«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ

24.02.2017

Күні:19.10.16.                             

Пәні: Қазақ тілі                   

Сыныбы: 5 «А»

Сабақтың  тақырыбы :    АНТОНИМДЕР                                            

Сабақтың мақсаты :  

Білімділік – антоним сөздерді бір-бірімен  салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың

өздері ойланып шығаруға бағыт беру ;

Дамытушылық – ұжымда  жұмыс істей білуге, өз ойларын еркін айтуға, оқшының

тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей

отырып, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін бойына сіңір:

Сабақтың түрі : ашық  сабақ

Сабақтың  әдісі : сұрақ-жауап, ұжыммен  жұмыс, тілдік талдау, топтастыру.

Көрнекілігі : плакатта жазылған сөздер, кеспе

қағаздар, түрлі-түсті суреттер.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылардың

назарын аудару ;  ә) сабақтың тақырыбы, оның

мақсат-міндеттерімен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сөздердің синонимін тауып жазу. Тұрақты тіркесті де алуға болады.  Дәрігер, емдеуші. Оқушы, шәкірт. 

Ұста, зергер. Мұғалім, ұстаз. Шебер, пысық. Мақтану, бөсу. Жазу, төсеу,

жаю. Қорқу, үрейлену, шошыну. Қуану, шаттану. Ажарлы, келбетті, әдемі.

Әзір болу, дайын болу. Сыйлау,

құрметтеу.     Көп сөйлеу, аузы аузына

жұқпау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақтаға көрнекі етіп жазылған плакат ілемін. Онда антоним

сөздерді түсіндіру үшін төмендегідей мақал-мәтелдер жазылған.

                 

Үлкенге – құрмет,                                     Әдепті

бала – арлы бала,

                 

Кішіге – ізет.                                            

Әдепсіз бала – сорлы бала.

  Сонымен қатар

биік таудың суреті мен аласа таудың суреті, кактус гүлі мен адыраспан шөбін

салыстыру арқылы оқушылардан не түсінгендерін және ереже шығару керек екендігі

ескертіледі.

   Оқушылар : - Мағыналары бір-біріне

қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер

деп аталады.

   - Балалар,

антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағыналары бірдей

емес.Оларды былайша салыстырып көруге болады.

                              Антонимдер                                      

Болымды-болымсыз

                              Жақсы-жаман                                    

жақсы-жақсы емес

                              ал-бер                                                  ал-алма

                              сулы-құрғақ                                        сулы-сусыз

  

 

 

 

 

 

Антонимдер – ойды әсерлі,бейнелі түрде

жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе

жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.

   Тақтамен жұмыс. Мәтінді көшіріп жазып, тірек сөздердің астын сызыңдар.

   «Қандай әсем

сөйлейді!» деген сөйлем тілдің қандай сипатына байланысты  айтылып тұр?

 

 

Тез, шебер сөздерінің антонимдерін тауып жазыңдар.

   Тез – жай, шебер

– олақ.

Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі

түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мысалы, ғасырлар бойы атадан балаға мирас

болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер көп

қолданылады. Біз оған мына сөзжұмбақты шеше отырып, көзімізді жеткізе аламыз.

Сұрақтары:

1)Ақылдан жақсы дос жоқ,  Ашудан

жаман  …  жоқ.  2) Ашу – … ,  ақыл – дос.

3)

Дос …  айтады, 

дұшпан күлдіріп

айтады.  4) Көз - … , қол – батыр.

5)

Ащы мен тұщыны татқан білер,

 …   мен алысты жортқан білер.  

6)

Жақсыдан үйрен,

жаманнан   …  .

7) Алтын   …   , алғыс ал.

Ойды бейнелі түрде жеткізеді

Мағыналары бір-біріне

қарама-қарсы болып келетін сөздер

Әсерлі түрде

қалды

Мақал-мәтелдерде

жұмбақтарда жарыса қолданылады

Болымды-болымсыздық мағыналары болады

Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында 3 оқушыға

үш  түрлі деңгейлік тапсырма беремін.

 1-деңгейлік

тапсырма.

Берілген жұмбақтың шешуін  тауып, антоним сөздердің астын сыз.

   Үсті тас, асты

тас,                                 

Аяғы бар, басы бар

   Ортасында піскен

ас.                             Арқалаған

тасы бар.

        (таба

нан)                                             

(тасбақа)

2-деңгейлік тапсырма.

Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі қолданыста

бірнеше антоним сөздер тауып жаз.

Мысалы : биік тау – аласа тау, ашық түс – қоңыр түс.

3-деңгейлік тапсырма.

Берілген тақырыптарға шағын әңгіме жазу немесе өлең

шумақтарын құрау

(ішінде антоним болуы шарт).

Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны.

Мақалдың жалғасын табу

       Ашу . . . .

. (дұшпан)                                 

Ақылдан жақын . . . (дос) жоқ

       Ақыл . . . .

(дос)                                         

Ашудан жаман . . . (қас) жоқ.

Бекіту кезеңі:

 

Білімін бағалау : Оқушылардың

ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : антонимдер (40-бетті оқу);  

 

 

Ақмола  облысы

Жарқайың  ауданы

Кен негізгі мектебі

 

Ашық сабақ

5 «А» сынып

 

 

Тақырыбы: Антонимдер

Өткізген: Мажиманов С.К.

 

 

Просмотров: 675


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст