«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Пән бойынша мәлімет І ж.ж.

24.02.2017

Кен негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Мажиманов Сырым Қасымұлының

І жарты жылдық бойынша жүргізген жұмыстарының 

мәліметі

    2016 жылдың қыркүйек 

айының бірінші жұлдызынан бастап Ақмола облысы Жарқайың ауданы Кен

негізгі мектебіне қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап

келемін.  Маған 5 «А» сыныбына жетекшілік ету міндеті жүктелді.   5 сыныпта 3 оқушы. Оқушылардың сабақ

үлгіріміне келетін болсам, Болатов Темірлан үздік оқушы қатарынан көрініп, ал

Тортай Ерасыл мен Мусулманбеков Алдияр 

қанағаттанарлық оқушы қатарынан көрінді.

     Әдістемелік тақырыбым: «Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру». Әр сабағымда оқушылардың ана тіліміздегі әріптердің, сөздердің дыбысталуына,

айтылуына және мағыналарына аса назар аударуын, ойын ауызша және жазбаша тиімді

меңгертуді мақсат етіп қойдым.

      Өзін – өзі жетілдіру тақырыбым : «Қазақ

тілі сабақтарында байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамытудың жолдары » .

      Мен 5-9 сыныптарға  қазақ тілі мен

әдебиет пәндерінен  сабақ беремін.

Күнтізбелік жоспарым мемлекеттік стандартқа сай құрылған .

       Тілдер мерекесіне орай қыркүйек айында біраз іс шаралар жүргізілді .  бастауыш сыныптардың арасында  «Бала тілі бал  » атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. 5-9 сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл – менің

тілім» атты сайыс өткіздім. Сонымен қатар «Мәңгілік Еліміздің – Мәңгілік тілі»

атты шығармалар сайысы өтілді. Оқушылар тілдер мерекесіне арналған іс-шараларға

толық атсалысты. Мерекелік концертте 5 «А» сыныбы әділ-қазылар алқасының

шешімімен ІІІ орынға ие болды.  

   Сонымен қатар оқушылар  16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінің 25 жыл

толуына байланысты өткізілген мерекелік іс-шарасын 5 «А» сыныбы «Қ.

Рысқұлбеков» атты көрініс көрсетті. І жарты жылдықта пән олимпиадасы мен

«Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты байқаулар өтілді.

         Пәндер

бойынша сағаттар саны түгел, бағдарламаға сай. 

Оқушылар жаңа сабақты ақпараттарды өз бетімен меңгереді. Күнделікті сабақ жүргізу барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын

оятуға және әрбір өтілетін сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелесеміз

, мәтінмен жұмыс жасалады  және сөздік

жұмысы орындалады .

      Сонымен қатар жаңа тақырыпта танысқан жаңа

сөздерді жаттауға беріледі. Алдағы уақытта да  сыныбымдағы оқушылар жақсы жетістіктерге

жетеді деген ойдамын.

                

                  5 «А» сынып жетекшісі: Мажиманов Сырым Қасымұлы

Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст