«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 жартыжылдықтың тәрбие жұмысының есебі

27.02.2017

Кен негізгі мектебінің 2016 – 2017 оқу жылының

І жартыжылдық 

бойынша тәрбие жұмысының есебі

 

Тәрбие жұмысының

тақырыбы:

 «Оқушылардың мәдени  деңгейін, парасаттылығын тәрбиенің әдіс –

тәсілдері арқылы жетілдіру».

Тәрбие жұмысының

мақсаты:

«Оқушылардың

бойына азаматтық рухани ізгілікті, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру».

Міндеттері:

Ұжым

мүшелерімен сыйластық қарым – қатынаста болу, ұжым өмірінің ережелерін білу,

тәрбиелеу.

Мектепке,

туған тілге, ел рәміздерін құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікті

тәрбиелеу.

Еңбексүйгіштікке,

ұжымшылдыққа, шыншылдық пен адалдыққа азаматтық рухта тәрбиелеу.

Өз  іс – әрекетіне қорытынды жасай білуге,

тәртіптілікке, шынайы әрекетке тәрбиелеу.

       Жастық - ол ізденістің бастауы, осы жаста

ғана адам өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді,

барлық істе - спортта, саясатта, бизнесте болсын көшбасшылық танытады. Жастар

тәрбиесімен жұмысты  жақсарту, егемен еліміздің салауатты ұрпақтарын

қалыптастыру - Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты

Жолдауында атап көрсетілген басты міндеттердің бірі.

Білім күні.

       

Мектебіміздің жаңа оқу жылының басталуын білдіретін ерекше күн ол -

Білім күні. Мектебіміз де осы күні барша қонақтарға, оқушылар мен ата – аналар,

ұстаздарға есігін айқара ашты. Мектепте Білім күніне арналған «Мен  өз 

Отанымның  патриотымын»

тақырыбында салтанатты сап түзеу өтті. Салтанатты саптүзеуде мектеп директоры

Кадиров Ж.Б. оқушыларға, ұстаздарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Мектеп

қонақтары №5 «Астық қоймалары» базасының директоры  Мухамедкалиев Ж.Н. Жарқайың ауданының білім

бөлімінің  әдіскері Мажитова К.М.  және Жарқайың 

ауданының ветеринар басшысы Исахов Айлыбай Ережепович   мектеп табалдырығын алғаш аттаған

бүлдіршіндерге, мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, оқу

құралдар жиынтығын сыйлады. Сап түзеуде бірінші сынып оқушылары  өлең оқып, 

би биледі. Мектеп түлектері мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші

сынып оқушыларына өз тілектерін өлең шумақтары арқылы жеткізді. Алғашқы

қоңырауды соғу рәсімі тоғызыншы сынып оқушылары Пшенбаева Динара мен Мотова

Виолеттаға  және бірінші сынып оқушылары

Абельдинов Аслан  мен Мусулманбеков

Мадиярға  берілді. Басқа да еліміздің

мектептеріндегідей осы тақырыпта сынып сағаттары да ұйымдастырылды.  Әр сынып жетекші бірінші сабақтарына жақсы

дайындалып, бастауыш сынып 

оқушыларына  «Мен  өз 

Отанымның  патриотымын», жоғары

сыныптар оқушыларына   «Мәңгілік ел

Қазақстан » арналған  сынып  сағаттар 

өткізілді. Осы тақырыпта мектебіміздің кітапханасында  көрме жасалып,  мұғалімдер мен оқушыларды  кітапханашы Алясхарова Г.М.  көрмемен таныстырды.

Дені саудың жаны

сау.

       Еліміздің

ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы негізгі ұғымдардың бірі

денсаулық, білім және халықтың әлауқаты болып отырғандықтан, еліміздің барлық

жерінде жыл сайын қыркүйек айында «Денсаулық фестивалі» өткізіледі.

Біздің Кен негізгі мектебінде де «Денсаулық фестивалі»

барлық оқушылардың, ұстаздардың  және ата

– аналардың қатысуымен спорттық іс – шаралар ұйымдастырылды.          Денсаулық күні атап өту, бұл қалың

жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру,

адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін

өткізілетін іс- шара.

       Осыған

байланысты  біздің мектебімізде Денсаулық

күні мерекесі өте жоғары дәрежеде өтті. Күн тәртібіндегі бағдарлама бойынша іс

– шарамыз таңғы жаттығумен басталды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Какенова С.С

және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алтынбеков Д.Г. ұйымдастыруымен «Мен және

менім отбасым» сайысы өткізілді. Сайысқа барлығы 7 отбасы қатысты. Сайыс 5

кезеңнен тұрды. Сайыста әр түрлі ойындар жүргізілді. Бұл жарысқа отбасылар

белсене қатысып өздерінің мықты ойыншылар және салауатты өмір салтын

ұстанатынын көрсете алды. Топтар мадақтама қағазы және бағалы сыйлықтармен

марапатталды.

«Мемлекеттік тіл – менің

тілім»

       Тілдер

мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс – шара

жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Тілдер

мерекесінің онкүндік жоспары құрылды. «Бір шаңырақ астында» айдарымен бейнелеу

өнері пәнінің мұғалімі Мангилев В.В. суреттер көрмесін өткізді.

      Барлық сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл –

менің тілім» атты сынып сағаттары өткізілді. «Тіл – әр халықтың байлығы»

тақырыбында кітапханашы Алясхарова Г.М. 

көрме және орта буын оқушылары арасында «Тіл аса қадірлеп ұстайтын

байлығымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. «Үш тұғырлы тіл – жарқын

болашақ кепілі» атты интеллектуалдық ойынды орыс тілі пәнінің мұғалімі

Нурмуханбетова Г.О. өткізді. «Маленькие знатоки языков» атты интеллектуалдық

ойынды бастауыш сынып мұғалімі Капашова Б.Б. өткізді. Қазақ тілі мұғалімі

Мажиманов С.Қ. ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл 

- менің тілім» атты сайыс болып өтті.Онкүндіктің қорытындысы  ретінде «Фестиваль народов Казакстана» атты

мерекелік концерт болды.

Асыл қариялар.

     Қарты бар үйдің -қазынасы бар дейді,

-халқымыз. Отбасының тірегі әрі ұйтқысы немерелеріңіздің қорғанышы,

балаларыңыздың ақылшысы, асқар тауы даәрине осы кісілер. Ғұмырларыңыздың ең

қызықты да жарқыраған жастық шағын еліміздің өркендеуіне, келер ұрпақтың

игілігіне арнадыңыздар. Бүгінде қарттар күнін атап өту, оларға құрмет, қолдау

көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. 1 – қазан Халықаралық қарттар

күніне арналып  Кен негізгі

мектебінде Мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл күні мектебіміздің төріне

қариялар мен қонақтар жиналды. Қарияларға мерекелік дастархан жайылды. Мектеп

оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Қарияларымызға «Күншуақ» шағын орталығы би

билеп өз өнерлерін сыйлады. Мерекелік концертте 6 «А» сынып оқушыларының

орындауында «Әке мен Ана» әнің нақышына келтіріп орындаса, 2- 4 «Б» сынып

оқушылары ата әжелерге арнап шағын қойылым көрсетті.  7 – 8 «А» сынып оқушылары «Неміс»  ұлтының биін биледі. Мерекелік концерт

соңында осындай өнегесі  мен парасаты мол

қартарымыздың күнінде жүргізушілер ауыл қарияларына денсаулық, ұзақ өмір , т.б.

жылы тілектер жазылған өлең жолдарын 

оқыды.Қариялар осындай мерекеде 

қарияларды сыйлап, қонаққа шақырған ауыл әкіміне, мектеп ұжымы мен

оқушаларына алғысын айтып, ауыл ақсақалы Елтай ата ақ батасын берді. Сондай –

ақ мектеп оқушылары қарттар күніне орай ауылымыздың қарияларының үйіне барып

өздерінің көмектерін көрсетті. Ауыл 

қарияларының үйлерінің ауласын тазартып, 

ауланың шөптерін жинап, қириялардың ризашылығын алды.

 

 

Ұстаз болу жүректің

батырлығы.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбеков айтқандай,  ұстаз болу-жай мамандық емес. Ұстаздық-қызық

та бейнеті көп мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты

білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті

қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық.

     Ұстаздар күні-

өте жылы, оқушылар өздерін мұғалім рөлінде, ал ұстаздар өздерін оқушылар

ретінде көре алатын күн.Осындай өнегелі де ардақты жандардың мерекесіне арнап мектебімізде

1 – қазан күні толықтай таңертен ұстаздарды қарсалып құттықтаудан бастап, сабақ

беру, мерекелік концертке дейін 

оқушылардың ұйымдастыруымен өтті.

      Оқушылар

таңертең ерте ұстаздарды әсем әнмен қарсы алып, ұстаздар күнімен құттықтады.

Бұл күні мектебімізде өзін – өзі басқару күні деп алынып, барлық сабақтарды 8 ,

9 сынып оқушылары өткізді. Оқушылар өздеріне тапсырылған сыныптарға сабақ беріп

қана қоймай, тәртібін де қадағалауды өз жауапкершіліктеріне алып, ұстаздар

күніне арналған концертке дайындады. Осы күні біздің  мектеп 

ұстаздары да оқушылар болып жаңа күнді таңертеңгілік жаттығудан бастады.

Осындай қызықты да әсерлі күн әрі қарай ұстаздарға арналған мерекелік

концертпен жалғасты. Оқушылар мұғалімдерге арнап өлең , жырларын, ән мен

билерін арнады.

     Мұғалім үнемі

шәкірттерімен қарым-қатынаста болып,  үйренсем, білсем, таныссам деген

бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

«Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден

балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл ұстаз, мұғалім мамандығына арнап

айтылған

         Қазанның

15 –і күні Мектебімізде «Алтын күз» атты күзгі бал өткізілді. Күзгі бал

мерекесінде оқушылардың өнерлері мен білімдерін сынайтын, бағалайтын

әділқазылар алқасы құрылды. Мерекелік бағдарлама 4 сайыстан тұрды. Бірінші –

таныстыру, екінші – «Күз» тақырыбына арнап жасалған киім үлгісін көрсету,

үшінші – «Күз» тақырыбында салынған қабырға газеті, төртінші – қолдан жасалған

бұйымдар.

      Бірінші сайыс

бойынша сыныптар өздерінің топтарын таныстырып өтті. Екінші сайыста топтар

өздерінің күзгі үлгілерінің сәнін ортаға салып, таныстырды. Үшінші сайыста әр

топ өздерінің күз тақырыбына арнап салған қабырға газеттермен  таныстырып, сол салған суреттерін қорғады.

Төртінші сайыста әр топ  өздерінің қолдан

жасалған бұйымдарын көрсетіп, қорғады. Барлық сыныптар бұл мерекеге дайындалып,

өнерлерін көрсете білді. Осындай мерекелік шарада бастауыш сыныптар арасында І

орынды мектебіміздің кішкентай оқушылары 0 сынып алса, ІІ орынды 1 «А» сынып

оқушылары, ІІІ орынды 2 – 4 «Б» сынып оқушылары иеленді. Жоғары сыныптар

арасында І орынды 6 «А» сынып оқушылары, ІІ орынды 9 «А» сынып оқушылары және

ІІІ орынды 5 «А» сынып оқушылары алды.

       Осындай

қызықты да әсерлі , сары алтынға малынған берекелі де мерекелі күз, мерекесін

біздің мектеп оқушылары осылайша қарсы алды.

      Қазанның  сонында тарих 

пәнінің  мұғалімдері Жанадилов

Т.С. және Тасмаганбетова Ж.С. оқушылармен «Зайырлы  қоғам» 

тақырыбында дөңгелек үстел 

өткізді. Осында 

қарастырылған  сұрақтар: дін

мәселесі, хиджаб , халықаралық  терроризм

туралы  оқушылар  пікірталасты.

      14 қазан  күні 

ауылдық  участкелік  инспекторымен 

кездесу  өткізілді. Алмуханов

О.К.  оқушыларды  заңның 

баптарымен  таныстырып  қоймай 

Ақмола  облысында  болып 

жатқан  оқиғалармен  таныстырды. Оқушылар мен  мұғалімдер 

сұрақтар  қойып жауаптар  алды.

          Жастар еліміздің болашағы, сол себептен елімізде жастардың дамып, жетілуіне

толыққанды білім алып, қоғамда дұрыс жол тауып қалыптасуына көп көңіл

бөлінеді. 

     Мектебімізде

оқушылардың дін туралы теріс жалған 

түсініктерге еріп кетпеуі үшін қазан, қаңтар айларында дінтану, тарих

пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ислам, христиандық және басқа да діни

ағымдар»,  «Жастар және дін», «Дін және

өнер»  әңгімелесу сағаттары өткізілді.

Дін мен саясаттың ара қатынасы экстремизм лаңкестік әрекеттер өріс  алған 

арнайы  түсіндіріліп, әңгімелесу

барысында  күнделікті  өмірде болып жатқан  жағдаяттармен салыстырып, әр түрлі

ақпарат  құралдарын  пайдалана 

отырып түсіндірілді. Оқушыларды дүниедегі діндер жайлы ақпараттандыру

мақсатында жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Әлем діндері» атты бейне филім

көрсетілді. 8 – 9 сынып оқушылары өздері дайындаған «Ислам, Христиан, Будда

діндері» тақырыптарында рефераттар оқылды.

     Кен негізгі

мектебінде 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап балалар мен жасөспірімдерге, ата

– аналарға арналған «сенім телефоны» жұмыс жасауда. 2016 – 2017 оқу жылында

«сенім телефонында» мектеп психологы 

Туканаева Г.К.. және тәрбие ісінің меңгерушісі Какенова С.С. болды. Кез

келген қиын жағдайға тап болған бала немесе ата – ана тегін 8-716-48-9-44-10

нөміріне қоңырау шалып, өзін қинайтын сұрақтарға жауап, қажетті  психологиялық көмек ала алады. Кезекшілік

уақытында арнайы журнал басталып, көмек сұраған адамдардың аты – жөні, қоңырау

шалу уақыты тіркеледі.

      Ұлттық валюта

күніне орай мектебіміздің кітапханашысы Алясхарова Г.М. оқушылар арасында

дөңгелек үстел өткізді. Тәуелсіз еліміздің

айрықша белгісі теңгемен терең танысу мақсатында теңге тарихы, оның ерекшелігі,

ұлттық валютамыздың дизайны оқушыларға түсіндірілді. Арнайы стенд шығарылып,

алғашқы теңге үлгілері таныстырылды. Оқушылар бойында ұлттық валюта

дербестіктің белгісі екендігі, еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің

факторы екендігі туралы ой қалыптастырылды.

        Адамның

басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықтың қас жауы – бұл ауру. Ал аурудың ең

азаптысы – ЖҚТБ. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің

дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2050» стратегиясында халық денсаулығын

сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің

бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.

        Осыған орай 

7 – 9 сынып оқушылары арасында «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден»

тақырыбында суреттер көрмесі және «ЖҚТБ туралы не білесіз?» атты тақырыпта

дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге, шылым шегудің,

ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін айтып,

солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушыларға түсінік берілді. Оқушылар

СПИД жайлы рефераттар оқып және де оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылып, өз

ойларын ашық айтып жауап беріп, СПИД-ке деген қарсылықтарын сурет салу арқылы

білдірді. Қорыта келгенде: СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема

ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. «Көңіліңді, бойыңды мөлдір

бұлақтай таза ұста» деп Ы.Алтынсарин айтқандай. Салауатты өмір сүріп, аман-есен

жүрейік.

         Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ Тұңғыш Президент

күніне арнап, Балалармен жасөспірімдердің қоғамдық бірлестігінің

көшбасшыларының «Нұрсұлтан нұры - 2016» байқауы өткізілді. Жарқайың ауданында

өткен «Нұрсұлтан нұры» байқауына Кен негізгі мектебінен  9 «А» сынып оқушысы  Пшембаева Динара барып өз білімін сынап

қайтты. «Нұрсұлтан нұры» байқауы 

мектебімізде де өткізілді. 5 – 8 сынып оқушылары қатысты. Сайыс екі

кезеңнен тұрды: «Болашақта кім боламын» және «Егер президент болсам». Оқушылар

екі кезең бойынша өз өнерлерін, сөз шеберлігін көрсетті. Бірінші орынды 7 «А»

сынып оқушысы Тлеугабулов Ерболат, екінші орынды 6 «А» сынып оқушысы Алясхарова

Арай, үшінші орынды 5 «А» сынып оқушысы Болатов Темірлан алды.

       Кен негізгі мектебінде 16 желтоқсан  Тәуелсіздіктің   25 

жылдығына  орай  жоспары 

құрылып  бекітілді.21 қараша  күні тарих 

пәнінің  мұғалімі  Жанадилов 

Т.С. «Менің  Қазақстаным –

менің  болашағым»  атты 

интеллектуалды  ойынның  өткізді.  

Ойын  тартымды,  қызықты 

өтті.  Оқушылар  өз 

білгендерін  ортаға жұрт  назарына 

ұсынды.  Тарих  пәнінің 

мұғалімі  Тасмаганбетова Ж.С.  «Құқық 

білгіш»  атты  жоғары 

сынып  оқушылар  арасында 

өткізді.  Оқушылар  белсенді 

ат  салысып  қана 

қоймай  өздерінің   құқығы 

және  міндеті  туралы айтып 

берді.  Соңында  женімпаздарды 

мақтау  қағаздарымен  және 

сыйлықтармен   марапаттады .   тәрбие 

ісінің  меңгерушісі  Какенова С.С. 

және мектеп  кітапханашысы  Алясхарова Г.М.  «Мемлекеттік 

рәміздер»     туралы  оқушылардың 

білімдерін  сынады,   көрмемен 

таныстырды.  Музыка пәнінің  мұғалімі 

Туканаева Г.К.  мектеп  оқушыларымен  

«Бірлігі  жарасқан Қазақстан»   атты 

флэшмоб  өткізді.  Барлық 

оқушылар,  мұғалімдер ,

мектеп  жұмысшылар  белсене 

қатысып  өздерінің  көңілдерін  көтере 

білді.  22  қараша 

күні  мектеп  тәлімгері  

Оразқызы Қ.  және  мектеп 

оқушылар  өзін-өзі  басқару 

ұйымы  «25  жақсы 

істер:  ардагерлерді  ардақтайық» 

атты    жұмысын  жүргізді. 

Ауылымыздың  қарт  аталар мен 

әжелерге  көмектесті.

Сурет  пәнінің  мұғалімі 

Мангилев  В.В.  «Адам 

және  заң»  атты 

сурет  көрмесін  ұйымдастырды. 23  қараша 

күні  тәрбие  ісінің 

меңгерушісі  Какенова С.С   жоғары 

сынып  оқушылар  арасында 

«Государственные  символы  Республики 

Казахстан  - духовный  ориентир 

народа»  атты  дөнгелек 

үстел  өткізді.  Осы 

кездесуде  оқушылар  рәміздер 

туралы  ақпараттарын   ортаға 

салып  талқылады. 24  қараша 

күні   тәрбие  ісінің 

меңгерушісі  Какенова С.С  ұйымдастыруымен  мектеп 

оқушылар  арасында  «Патриот 

толқынында»  атты  флэшмоб 

өткізді.  Сынып  жетекшілері 

«Госудаственная  граница  и 

государственная  территория »  атты 

сынып  сағаттарын  өткізді.  

25  қараша  күні  

тарих  пәнінің  мұғалімі 

Жанадилов  Т.С. «Роль  главы 

государства  в  процессе 

международно-прававого  

оформления  государственных  границ 

как  важного  признака 

государственности  и  суверенитета »  атты 

жоғары  сынып  оқушыларымен 

баяндама  талқылады.   Мектеп 

кітапханашысы  Алясхарова

Г.М.  «Глобальные  инициативы 

Елбасы»  атты  тақырыптық 

көрмесін  ұйымдастырып  қана 

қоймай  оқушыларды   Елбасының 

алдына  қойған  мақсаттарымен 

таныстырды.  26  қараша 

күні    тарих  пәнінің 

мұғалімі  Тасмаганбетова Ж.С.  оқушылар 

арасында «Нурсултан  Назарбаев:

глобальные  инициативы  мира 

и  согласия »  атты 

дөңгелек  үстелін  өткізді. 

Елбасының  жастар  алдына 

қойған  мақсаттарымен  таныстырды 

және  болашақта оқушылардың  кім 

болатыны  туралы  ой 

қозғады.     Тәрбие   ісінің 

меңгерушісі  Какенова С.С  «Мен 

және  заң»  атты 

оқушылар  арасында  пікірталас 

өткізді.   28  қараша 

күні  қазақ  тілі 

және  әдебиет пәнінің  мұғалімі 

Мажиманов С.К.  «Тенге  - 

ұлттық  валюта»  туралы 

оқушыларға  дәріс  оқыды. 5-8  

сынып  жетекшілері   «Ұлттық 

валюта»   туралы  сынып 

сағаттарын  өткізді.  Мектепішілік 

өзін-өзі  басқару  ұйымы 

«Алтын  тенге »  атты 

қабырға  газеттерін  шығарды. 29 

қараша  күні  9 

сынып  жетекшілері  «Атомная 

трагедия  21 века»  атты 

сынып  сағатарын  өткізді, 

оқушылар  пікірталасты.  30 

қараша  жоғары  сынып 

оқушылар  арасында «Чернобыль –

ерлік  орны»   атты  

дөңгелек  үстел  өткізілді. 

Оқушылар  өздерінің  пікірлерін 

айта  қоймай, келешекте

осындай  оқиғалар  болмауы 

туралы  айтты.  3 

желтоқсан  күні  аға 

тәлімгер Оразқызы Қ.  «Жанұясыз

адам – бұл тамырсыз, сабақсыз, жапырақсыз және жеміссіз ағаш»   атты 

фотосурет  көрмесін  ұйымдастырып 

оқушыларды    таныстырды.    5 

желтоқсан  күні  бастауыш  

сынып  жетекшілері  «Ерінбей 

еңбектен »  атты  пікірталас 

өткізді. Пікірталас өте  қызықты,

оқушылар өз  пікірлерін  айтып 

қана  қоймай  постерге 

өздерінің  кеңестер, ойларын  жазды. 6 

желтоқсан  күні  аға 

тәлімгер  Оразқызы К.  және 

өзін –өзі  басқару  ұйымы оқушыларға  «Өмір 

стильдегі  эко»   атты 

дәріс  оқыды.    Мектеп   

кітапханашысы  Алясхарова Г.М.  ұйымдастыруымен  «Астана – мемлекетіміздің  жүрегі» 

атты  кітап  көрмесін 

өткізді. Көрмеде  Астана  туралы 

көп  ақпараттар, кітаптар және

ұлы  жазушылардың  шығармалары 

жинақталған,     оқушылар  шығармалармен қызыға  танысып 

өздерінің  дайындаған  өлең 

жолдарын  оқыды. 

       7 желтоқсан

күні   барлық сыныптарда  сынып жетекшілер «Елім  деп 

соққан  жүрегім»  атты сынып сағаттарын өткізді. 8 желтоқсан

күні мектебімізде мектеп  тәлімгері Оразқызы

К.  басқаруымен   салтанатты  

лездеме  Қазақстанның

Республикасының гимнімен,  бір минуттік

үнсіздікпен басталды. Лездемеде оқушылар өлең шумақтарын оқып, 8-9 сынып

оқушылары  көрініс қойды. Мектеп

кітапханашы Алясхарова Г.М. 8 желтоқсан күні 1-5  сыныптар арасында «Желтоқсан  жаңғырығы- Тәуелсіздік» атты кітаптар

көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге көптеген кітаптар  қойылды. Оқушыларды  қызықтыра 

қоймай,  кітапханашы  Алясхарова 

Г.М.  Әр   түрлі 

викториналық  сұрақтар  қойылып, оқушылар өздерінің   белсенділіктерін   көрсете 

білді .  Сонымен қатар «ҚР –ның

Тәуелсіздік күні» тақырыбында ең үздік эссе байқауы өтті. 6«А»сынып оқушысы

Бөлтірік Аружанның  «Тәуелсіз

Қазақстаным» және 8 «А»сынып оқушысы Алясхарова Гүлімнің «Тәуелсіздік-тұғырым»

атты эссе жұмыстары газет бетіне жарияланды.Үздік  эсселер 

аудандық газетіне жіберілді.

Дене 

шынықтыру  пәнінің   мұғалімдері 

оқушылар  мен  мұғалімдер 

арасында  волейбол,

мини-футбол  ойындарын  өткізді. Ойын 

өте тартымды,  қызықты  өтті. 

Сонында  женімпаздарды  марапаттау 

рәсімі  болды.

        Тарих

пәнінің мұғалімдері  ЖанадиловТ.С. пен

Тасмағанбетова Ж.С.  5-9сынып оқушылары

арасында  «Ынтымақ  түбі - 

береке » атты дөңгелек үстел 

ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде 

Қазақстан  Республикасының  Президентінің 

жолдауына шолу жасалды, Тәуелсіздік кешегі жер жүзіне жаңғырығы

жеткен,  желтоқсанда әділдік жолында

қыршын кеткен: Ләззат,Қайрат, Ербол секілді жастарымыздың есімдері- біз үшін

ұмытылмас есім. Тәуелсіздік күніне 

мәліметтер   жинақталып,  видеобейнелер мен  слайдтар 

көрсетілді.

       ««Астана-тәуелсіз еліміздің бойтұмары» атты

мерекелік концерт ұйымдастырылды. Барлық сыныптар белсене ат салысты. Оқушылар

өз елінің тіл жанашырлары екенін тағы да дәлелдеді. Қазақстанның көп ұлтты

екенін, тату-тәтті ынтымақпен ғұмыр кешіп жатқанын өздерінің суреттері арқылы

көрсете алды.

         26 желтоқсан күні

Державин қаласында біздің балаларымыз Пайзова Ж, Досмуханова Қ. Аудандық

Әкімшілік Жаңа жылдық ертеңгілікке қатысты. Оқушылар өте жақсы көңілдерімен

қайтып келді. Оқушыларға плер және тәтті сыйлықтар берілді. Ертеңгілік

оқушыларға өте қатты ұнады. Оларды аудан әкімі Үйсімбаев А.С. құттықтады.

      Жаңа жыл –

әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл – жаңару, даму,

ілгерілеу. Жаңа жыл – өткенге салауат айтып, болашақтан үміт күту.

     Тағы бір жыл

артта қалып, төрімізге Жаңа жыл келмек. Санаулы күндерден кейін ескі жылмен

есептесіп, Жаңа жылды құшақ жая қарсы аламыз. Барша жұрт келе жатқан жаңа

жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

           Осы

ретте, яғни Жаңа жыл қарсаңында Кен негізгі мектебінде Жаңа жылдық

ертеңгіліктер 28 желтоқсан күні өткізілді. 0 – 5 сыныптар арасында «Жаңа жыл

жыры» атты ертеңгілікті бастауыш сынып мұғалімдері Аужанова Ж.С , Досмуханова

Ж. ұйымдастырды. Онда оқушылар би билеп, әндер жырлап, ертегілер қойып, әр

түрлі ойындар ойнады. Сонымен қатар ескі жылмен қоштасып, қой жылын құрметтеп

қарсалды. 6 – 9 сыныптарда Жаңа жылдық кешті Тәлімгер Оразқызы Қ. және тәрбие

ісінің меңгерушісі Какенова С.С. ұйымдастырды. Аяз ата және Ақшақар өнер

көрсеткен оқушыларға тәтті сыйлықтарын берді.

     Жастарымызды

патриотизмге тәрбиелеп қана қою жеткіліксіз. Ол үшін ұлттық идеологияны

күшейтіп, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дархан пейілін,

ұлтжандығын қайсарлығын насихаттап көрсете білуіміз керек. Сонда ғана  өз Отанын сүйетін, абыройын асқақтата алатын

шын мәніндегі жанашыр жалынды жастарды тәрбиелеуге мүмкіндік туады.

 

     Сонымен қатар

мектебіміздің дарынды деген оқушылары республикалық қашықтықтан өткізілген

байқауларға қатысып дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Атап айтатын болсақ қазан және желтоқсан айлары бойынша

қатысқан оқушылар:

Оқушының аты –жөні

Қатысқан байқауының атауы

Марапат

тауы

Жұмыс түрі

жетекшісі

1

Байдильдина Ақкенже

«Қарттарым-асыл қазынам»

ІІ дәрежелі диплом

Шығарма

Оразқызы Қ.

2

Абельдинова Махаббат

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз бірлікте номинациясы»

I дәрежелі диплом

Өз өлеңін жазу

Нурмуханбетова Г.О.

3

Исатаев Алишер

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз бірлікте номинациясы»

II

дәрежелі диплом

өз өлеңін жазу

Нурмуханбетова Г.О.

4

Мотова Виолетта

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз бірлікте номинациясы»

II дәрежелі диплом

өз өлеңін видео арқылы жіберу

Нурмуханбетова Г.О.

5

Алясхарова Арай

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз бірлікте номинациясы»

III дәрежелі диплом

өз өлеңін видео арқылы жіберу

Нурмуханбетова Г.О.

6

Пшембаева Динара

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауына қатысқанын растайды.

Қатысқаны үшін сертифи

кат

Эссе жазу

Нурмуханбетова Г.О.

7

Мұқыш Жанболат

«Алдар көсе мен бай»

1 дәрежелі диплом

сурет

Оразқызы Қ.

8

Алясхарова Арай

«Ұстазым мақтанышым»

Алғыс хат

шығарма

Оразқызы Қ.

9

Втюрин Богдан

«Если бы я поймал золотую рыбку...»

сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

10

Втюрин Богдан

«Глава нашего государства»

сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

11

Тарковская Ксения

«Если бы я поймала золотую рыбку...»

сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

12

Тарковская Валентина

«Если бы я поймала золотую рыбку...»

сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 3814


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст