесі.

5.  Еңбек, экономикалық және

экологиялық тәрбие.

6.  Көпмәдениетті және

көркем-эстетикалық тәрбие. 

7.  Зияткерлік тәрбие, ақпараттық

мәдениет тәрбиесі.

8.  Дене тәрбиесі, салауатты өмір

салты.

       

Мектебіміздің жаңа оқу жылының басталуын білдіретін ерекше күн ол -

Білім күні. Мектебіміз де осы күні барша қонақтарға, оқушылар мен ата – аналарға,

ұстаздарға есігін айқара ашты. Мектепте Білім күніне арналған «Мен  өз 

Отанымның  патриотымын» тақырыбында

салтанатты сап түзеу өтті. Салтанатты сап 

түзеуде мектеп директоры Кадиров Ж.Б. оқушыларға, ұстаздарға жаңа оқу

жылында сәттілік тіледі. Мектеп қонақтары №5 «Астық қоймалары» базасының

директоры  Мухамедкалиев Ж.Н. Жарқайың

ауданының білім бөлімінің  әдіскері

Мажитова К.М.,  Жарқайың  ауданының ветеринар басшысы Исахов А. Е., Отрадный

ауылының әкімі Куандыкова Р.М.    мектеп

табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге, мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына

сәттілік тілеп, оқу құралдар жиынтығын сыйлады. 

Мектеп түлектері мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып

оқушыларына өз тілектерін өлең шумақтары арқылы жеткізді. Алғашқы қоңырауды

соғу рәсімі тоғызыншы сынып оқушылары Пшембаева Динара мен Мотова

Виолеттаға  және бірінші сынып оқушылары

Абельдинов Аслан  мен Мусулманбеков

Мадиярға  берілді. Басқа да еліміздің

мектептеріндегідей осы тақырыпта сынып сағаттары да ұйымдастырылды.  Әр сынып жетекші бірінші сабақтарына жақсы

дайындалып, бастауыш сынып 

оқушыларына  «Мен  өз 

Отанымның  патриотымын» , жоғары

сыныптар оқушыларына   «Мәңгілік ел

Қазақстан » атты  сынып  сағаттар 

өткізілді. Осы тақырыпта мектебіміздің кітапханасында  көрме жасалып,  мұғалімдер мен оқушыларды  кітапханашы Алясхарова Г.М.  көрмемен таныстырды.    Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050»

стратегиясындағы негізгі ұғымдардың бірі денсаулық, білім және халықтың

әлауқаты болып отырғандықтан, еліміздің барлық жерінде жыл сайын  «Денсаулық фестивалі» өткізіледі.

 Мектебімізде  «Денсаулық фестивалі» барлық оқушылардың,

ұстаздардың  және ата – аналардың

қатысуымен спорттық іс – шаралар ретінде ұйымдастырылды.  Денсаулық күнің атап өту, бұл қалың жұртты өз

денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың

денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін

іс- шара.  Осыған байланысты   мектебімізде Денсаулық күні мерекесі өте

жоғары дәрежеде өтті.  Бағдарлама  бойынша іс – шарамыз таңғы жаттығумен

басталды, ойындар мен жарыстармен 

жалғасты. Тәрбие ісінің меңгерушісі Какенова С.С және дене шынықтыру

пәнінің мұғалімі Алтынбеков Д.Г. ұйымдастыруымен «Мен және менің  отбасым» атты сайысы өткізілді. Сайыста әр

түрлі ойындар, жарыстар болды. Отбасылар 

 белсене қатысып өздерінің мықты

ойыншылар және салауатты өмір салтын ұстанатының көрсете алды. Топтар мадақтама

қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

       

Тілдер мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар

жүргізілді.  Тілдер мерекесінің онкүндік

жоспары құрылды. «Бір шаңырақ астында» айдарымен бейнелеу өнері пәнінің

мұғалімі Мангилев В.В. суреттер көрмесін өткізді. Барлық сыныптар арасында

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сынып сағаттары өткізілді. «Тіл – әр

халықтың байлығы» тақырыбында кітапханашы Алясхарова Г.М.  көрме  ұйымдастырып қана қоймай,   орта

буын оқушылары арасында «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында

дөңгелек үстел өткізді. «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ кепілі» атты

интеллектуалдық ойынды орыс тілі пәнінің мұғалімі Нурмуханбетова Г.О. өткізді.

«Маленькие знатоки языков» атты интеллектуалдық ойынды бастауыш сынып мұғалімі

Капашова Б.Б. өткізді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мажиманов С.Қ.

ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл  - менің

тілім» атты сайысын өткізді.  «Фестиваль

народов Казакстана» атты мерекелік концерт  

тілдер  мерекесіне  арналған 

оңкүндікті  аяқтады.

30 – қыркүйек - Қарттар күні.   Мектеп 

оқушылары және ұстаздар қауымы  

ата-әжелерімізге  мерекелік

концерт ұйымдастырды. Бұл күні мектебіміздің төріне қариялар мен қонақтар

жиналды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Қарияларымызға «Күншуақ»

шағын орталығы би билеп өз өнерлерін сыйласа,  6 «А» сынып оқушыларының орындауында «Әке мен

Ана» әнің нақышына келтіріп орындады. 2- 4 «Б» сынып оқушылары ата- әжелерге

арнап шағын қойылым көрсетті.  Ең

қызықты  көрініс ол ата-әжелеріміздің

«Жастар»  биі  болды. 

Мерекелік концерт соңында осындай өнегесі  мен парасаты мол қарттарымыздың күнінде

жүргізушілер ауыл қарияларына денсаулық, ұзақ өмір   жылы

тілектер жазылған өлең жолдарын  арнады.  Қарияларды  сыйлап, қонаққа шақырған ауыл әкіміне, мектеп

ұжымы мен оқушаларына алғысын айтып, ауыл ақсақалы Елтай ата ақ батасын берді.

Сондай – ақ мектеп оқушылары қарттар күніне орай ауылымыздың қарияларының үйіне

барып өздерінің көмектерін көрсетті.  Қариялардың

 үйлерінің ауласын тазартып,  ауланың шөптерін жинап,  ризашылығын алды.

          

 Ұстаздық-қызық та бейнеті көп

мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,

икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін

мамандық та – ұстаздық мамандығы.Ұстаздар күні- өте жылы, оқушылар өздерін

мұғалім рөлінде, ал ұстаздар өздерін оқушылар ретінде көре алатын күн.Осындай

өнегелі де ардақты жандардың мерекесіне арнап мектебімізде 1 – қазан күні

толықтай оқушылар таңертең ұстаздарды қарсалып құттықтаудан бастап, сабақ беру,

мерекелік концертке дейін  оқушылардың

ұйымдастыруымен өтті.  Оқушылар

мұғалімдерге арнап өлең жырларын, ән мен билерін сыйлады.

             Қазанның 15 –і күні мектебімізде «Алтын

күз» атты күзгі бал өткізілді. Күзгі бал мерекесінде оқушылардың өнерлері мен

білімдерін сынайтын, бағалайтын әділқазылар алқасы құрылды. Мерекелік

бағдарлама 3 сайыстан тұрды: таныстыру, киім үлгісі, қолдан жасалған  табиғи бұйымдар. Осындай қызықты да әсерлі,

сары алтынға малынған берекелі де мерекелі күз, мерекесін біздің мектеп

оқушылары осылайша қарсы алды. Болашақта біздің мектебімізде оқушылардың

бойында түрлі шығармашылық қабілеттерді ашатын мерекелер мен мектепішілік  шаралар өз жалғасын таба бермек.

              Мектебіміздің аға тәлімгері, оқушылардың

өзін-өзі басқару тобы және еріктілер тобы жоспар бойынша жұмыс атқарып  жатыр.  

Қазан  айында  еріктілер қозғалысының жиналысы болды.   Оқушылар 

өз міндеттерімен танысып, зейнеткерлердің  тізімін 

құрып  және жұмыс жоспарын  құрды. Еріктілер  тобы 

және аға тәлімгер үнемі барлық іс шараларға қатысып отырады.

               Жастар еліміздің болашағы, сол себептен

елімізде жастардың дамып, жетілуіне толыққанды білім алып, қоғамда дұрыс жол

тауып қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. 

Мектебімізде оқушылардың дін туралы теріс жалған  түсініктерге еріп кетпеуі үшін қазан, қаңтар

айларында дінтану, тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ислам,

христиандық және басқа да діни ағымдар», 

«Жастар және дін», «Дін және өнер» 

әңгімелесу сағаттары өткізілді. Дін мен саясаттың ара қатынасы

экстремизм лаңкестік әрекеттер өріс 

алған  арнайы  түсіндіріліп, әңгімелесу барысында  күнделікті 

өмірде болып жатқан  жағдаяттармен

салыстырып, әр түрлі ақпарат 

құралдарын  пайдалана  отырып түсіндірілді. Оқушыларды дүниедегі

діндер жайлы ақпараттандыру мақсатында жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Әлем

діндері» атты бейне фильм көрсетілді. 8 – 9 сынып оқушылары өздері дайындаған

«Ислам, Христиан, Будда діндері» тақырыптарында рефераттар оқылды.  Тарих   пәнінің 

мұғалімдері Жанадилов Т.С. және Тасмаганбетова Ж.С. оқушылармен

«Зайырлы  қоғам»  тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді. Осында  қарастырылған 

сұрақтар: дін мәселесі, хиджаб , халықаралық  терроризм туралы  оқушылар 

пікірталасты.

           Адамның

басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықтың қас жауы – бұл ауру. Ал аурудың ең азаптысы

– ЖҚТБ. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ

мерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты

бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі

атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. Оқу жылының басынан

оқушыларымыз салауатты өмір салтын ұстанып түрлі зиянды әдеттерден аулақ болу

мақсатында спорттық іс – шаралар мен мектепішілік мерекелерге, қоғамдық

жұмыстарға белсене араласты. «Біз есірткісіз өмірді

қалаймыз!» республикалық шығармашылық жұмыстар конкурсына есірткі және нашақорлық жайлы «Есірткі – ел қауіпсіздігіне, әлем қауіпсіздігіне төнген қатер», «Жайбарақаттылық –

нашақорлықтың одақтасы»,  «Денің сау болса, қандай тамаша!», «Берік отбасы – есірткіден

алыс» тақырыптарына шығармалар

жазды. Ауыл медбикесі  Баракбаева С.К.  қыздар 

арасында «Жыныстық 

қарыс-қатынас», «Жұқпалы 

аурулар»  туралы дәріс  оқыды. 

Осыған орай  7 – 9 сынып оқушылары

арасында «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден» тақырыбында суреттер көрмесі және

«ЖҚТБ туралы не білесіз?» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларды

салауатты өмір сүре білуге, шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың  адам ағзасына тигізетін  зиянды әсерлерін айтып, солардың салдарынан

туатын аурулар туралы оқушыларға түсінік берілді. Оқушылар ЖҚТБ   жайлы

рефераттар оқып және де   ситуациялық сұрақтар қойылып, өз ойларын ашық

айтып жауап беріп, ЖҚТБ -ға  деген

қарсылықтарын сурет салу арқылы білдірді. ЖҚТБ  адамзат алдында тұрған  қиын проблема ол тек медициналық қана емес,

әлеуметтік проблема. «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста» деп

Ы.Алтынсарин айтқандай. Салауатты өмір сүріп, аман-есен жүрейік.

              Мектебімізде оқушылардың құқықбұзушылық

әрекеттерін алдын алу, болдырмау мақсатында сынып сағаттары, сыныптан тыс іс –

шаралар, сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру

кезінде жүзеге асырылады. Оқушылардың жол – көлік жарақаттануын алдын алу

мақсатында  «Жол тәртібін білейік, аман –

есен жүрейік», «Жол тәртібі» атты тәрбие сағаттары өткізілді.   «Түнгі көшедегі балалар» акциясын

ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс – шаралар жоспарын орындау үшін, кәмелетке

толмағандар арасында құқық бұзушылықты, қараусыздық пен панасыздықты болдырмау

және алдын алу, білім алудан бас тартатын балаларды анықтау және оларды

мектепке қайтару үшін жедел шаралар қабылдау мақсатында «Түнгі көшедегі

балалар» рейді өткізіледі. «Түнгі көшедегі балалар» рейді кешкі және түнгі

уақытта ата – аналарсыз өз беттерімен көшелерде   жүрген балалар  анықталған жоқ.  Қазан 

айында  ауылдық  участкелік 

инспекторы  Алмуханов О.К.    кездесу 

өткізілді. Оқушыларды   заңның 

баптарымен  таныстырып  қоймай 

Ақмола  облысында  болып 

жатқан  оқиғалармен  таныстырды. Мектебімізде  тәртіп бұзып жүрген  оқушылар 

жоқ. Қандай да   оқиға болып  жатқан 

өзінде  де сол  уақытта 

оқушылармен  әңгімелесу  арқылы 

жұмыс  жүргізіледі.  Сынып 

жетекшілер ата-аналар 

жиналысында   олардың  құқығы 

мен  міндеттері , жасөспірімдер  арасындағы жыныстық  қарым 

қатынасы, отбасындағы қатыгездік, 

зорлық- зомбырлық   туралы  айтылып 

отырылады.                  

Кен ауылында ата – ананың қарауынсыз, нашар отбасынан шыққан бала жоқ.

Мектебімізде үлкендердің балаға зорлық зомбылық әрекеттерін жасауын алдын алу

мақсатында түрлі әңгімелесу, түсіндіру шаралары ескеріліп , мектебімізде сенім

телефоны жұмыс жасайды. «Зорлық зомбылықсыз балалалық шақ» акциясы мектептің

оқушылар кеңесінің мүшелері өз қолдарынан жасап, безендірілген парақшаларды

таратудан басталды.  Акция мақсаты

отбасында балаларды зорлық зомбылықсыз махаббатта тәрбиелеу, зорлық зомбылықты

алдын алу болғандықтан, ата – аналарға да арнайы анкеталық парақшалар таратылды.   Сынып 

жетекшілер    сынып жиналысында   әр түрлі тақырыптарға баяндамалар,  сауалнамалар : “Бала көшеде және үйде”, «Қиын

бала дегеніміз кім?», «Өзін – өзі басқару», «Мінез құлықты қалыптастыру»

қарастырылды.  Мектеп психологы  «Сіздің балаңыз қандай?», «Бала – өмірдің

гүлі», «Мен және балам»  тақырыптарда сауалнамалар

мен тренингтер өткізді.  Мектеп пен ата –

ана арасында осындай байланыс жасалып тұрса, бала тәрбиесіндегі қиындықтарды

шешу, еліміздің тәрбиелі азаматтары мен азаматшаларын  қалыптастырудағы бірізділік айқын және үздік

нәтижелерге жетуге жол салады деп ойлаймын.

             Ұлттық валюта күніне орай мектебіміздің

кітапханашысы Алясхарова Г.М. оқушылар арасында «Ұлттық  валюта - тенге»  атты дөңгелек үстел өткізді. Тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі теңгемен терең

танысу мақсатында теңге тарихы, оның ерекшелігі, ұлттық валютамыздың дизайны

оқушыларға түсіндірілді. Арнайы стенд шығарылып, алғашқы теңге үлгілерімен

таныстырылды. Оқушылар бойында ұлттық валюта дербестіктің белгісі екендігі,

еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің факторы екендігі туралы ой

қалыптастырылды. «Теңге – мемлекет келбеті» атты викториналық  сұрақтар арқылы теңгенің өмірге келу тарихы,  теңге жасап шығаруға байланысты жұмыстар жайлы

деректер берілді. Оқушылар теңге туралы дайындаған  әкелген реферат, шығарма, өлең жолдарын оқыды.

Өткізілген шара оқушылар бойында туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікті

оятты.

               Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ   Тұңғыш

Президент күніне арнап, Балалармен жасөспірімдердің қоғамдық бірлестігінің

көшбасшыларының «Нұрсұлтан нұры - 2016» байқауын өткізді. Жарқайың ауданында

өткен «Нұрсұлтан нұры» байқауында    мектебімізден 

9 «А» сынып оқушысы  Пшембаева

Динара барып өз білімін сынап қайтты. «Нұрсұлтан нұры» байқауы  мектебіміздің 5-8 сынып  оқушылар арасында  өткізілді.  Сайыс екі кезеңнен тұрды: «Болашақта кім

боламын» және «Егер президент болсам». Оқушылар екі кезең бойынша өз өнерлерін,

сөз шеберлігін көрсете  білді.

Сайыстың  қорытындысы  бойынша; 

бірінші орынды 7 «А» сынып оқушысы Тлеугабылов Ерболат, екінші орынды 6

«А» сынып оқушысы Алясхарова Арай, үшінші орынды 5 «А» сынып оқушысы Болатов

Темірлан ие болды.

             Желтоқсан оқиғасы халқымыздың азаттық

жолындағы сан ғасырлық күресі тарихында ерекше орын алады. Сондықтан «Желтоқсан

оқиғасы біздің қасіретіміз, болашағымыз, мақтанышымыз»,- деп М. Шаханов ағамыз

айтқан. Кен негізгі мектебінде 16 желтоқсан 

Тәуелсіздіктің   25  жылдығына 

орай  жоспары  құрылып 

бекітілді. 16 желтоқсан 

Тәуелсіздіктің   25  жылдығына 

келесі  іс-шаралар  өткізілді: «Менің  Қазақстаным – менің  болашағым», 

«Құқық  білгіш» ,«Мемлекеттік  рәміздер» ,«Бірлігі  жарасқан Қазақстан»,  «25 

жақсы  істер:  ардагерлерді 

ардақтайық», «Адам  және  заң», «Государственные  символы 

Республики  Казахстан  - духовный 

ориентир  народа»,  «Патриот 

толқынында», «Госудаственная 

граница  и  государственная  территория », «Роль  главы 

государства  в  процессе 

международно-прававого  

оформления  государственных  границ 

как  важного  признака 

государственности  и  суверенитета », «Ынтымақ  түбі - 

береке», «Глобальные  инициативы  Елбасы», «Нурсултан  Назарбаев: глобальные  инициативы 

мира  и  согласия », «Мен  және 

заң», «Өмір  стильдегі  эко»,  

«Тенге  -  ұлттық 

валюта» , «Ұлттық  валюта».  Өзін -өзі 

басқару  ұйымы  «Алтын 

теңге  »  атты 

қабырға  газеттерін  шығарды. Сынып   жетекшілері 

«Атомная  трагедия  21 века», 

«Чернобыль – ерлік  орны»,

«Елім  деп  соққан 

жүрегім»  атты  сынып 

сағатарын  өткізді. Аға  тәлімгер Оразқызы Қ.  «Жанұясыз адам – бұл тамырсыз, сабақсыз,

жапырақсыз және жеміссіз ағаш»  

атты  фотосурет  көрмесін 

ұйымдастырып  оқушыларды    таныстырды.    Бастауыш   

сынып  жетекшілері  «Ерінбей 

еңбектен »  атты  пікірталас 

өткізді. Пікірталас өте  қызықты,

оқушылар өз  пікірлерін  айтып 

қана  қоймай  постерге 

өздерінің  кеңестер, ойларын  жазды. 

Мектеп    кітапханашысы  Алясхарова Г.М.  ұйымдастыруымен  «Астана – мемлекетіміздің  жүрегі» 

атты  кітап  көрмесін ұйымдастырды.  Көрмеде 

Астана  туралы  көп 

ақпараттар, кітаптар және ұлы 

жазушылардың  шығармалары  жинақталған,     оқушылар 

шығармалармен қызыға  танысып  өздерінің 

дайындаған  өлең  жолдарын 

оқыды. 

           Мектеп  

тәлімгері Оразқызы Қ. 

басқаруымен   салтанатты   лездеме 

Қазақстанның Республикасының гимнімен, 

бір минуттік үнсіздікпен басталды. Лездемеде оқушылар өлең шумақтарын

оқып, 8-9 сынып оқушылары  көрініс-қойылымдарын

 қойды. 

«Желтоқсан  жаңғырығы-

Тәуелсіздік» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.  Оқушыларды 

қызықтыра  қоймай,  кітапханашы 

Алясхарова  Г.М. , викториналық  сұрақтар 

қойылып, оқушылар өздерінің  

белсенділіктерін   көрсете  білді . 

Сонымен қатар «ҚР –ның Тәуелсіздік күні» тақырыбында ең үздік эссе

байқауы өтті. 6«А»сынып оқушысы Бөлтірік Аружанның  «Тәуелсіз Қазақстаным» және 8 «А»сынып

оқушысы Алясхарова Гүлімнің «Тәуелсіздік-тұғырым» атты эссе жұмыстары газет

бетіне жарияланды.  Дене  шынықтыру 

пәнінің   мұғалімдері  оқушылар 

мен  мұғалімдер  арасында 

волейбол, мини-футбол 

ойындарын  өткізді. Ойын  өте тартымды, 

қызықты  өтті.  Сонында 

женімпаздарды  марапаттады.   «Астана-тәуелсіз еліміздің бойтұмары» атты

мерекелік концерт ұйымдастырылды. Барлық сыныптар белсене ат салысты. Оқушылар

өз елінің тіл жанашырлары екенін тағы да дәлелдеді. Қазақстанның көп ұлтты

екенін, тату-тәтті ынтымақпен ғұмыр кешіп жатқанын өздерінің суреттері арқылы

көрсете алды.

             26 желтоқсан күні Державин қаласында біздің

балаларымыз Паизова Ж, Досмуханова Қ. Аудандық Әкімшілік Жаңа жылдық

ертеңгілікке қатысты. Аудан  әкімі

Үйсімбаев А.С. оқушыларды құттықтап 

сыйлықтар  сыйлады.. Оқушыларға ертеңгілік

 өте қатты ұнады.  Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып

мерекелердің бірі. Жаңа жыл – жаңару, даму, ілгерілеу. Жаңа жыл – өткенге

салауат айтып, болашақтан үміт күту.  Тағы

бір жыл артта қалып, төрімізге Жаңа жыл келмек. Санаулы күндерден кейін ескі

жылмен есептесіп, Жаңа жылды құшақ жая қарсы аламыз. Барша жұрт келе жатқан

жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.  Осы ретте, яғни Жаңа жыл қарсаңында  мектебімізде  Жаңа жылдық ертеңгіліктер 28 желтоқсан күні

өткізілді. 0 – 5 сыныптар арасында «Жаңа жыл жыры» атты ертеңгілігі. ұйымдастырылды.

 Оқушылар  би билеп, әндер жырлап, ертегілер қойылымын   көрсетте 

білді,  әр түрлі ойындар ойнады.

Сонымен қатар ескі жылмен қоштасып, жаңа жылын құрметтеп қарсалды. 6 – 9

сыныптарда Жаңа жыл  кеші  қызықты өтті. Аяз ата және Ақшақар өз  өнерлерін  көрсеткен оқушыларға жақсы  тілектерін айтып , сыйлықтарын   сыйлады.

              

Жастарымызды патриотизмге тәрбиелеп қана қою жеткіліксіз. Ол үшін ұлттық

идеологияны күшейтіп, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дархан

пейілін, ұлтжандығын қайсарлығын насихаттап көрсете білуіміз керек. Сонда

ғана  өз Отанын сүйетін, абыройын

асқақтата алатын шын мәніндегі жанашыр жалынды жастарды тәрбиелеуге мүмкіндік

туады.

Сонымен

қатар мектебіміздің дарынды деген оқушылары республикалық қашықтықтан

өткізілген байқауларға қатысып дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Атап айтатын болсақ қазан және желтоқсан

айлары бойынша қатысқан оқушылар:

 

 

Оқушының аты –жөні  

  Ф.ИО. уч-ся

Қатысқан байқауының атауы

Участие в конкурсах

Марапаттауы, 

награждение

Жұмыс түрі      

   Вид работы

Жетекшісі        

Руководитель

1

Байдильдина Ақкенже

«Қарттарым-асыл қазынам»

ІІ дәрежелі диплом

Шығарма

Оразқызы Қ.

2

Абельдинова Махаббат

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз

бірлікте номинациясы»

I дәрежелі диплом

Өз өлеңін жазу

Нурмуханбетова Г.О.

3

Исатаев Алишер

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз

бірлікте номинациясы»

II

дәрежелі диплом

өз өлеңін жазу

Нурмуханбетова Г.О.

4

Мотова Виолетта

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз

бірлікте номинациясы»

II дәрежелі диплом

өз өлеңін видео арқылы жіберу

Нурмуханбетова Г.О.

5

Алясхарова Арай

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз

бірлікте номинациясы»

III дәрежелі диплом

өз өлеңін видео арқылы жіберу

Нурмуханбетова Г.О.

6

Пшембаева Динара

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауына қатысқанын

растайды.

Қатысқаны үшін сертифи

Кат

Эссе жазу

Нурмуханбетова Г.О.

7

Мұқыш Жанболат

«Алдар көсе мен бай»

1 дәрежелі диплом

Сурет

Оразқызы Қ.

8

Алясхарова Арай

«Ұстазым мақтанышым»

Алғыс хат

Шығарма

Оразқызы Қ.

9

Втюрин Богдан

«Если бы я поймал золотую рыбку...»

Сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

10

Втюрин Богдан

«Глава нашего государства»

Сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

11

Тарковская Ксения

«Если бы я поймала золотую рыбку...»

Сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

12

Тарковская Валентина

«Если бы я поймала золотую рыбку...»

Сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

Дети – наше  богатство, а  самое 

ценное  их  ворспитание

                 Воспитания  

современной молодежи , несомненно, заслуживают самого пристального

внимания, так как речь идет о завтрашнем дне Казахстана, ценностных ориентирах

нашего общества, о национальной безопасности страны, корни которой кроются в

воспитании, творческом развитии, гражданском становлении подрастающего

поколения. Воспитательная работа – это целенаправленная деятельность по

организации совместной жизнедеятельности взрослых и детей с целью наиболее

полного их саморазвития и самореализации. Направленность

государственной политики на целостность  воспитания учащегося как

гражданина Республики Казахстан и обес­печение его конституционных прав нашли

отражение в  Концепции этнокультурного образования в РК,   

Концепции правового обучения учащейся молодежи в Республике Казахстан,

Концепции государственной молодежной политики в области образования РК,

Концепции по нравственно-половому воспитанию в РК, Концепции гуманитарного

образования в Республике Казахстан, Комплексной программе воспитания в

организациях образования Республики Казахстан Государственной программе

патриотического воспитания граждан РК.

              

Вся воспитательная и образовательная деятельность в  Кенской основной  школе  основаны на потребностях и интересах

детей, традициях школы, культурном наследии, необходимых для личностного

развития.  Основными

компонентами воспитательной системы являются воспитание учащихся через культуру

своего народа, общешкольные дела, кружки по интересам, ученическое

самоуправление – детская общественная организация юных патриотов, внешкольная

деятельность, объединение классных руководителей, школьное

социально-психологическое сопровождение, работа с родительской общественностью,

работа с детьми «группы повышенного внимания» и их семьями.

Воспитательная работа в школе осуществляется по следующим направлениям:

1. Воспитание казахстанского 

патриотизма  и  гражданственности ,правовое воспитание.

2. Духовно - нравственное воспитание.

3. Национальное  воспитание.

4. Семейное воспитание.

7. Трудовое, экономическое 

и   экологическое  воспитание.

5. Поликультурное  и  художественно-эстетическое воспитание.

6. Интеллектуальное воспитание.

7. Патриотическое воспитание, 

воспитание  информационной  культуры.

8. Физическое воспитание, здоровый 

образ  жизни.

 

 

              Молодость - это начало творческого поиска,

только в этом возрасте человек верит в свои силы, готов горы свернуть, он   талантлив во всем - и в спорте, и в

политике, и в бизнесе,  проявляет

лидерство. В  одной  из 

послании "Мы вместе  построим

Будущее !" Президента нашей  страны

Н.А.Назарбаева народу  Казахстан,

отметил,   что   главной    

задачей является  «Воспитание

молодежи, - это улучшение  работы по

формированию здорового поколения, воспитание 

чувства   патриотизма,  любви к 

своей  Родине  и народу.

           

Одним из знаменательных 

мероприятий  в нашей  школе 

в  новом  учебном 

году - это день  Знании. Ежегодно  школа 

открывает  свои  двери 

для  гостей, родителей  и ученикам. 1 сентября –  прошла  

торжественная  линейка   «Я 

патриот  своей  страны»,

посвященная  к 25-летию Независимости

Казахстана.   На  торжественной 

линейке выступил  директор школы  Кадиров

Ж.Б.  пожелал  всем 

гостям, учителям, родителям и ученикам: крепкого  здоровья, успехов  в работе и учебе. Поздравить  наших 

первоклассников пришли  директор

Хлебной  базы №5 Мухамедкалиев Ж.Н.,

главный  методист отдела  образования Жаркаинского района Мажитова

К.М., руководитель  отдела  ветеринарии Жаркаинского района Исахов  А.Е. и 

аким  Отрадненского  сельского 

округа Куандыкова Р.М., они 

пожелали  первоклассникам

хороших  успехов  в учебе, спортивных  достижении и подарили подарки.

Выпускники  9 классов    и ученики 1 класса  поздравили всех с праздником, пожелав  хорошей 

учебы и  здоровья. По  традиции право  на 

первый  звонок  предоставили 

ученицам  9  классов Пшембаевой Динаре и  Мотовой  Виолетте,  

а  также  ученикам 1 класс Абельдинову Аслану  и Мусулманбекову Мадияру. После  торжественной 

линейки   все  родители 

и ученики вместе с классными 

руководителями прошли к  своим  кабинетам, где  прошел  первый 

урок – классные  часы.    В  начальных 

классах  прошли  классные 

часы на  тему  «Я 

патриот  своей  страны», в 

старших  классах «Мәңгілік ел Қазақстан».  Все 

классы  были  подготовлены , оформлены  к 

первому  уроку – классным  часам . Школьный  библиотекарь Алясхарова Г.М.  подготовила 

и познакомила  гостей,  родителей 

и учеников  с выставкой  «Мәңгілік

ел Қазақстан».

            В

стратегии «Казахстан-2050» Президент Нурсултан Абишевич Назарбаев подчеркнул,

что «Здоровье нации - основа нашего

успешного будущего». Отмечено, что физкультура и спорт должны стать особой

заботой государства, что здоровый образ жизни является ключом к здоровью нации.

В целях исполнения Плана действий Главы государства по реализации «100  шагов»

разработана Концепция развития физической культуры и спорта до 2025 года.

Только духовно и физически здоровая нация может достичь экономического

процветания, высокого социального уровня, именно тех задач, которые указаны в

Стратегии «Казахстан-2050  и в  плане

нации «100 конкретных шагов!»    Ежегодно   по  всему 

Казахстану  проходит

«Фестиваль  Здоровья». Учащиеся 

и учителя   школы  также   принимают  активное 

участие  в этом  празднике. Учителя  физической 

культуры Бакаев А.В. и Алтынбеков Д.Г. подготовили план  мероприятии 

«Фестиваль  Здоровья», в  котором 

принимали активное  участие  учащиеся 

и учителя  школы.  В 

программе:   осенний  кросс, велогонка, флэшмоб, веселая  эстафета 

и «Я  и моя  семья». Целью 

соревновании  является

привитие  у учащихся норм  и правил   

здорового  образа  жизни, 

обязательным условием формирования здорового человека, дальнейшего

сохранения его здоровья, являются занятия физкультурой и спортом.  Учитель   физической 

культуры Алтынбеков  Д.Г.

провел  соревнование «Я  и 

моя  семья», в  котором 

принимали участие 7  семей.

Каждая  семья  активно 

участвовала  во  всех 

конкурсах,  показали  свою находчивость,   физическую  

подготовку.  В конце  соревновании жюри  определил победителей, которые  были 

награждены  грамотами и

ценными  призами.  Сельская  медсестра Баракбаева  С.К. 

провела беседу  с ученицами  о половом 

воспитании, о вирусных 

заболеваниях, ранней 

беременности.   Учениками  

старших  классов  была 

подготовлена  выставка  рисунков 

«СПИД  чума  21 века». Комитет  самоуправление  школы 

организовала  круглый  стол 

на  тему:  «Что 

такое СПИД?». Основные  вопросы   которые 

рассматривались:  «Жизнь   без 

наркотиков», «Здоровый  образ  жизни», 

«Молодежь и СПИД ». Выступающие 

говорили о СПИДе, о здоровом образе 

жизни,  развитии молодежного

движения  против наркотиков,

табакокурения  и алкоголизма.

            В целях

выполнения закона РК "О языках в Республике Казахстан"   в

нашей школе огромная роль отводится организации работы по изучению и развитию

государственного языка.   С целью формирования и распространения идей духовного

единства, содействия сохранению межнационального  согласия и стабильности,

создания благоприятных  условий для изучения и совершенствования знаний

государственного и родного  языка, расширения воспитательного воздействия

традиций и обычаев разных народов; формирования осознанного отношения к

разнообразию языков, привития культуры общения на разных языках, стимулирования

социальных и нравственных мотивов выбора языка ежегодно в нашей школе мы

проводим цикл мероприятий, посвященных Декаде языков народов Казахстана.  Учебный  год

начинается с «Фестиваль языков  народов 

Казахстана».  Торжественная  линейка 

посвященная к дню Языков  народов

Казахстана,  началась с

торжественного исполнения Гимна РК. Затем учитель русского  языка 

и литературы  Нурмуханбетова

Г.О.  рассказала об истории праздника, о

значении языков в многонациональном Казахстане.   Учащиеся 

5-7 классов читали стихи  на казахском, русском, английских

языках.  Учитель ИЗО  Мангилев  В.В. 

подготовил  выставку на тему «Под  единым 

шаныраком».  Школьный  библиотекарь Алясхарова Г.М.   оформила 

выставку «Язык  -  богатство 

каждого  народа», посвященная

Декаде языков народов РК .  Классные 

  руководители  провели классные  часы 

на тему «Государственный  язык –

мой  язык».  Учителя начальных классов   провели  

круглый  стол  на 

тему «Тіл аса

қадірлеп ұстайтын байлығымыз»  среди  учащихся 

начальных  классов. «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ кепілі»

интеллектуальную  игру  провела 

учитель  русского  языка 

и литературы Нурмуханбетова Г.О. 

Игра  была  очень 

интересной и познавательной, учащиеся 

показали  свои знания.

Учитель  начальных  классов 

Капашова Б.Б. провела  с

учениками  начальных  классов 

«Маленькие  знатоки языков»  интеллектуальную  игру.   

Среди  учащихся  5-7 классов прошел

конкурс чтецов «Ана тілім- елдігім,ана тілім ерлігім », конкурс

«Государственный  язык – мой  язык» провел 

учитель  казахского  языка и 

литературы Мажиманов С.К. По итогам конкурса  победители были  награждены 

грамотами.  Традиционно декада завершилась праздничным  концертом  «Бір 

шаңырақ  астында ».  Все  классы 

подготовили свои   концертные  номера, каждый  класс представлял  свою 

нацию. Прозвучало   много  песен, стихотворении   на разных

языках. Ученики  смогли 

показать традиции,  народные  танцы 

других  народов.

         Говорят о зрелости

общества можно судить по тому, как оно относится к детям и старикам. Возможно,

так оно и есть, ибо старики - наше прошлое, а дети - будущее, и мы, не можем

существовать полноценно без этой неразрывной связующей нити. В   нашей 

школе  работает Тимуровская  команда, которая  всегда  

помогает  пожилым  людям: в 

уборке  территории  дома, двора. 

«Қарттарым  

асыл  қызынам» под

таким  названием  прошел 

праздничный 

концерт  посвященный  к дню Пожилых. В  этом 

день  в школу  пришли 

бабушки,  дедушки.    Аким  Отрадненского 

сельского  округа  Куандыкова Р.М.  организовала  чаепитие со 

сладостями, для пожилых  людей.

Учащиеся  нашей    школы  

подготовили  для  дедушек 

и  бабушек  праздничный 

концерт. Было  много  песен, танцев, стихотворении  и 

инсценировок.  Одно  из

самых 

ярких  представлении,это  когда 

внуки  пригласили  своих 

бабушек  и дедушек на  танец «Молодости». Всем  концерт 

понравился, гости  благодарили

организаторов   концерта и в конце Елтай

ата дал  свое  бата -благословение   детям.

            Учитель – это не просто профессия. Это состояние

души. Это образ жизни.   Это Личность,

находящаяся в гармонии с собой и окружающим миром. Это высокий профессионализм

в сочетании с талантом общения.   В тишине думает о своих

учениках, ставших уже родными. Про их вопросы, свои ответы. Про сказанные и

недосказанные слова, про сочинения и диктанты, сданные и несданные зачеты,

разбитые носы и коленки.   Пока  так -  школа никогда не затихнет, и

завтра школьный радостный народ, наполнит шумом этажи и классы. И к ним войдет

его величество учитель.  Каждый человек

проходит через волшебный, чудесный, сказочный мир детства. И очень важно, кто

поведет его странными тропами к познанию мира, открывая тайны знаний, 

науки.   В  этот 

день  в  школе  прошел  день 

самоуправления, где  дети  были 

учителями, а учителя  детьми.

Праздничный  день  начался 

с  утренней  зарядки 

и  поздравления учителям. В

каждом  классе  проходили 

уроки, как  обычно  бывает 

учителя  становясь  детьми, берут 

от  них все их  привычки, разговоры и проступки.  Комитет 

самоуправления  подготовил  праздничный 

концерт. Звучали  теплые  пожелания 

в стихах, песни  и танцы,

инсценировки из  школьной жизни. 

             Наступает

самая яркая пора – золотая осень. В программе  осеннем праздника   «Золотая 

осень»;  приветствие, показ 

моды,  осенние  поделки.   Каждая   команда   показала  свою   смекалку, работу в

команде,  находчивость.   Победителей 

наградили  грамотами  и сувенирами.

             Учителя  истории Жанадилов Т.С. и Тасмаганбетова

Ж.С.  организовали  круглый 

стол   учащимися 8-9 классов  на 

тему: «Светское  общество», в   котором, 

рассматривались  следующие  вопросы 

-  религия, хиджаб,    международный  терроризм, права  детей 

и   как вести себя  в 

непредвиденных  ситуациях.  Участковый   инспектор Алмуханов

О.К.  провел  беседу 

с учащимися 5-9 классов  о  правонарушений  среди 

несовершеннолетних. 

Познакомил  учеников с  изменениями  статей  в 

уголовном и  кодексе  и 

административных  штрафах,  правонарушениях.  В 

течении  года  в  школе  работает 

телефон  доверия.

          

Ко  дню  национальной 

валюты  школьный  библиотекарь Алясхарова  Г.М. 

подготовила  выставку  «Тенге»  и 

провела  круглый  стол  с

учащимися 5-8  классов. Учитель

казахского языка и литературы Мажиманов С.К. прочитал лекцию « Тенге

–национальная валюта» для учащихся 5-9 классов. 

             

Ежегодно в нашем районе проходит конкурс «Нұрсұлтан нұры - 2016», в котором  принимала участие наша ученица 9 «А» класса

Пшембаева Д. Старшая  вожатая школы

Оразкызы К. провела  среди учащихся 5-8

классов конкурс  «Нұрсұлтан нұры - 2016» .  Каждый 

участник конкурса  показал  свою 

презентацию  и  ораторское 

мастерство. В итоге 1 место занял ученик 7 «А»  класса Тлеугабылов Е., 2 место – Алясхарова

А., 3 место – Болатов Т.

       

К  25 летию  Дня 

Независимости Републики Казахстан 

был  составлен  и утвержден 

план  работы. Основной

целью празднования 25-летия Независимости является дальнейшее укрепление

государственности,  единства народа и

консолидация всех казахстанцев вокруг ценностей "Мәңгілік

Ел".Основными задачами празднования 25-летия Независимости Республики

Казахстан являются: демонстрация достижений и успехов Казахстана за 25 лет

Независимости; продвижение общенациональной патриотической идеи "Мәңгілік

Ел" и ее ценностей, которые являются ядром консолидации казахстанского

общества для дальнейшего успешного развития; укрепление идентичности и единства;

укрепление чувства гордости за страну; вовлечение всех граждан страны в

реализацию главной стратегической задачи государства - вхождения в 30-ку

развитых стран мира.  Согласно составленного и утвержденного   плана 

прошли  следующие  мероприятия: 

« Мой   Казакстан – мое  будущее», «Знатоки  права», «Государственные  символы», «Государственные  символы 

Республики  Казахстан  - духовный 

ориентир  народа», « На  волне патриотизма»,  «25 добрых дел», «Роль  главы 

государства  в  процессе 

международно-прававого  

оформления  государственных  границ 

как  важного  признака 

государственности  и  суверенитета »,  «Нурсултан 

Назарбаев: глобальные 

инициативы  мира  и 

согласия », «Тенге  -  национальная 

валюта»,  «Атомная  трагедия 

21 века», «Чернобыль – место 

героизма» ,   «Жизнь  в стиле эко», классные  часы, книжные 

выставки, торжественная  линейка,

внеклассные  мероприятия.  Учащиеся, родители   и учителя 

принимали активное  участие  во 

всех мероприятиях.  В  завершении месячника прошел  праздничный 

концерт     «Астана-тәуелсіз еліміздің бойтұмары».

Праздничный  концерт  начался с показа видео «Декабрьские  события». Ученики 1 классов  и воспитанники  мини-центра «Куншуак» прочитали   стихотворения  о Независимости Казахстан.   Прозвучали 

песни о Родине, о единстве, учащиеся школы показали танцы  народов 

Казахстана.

        В  ежегодной акимовской  ёлке   ученицы

нашей  школы  Досмуханова К 

и   Паизова Ж. приняли  активное участие и плучили  подарки от акима района.   Новый год один из  самых 

ожидаемых  не только  детьми, но 

взрослыми праздник. 28  декабря

0-5 классх  прошел  новогодний 

утренник, дети в  сопровождении

своих  мам  и бабушек 

пришли на  праздник.

Сказочные  персонажи, Дед  Мороз 

и Снегурочки  смогли не  только поднять  настроение 

присутствующих, но весело 

провести новогодний  утренник

для  детей. В тот же  день 

прошел  новогодний  вечер 

для  старших  классов. На 

новогоднем вечере, что участники конкурсов  показали 

свою  смекалку, артистичность,

позитивное  настроение.  Самое 

интресное  это был  розыгрыш 

лотореи, организаторы  вечера  смогли подарить  праздничное 

настроение  всем  присутствующим.      Все

проводимые мероприятия проходят на хорошем уровне, способствуют закреплению

нравственных, эстетических, патриотических и гражданских качеств личности.

Поставленные цели и задачи по воспитательной работе в начале

учебного года планомерно выполняются.

              Во втором полугодии   учебного года в рамках

гражданско-патриотического воспитания целесообразно продолжить создание условий

для формирования нравственных ценностей и ведущих жизненных ориентиров.

Провести  цикл классных мероприятий по воспитанию патриотизма и

гражданственности, Необходимо продолжить создание условий для развития

творческих способностей, привлекать учащихся и их родителей к организации и

проведению праздников и др. мероприятий.

 

 

 

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст