«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер мерекесінің есебі

24.02.2017

Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні

мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің іс-шаралары туралы мәлімет

      Кен негізгі мектебінде Тілдер мерекесіне байланысты

біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына оқушылар мен

ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Тіліміздің қанатын кеңге жаюға

басқа ұлт өкілдерінің балалары да өз үлестерін қосты. Тәрбие ісінің меңгерушісі

 Какенова С.С. тіл мерекесіне арналған онкүндіктің

жоспарымен таныстыру мақсатында  лездеме

өткізіп, онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Қыркүйек айының 7-нен бастап  жоғары сыныптар  арасында онкүндіктің  жоспары құрылды. «Бір шаңырақ астында»

айдарымен Мангилев  В.В. суреттер

көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар өз Отанына, туған еліне деген

сүйіспеншіліктерін суреттер арқылы жеткізді. Көрмеде  мағыналы, тартымды сурет туындыларымен

ерекшеленген оқушылар марапатталды.

       Барлық

сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты  сынып сағаттары өткізілді. «Тіл – әр халықтың

байлығы» тақырыбына   кітапханашы

Алясхарова  Г.М. көрме және орта буын

оқушылары арасында  

«Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында  дөңгелек үстел 

өткізді. «Мәңгілік Еліміздің – Мәңгілік тілі»  тақырыбына қазақ тілінің мұғалімі Мажиманов

С.К. шығармалар  байқауын ұйымдастырды.  Қыркүйек айының  9 күні «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ

кепілі» атты интеллектуалдық ойынды орыс тілі пәнінің мұғалімі Нурмуханбетова

Г.О. өткізді. 10 күні «Маленькие знатоки языков» атты нтеллектуалдық ойынды

бастауыш сынып мұғалімі Капашова Б.Б.өткізді. Оқушылар бұл  ойынға үлкен дайындықпен,  тіл үйренуге деген құштарлығымен, талабымен

жан-жақты ізденіп қатысты. 

       Қазақ

тілінің мұғалімі Мажиманов С.К. ұйымдастыруымен 13 қыркүйек күні «Мемлекеттік

тіл – менің тілім» атты сайыс болып өтті. Бұл сайыста оқушылар төрт топқа

бөлініп, берілген сайыстың кезеңдерімен танысып, топпен жұмыс жасады. Сайыс

жалпы  алты кезең бойынша өтілді.

Оқушылар бұл сайысқа толық қанды дайындалып келгенін көрсете білді. 15 қыркүйек

күні «Бала тілі - бал» атты мәнерлеп оқу сайысын бастауыш сынып мұғалімдерінің

ұйымдастыруымен өтті.      

          Бұл

байқауда оқушылар тілдер мерекесіне байланысты өлең-тақпақтарын нақышына

келтіріп, мәнерлеп оқи алды. 16 кыркүйек 

күні онкүндіктің қорытындысы ретінде «Фестиваль народов Казакстана» атты

мерекелік концерт болды. Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға

тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін

бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне  деген сүйіспеншілігін арттырамыз.

         Б.

Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген

адам өз халқының тарихын,  дәстүрін,  мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай

алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай

сақтауға, білуге тиіс.

 

 

     Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:  Мажиманов С.К.

Просмотров: 3551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст