«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп газеті

02.03.2017

Бала  - 

басты   байлығымыз,   ал  ең  асылымыз 

- оның  тәрбиесі

          

Жастық - ол ізденістің бастауы, осы жаста ғана адам өзінің күшіне сеніп,

тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді, барлық істе - спортта, саясатта,

бизнесте болсын көшбасшылық танытады. Жастар тәрбиесімен

жұмысты  жақсарту, егемен еліміздің салауатты ұрпақтарын қалыптастыру

- Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Жолдауында атап

көрсетілген басты міндеттердің бірі.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар

тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық

бағыттары арқылы өтеді.  

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық

тәрбие, құқықтық тәрбие.

2.   Рухани-адамгершілік тәрбие.

3.  Ұлттық тәрбие.

4.  Отбасы тәрбиесі.

5.  Еңбек, экономикалық және

экологиялық тәрбие.

6.  Көпмәдениетті және

көркем-эстетикалық тәрбие. 

7.  Зияткерлік тәрбие, ақпараттық

мәдениет тәрбиесі.

8.  Дене тәрбиесі, салауатты өмір

салты.

       

Мектебіміздің жаңа оқу жылының басталуын білдіретін ерекше күн ол -

Білім күні. Мектебіміз де осы күні барша қонақтарға, оқушылар мен ата – аналар,

ұстаздарға есігін айқара ашты. Мектепте Білім күніне арналған «Мен  өз 

Отанымның  патриотымын» тақырыбында

салтанатты сап түзеу өтті. Салтанатты саптүзеуде мектеп директоры Кадиров Ж.Б.

оқушыларға, ұстаздарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Мектеп қонақтары №5

«Астық қоймалары» базасының директоры 

Мухамедкалиев Ж.Н. Жарқайың ауданының білім бөлімінің  әдіскері Мажитова К.М.,  Жарқайың 

ауданының ветеринар басшысы Исахов А. Е., Ортадный ауылының әкімі

Куандыкова Р.М.    мектеп табалдырығын

алғаш аттаған бүлдіршіндерге, мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында сәттілік

тілеп, оқу құралдар жиынтығын сыйлады. Сап түзеуде бірінші сынып оқушылары  өлең оқып, 

би биледі. Мектеп түлектері мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші

сынып оқушыларына өз тілектерін өлең шумақтары арқылы жеткізді. Алғашқы

қоңырауды соғу рәсімі тоғызыншы сынып оқушылары Пшенбаева Динара мен Мотова

Виолеттаға  және бірінші сынып оқушылары

Абельдинов Аслан  мен Мусулманбеков

Мадиярға  берілді. Басқа да еліміздің

мектептеріндегідей осы тақырыпта сынып сағаттары да ұйымдастырылды.  Әр сынып жетекші бірінші сабақтарына жақсы

дайындалып, бастауыш сынып 

оқушыларына  «Мен  өз 

Отанымның  патриотымын»,, жоғары

сыныптар оқушыларына   «Мәңгілік ел

Қазақстан » арналған  сынып  сағаттар 

өткізілді. Осы тақырыпта мектебіміздің кітапханасында  көрме жасалып,  мұғалімдер мен оқушыларды  кітапханашы Алясхарова Г.М.  көрмемен таныстырды.    Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050»

стратегиясындағы негізгі ұғымдардың бірі денсаулық, білім және халықтың

әлауқаты болып отырғандықтан, еліміздің барлық жерінде жыл сайын қыркүйек

айында «Денсаулық фестивалі» өткізіледі.

  Кен

негізгі мектебінде де «Денсаулық фестивалі» барлық оқушылардың,

ұстаздардың  және ата – аналардың

қатысуымен спорттық іс – шаралар ұйымдастырылды.  Денсаулық күні атап өту, бұл қалың жұртты өз

денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың

денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін

іс- шара.

      

Осыған байланысты  біздің

мектебімізде Денсаулық күні мерекесі өте жоғары дәрежеде өтті. Күн тәртібіндегі

бағдарлама бойынша іс – шарамыз таңғы жаттығумен басталды. Тәрбие ісінің

меңгерушісі Какенова С.С және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алтынбеков Д.Г.

ұйымдастыруымен «Мен және менім отбасым» сайысы өткізілді. Сайысқа барлығы 7

отбасы қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыста әр түрлі ойындар жүргізілді.

Бұл жарысқа отбасылар белсене қатысып өздерінің мықты ойыншылар және салауатты

өмір салтын ұстанатынын көрсете алды. Топтар мадақтама қағазы және бағалы

сыйлықтармен марапатталды.

       

Тілдер мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді.

Іс – шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс

жасады. Тілдер мерекесінің онкүндік жоспары құрылды. «Бір шаңырақ астында»

айдарымен бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Мангилев В.В. суреттер көрмесін өткізді.

Барлық сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сынып сағаттары

өткізілді. «Тіл – әр халықтың байлығы» тақырыбында кітапханашы Алясхарова

Г.М.  көрме және орта буын оқушылары

арасында «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында дөңгелек үстел

өткізді. «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ кепілі» атты интеллектуалдық ойынды

орыс тілі пәнінің мұғалімі Нурмуханбетова Г.О. өткізді. «Маленькие знатоки

языков» атты интеллектуалдық ойынды бастауыш сынып мұғалімі Капашова Б.Б.

өткізді. Қазақ тілі мұғалімі Мажиманов С.Қ. ұйымдастыруымен «Мемлекеттік

тіл  - менің тілім» атты сайыс болып

өтті.Онкүндіктің қорытындысы  ретінде

«Фестиваль народов Казакстана» атты мерекелік концерт болды.

     30

– қыркүйек күні қарттар күні  Кен негізгі

мектебінде Мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл күні мектебіміздің төріне

қариялар мен қонақтар жиналды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.

Қарияларымызға «Күншуақ» шағын орталығы би билеп өз өнерлерін сыйлады.

Мерекелік концертте 6 «А» сынып оқушыларының орындауында «Әке мен Ана» әнің

нақышына келтіріп орындаса, 2- 4 «Б» сынып оқушылары ата әжелерге арнап шағын

қойылым көрсетті.  Ең қызықты  көрініс ол ата-әжелеріміздің «Жастар»  биі. 

Мерекелік концерт соңында осындай өнегесі  мен парасаты мол қартарымыздың күнінде

жүргізушілер ауыл қарияларына денсаулық, ұзақ өмір , т.б. жылы тілектер

жазылған өлең жолдарын  оқыды. Қариялар

осындай мерекеде  қарияларды сыйлап,

қонаққа шақырған ауыл әкіміне, мектеп ұжымы мен оқушаларына алғысын айтып, ауыл

ақсақалы Елтай ата ақ батасын берді. Сондай – ақ мектеп оқушылары қарттар

күніне орай ауылымыздың қарияларының үйіне барып өздерінің көмектерін көрсетті.

Ауыл  қарияларының үйлерінің ауласын

тазартып,  ауланың шөптерін жинап,

қариялардың ризашылығын алды.

    

Ұстаздық-қызық та бейнеті көп мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың

ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше

шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық

мамандығы.Ұстаздар күні- өте жылы, оқушылар өздерін мұғалім рөлінде, ал

ұстаздар өздерін оқушылар ретінде көре алатын күн.Осындай өнегелі де ардақты

жандардың мерекесіне арнап мектебімізде 1 – қазан күні толықтай таңертен

ұстаздарды қарсалып құттықтаудан бастап, сабақ беру, мерекелік концертке дейін  оқушылардың ұйымдастыруымен өтті. Осындай

қызықты да әсерлі күн әрі қарай ұстаздарға арналған мерекелік концертпен

жалғасын тапты. Оқушылар мұғалімдерге арнап өлең жырларын, ән мен билерін

арнады.

        

Қазанның 15 –і күні мектебімізде «Алтын күз» атты күзгі бал өткізілді. Күзгі

бал мерекесінде оқушылардың өнерлері мен білімдерін сынайтын, бағалайтын

әділқазылар алқасы құрылды. Мерекелік бағдарлама 3 сайыстан тұрды: таныстыру,

киім үлгісі, қолдан жасалған  табиғи

бұйымдар. Осындай қызықты да әсерлі, сары алтынға малынған берекелі де мерекелі

күз, мерекесін біздің мектеп оқушылары осылайша қарсы алды. Болашақта біздің

мектебімізде оқушылардың бойында түрлі шығармашылық қабілеттерді ашатын

мерекелер мен мектепішілік  шаралар өз

жалғасын таба бермек.

          

Мектебіміздің аға тәлімгері, оқушылардың өзін-өзі басқару тобы және

еріктілер тобы жоспар бойынша жұмыс істеп жатыр.   Қазан 

айында  еріктілер қозғалысының жиналысы

болды.   Оқушылар  өз міндеттерімен танысып,

зейнеткердердің  тізімін  құрып, зейнеткерлердің уй шаруашылығына

көмектесті. Еріктілер  тобы  және аға тәлімгер үнемі барлық іс шараларға

қатысып отырады.

         

Жастар еліміздің болашағы, сол себептен елімізде жастардың дамып,

жетілуіне толыққанды білім алып, қоғамда дұрыс жол тауып қалыптасуына көп көңіл

бөлінеді.  Мектебімізде оқушылардың дін

туралы теріс жалған  түсініктерге еріп

кетпеуі үшін қазан, қаңтар айларында дінтану, тарих пәнінің мұғалімдерінің

ұйымдастыруымен «Ислам, христиандық және басқа да діни ағымдар»,  «Жастар және дін», «Дін және өнер»  әңгімелесу сағаттары өткізілді. Дін мен

саясаттың ара қатынасы экстремизм лаңкестік әрекеттер өріс  алған 

арнайы  түсіндіріліп, әңгімелесу

барысында  күнделікті  өмірде болып жатқан  жағдаяттармен салыстырып, әр түрлі

ақпарат  құралдарын  пайдалана 

отырып түсіндірілді. Оқушыларды дүниедегі діндер жайлы ақпараттандыру

мақсатында жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Әлем діндері» атты бейне филім

көрсетілді. 8 – 9 сынып оқушылары өздері дайындаған «Ислам, Христиан, Будда

діндері» тақырыптарында рефераттар оқылды. 

Қазанның  сонында тарих  пәнінің 

мұғалімдері Жанадилов Т.С. және Тасмаганбетова Ж.С. оқушылармен

«Зайырлы  қоғам»  тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді. Осында  қарастырылған 

сұрақтар: дін мәселесі, хиджаб , халықаралық  терроризм туралы  оқушылар 

пікірталасты.

                Адамның

басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықтың қас жауы – бұл ауру. Ал аурудың ең

азаптысы – ЖҚТБ. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің

дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиясында халық денсаулығын

сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің

бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. Оқу

жылының басынан оқушыларымыз салауатты өмір салтын ұстанып түрлі зиянды

әдеттерден аулақ болу мақсатында спорттық іс – шаралар мен мектепшілік

мерекелерге, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. «Біз есірткісіз

өмірді қалаймыз!» республикалық шығармашылық жұмыстар конкурсына есірткі және нашақорлық

жайлы «Есірткі – ел қауіпсіздігіне, әлем қауіпсіздігіне төнген қатер», «Жайбарақаттылық –

нашақорлықтың одақтасы»,  «Денің сау болса, қандай тамаша!», «Берік отбасы –

есірткіден алыс» тақырыптарына шығармалар

жазды. Ауыл медбикесі  Баракбаева С.К. мектеп  оқушылар – қыздар  арасында «Жыныстық  қарыс-қатынас», «Жұқпалы  аурулар» 

туралы дәріс  оқыды.  Осыған орай 

7 – 9 сынып оқушылары арасында «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден»

тақырыбында суреттер көрмесі және «ЖҚТБ туралы не білесіз?» атты тақырыпта

дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге, шылым шегудің,

ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін айтып,

солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушыларға түсінік берілді. Оқушылар

СПИД жайлы рефераттар оқып және де оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылып, өз

ойларын ашық айтып жауап беріп, СПИД-ке деген қарсылықтарын сурет салу арқылы

білдірді. СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек

медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай

таза ұста» деп Ы.Алтынсарин айтқандай. Салауатты өмір сүріп, аман-есен жүрейік.

   

Мектебімізде оқушылардың құқықбұзушылық әрекеттерін алдын алу, болдырмау

мақсатында сынып сағаттары, сыныптан тыс іс – шаралар, сабақтан тыс уақытта

оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылады. Оқушылардың

жол – көлік жарақаттануын алдын алу мақсатында 

«Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік», «Жол тәртібі» атты тәрбие

сағаттары өткізілді. 

     

Кен негізгі мектебінде «Түнгі көшедегі балалар» акциясын ұйымдастыру

және өткізу жөніндегі іс – шаралар жоспарын орындау үшін, кәмелетке толмағандар

арасында құқық бұзушылықты, қараусыздық пен панасыздықты болдырмау және алдын

алу, білім алудан бас тартатын балаларды анықтау және оларды мектепке қайтару

үшін жедел шаралар қабылдау мақсатында «Түнгі көшедегі балалар» рейді

өткізіледі. Кәмелетке толмаған балалардың түнгі сағат 22:00 – ден кейін көшеде

жүрмеуін қадағалау мақсатында «Түнгі көшедегі балалар» акциясы  ұйымдастырылуда.«Түнгі көшедегі балалар»

рейді кешкі және түнгі уақытта ата – аналарсыз өз беттерімен көшелерде   жүрген балаларды анықтауда арналған

профилактикалық  іс – шара. 14 қазан  күні  ауылдық  участкелік 

инспекторымен  кездесу  өткізілді. Алмуханов О.К.  оқушыларды 

заңның  баптарымен  таныстырып 

қоймай  Ақмола  облысында 

болып  жатқан  оқиғалармен 

таныстырды. Мектебімізде  тәртіп

бұзып жүрген  оқушылар  жоқ. Қандай да   оқиға болып 

жатқан  өзінде  де сол 

уақытта  оқушылармен  әңгімелесу 

арқылы  жұмыс  жүргізіледі. 

Сынып  жетекшілер ата-аналар  жиналысында  

олардың  құқығы  мен  міндеттері , жасөспірімдер  арасындағы жыныстық  қарым 

қатынасы, отбасындағы қатыгездік, 

зорлық- зомбырлық   туралы  айтылып 

отырылады.   

                Кен

ауылында ата – ананың қарауынсыз, нашар отбасынан шыққан бала жоқ. Мектебімізде

үлкендердің балаға зорлық зомбылық әрекеттерін жасауын алдын алу мақсатында

түрлі әңгімелесу, түсіндіру шаралары өткізіледі, мектебімізде сенім телефоны

жұмыс жасайды. «Зорлық зомбылықсыз балалалық шақ» акциясы мектептің оқушылар

кеңесінің мүшелері өз қолдарынан жасап, безендірілген парақшаларды таратудан

басталды.  Акция мақсаты отбасында

балаларды зорлық зомбылықсыз махаббатта тәрбиелеу, зорлық зомбылықты алдын алу

болғандықтан, ата – аналарға да арнайы анкеталық парақшалар таратылды.   Сынып 

жетекшілер  әр  сынып жиналысында   әр түрлі тақырыптарға баяндамалар

сауалнамалар : “Бала көшеде және үйде”, «Қиын бала дегеніміз кім?», «Өзін – өзі

басқару», «Мінез құлықты қалыптастыру» қарастырылды. Мектеп психологының

«Сіздің балаңыз қандай?», «Бала – өмірдің гүлі», «Мен және балам», т.б.

тақырыптарда сауалнамалар мен тренингтер өткізілді.  Мектеп пен ата – ана арасында осындай

байланыс жасалып тұрса, бала тәрбиесіндегі қиындықтарды шешу, еліміздің

тәрбиелі азаматтары мен азаматшаларын 

қалыптастырудағы бірізділік айқын және үздік нәтижелерге жетуге жол

салады деп ойлаймын.

        

Ұлттық валюта күніне орай мектебіміздің кітапханашысы Алясхарова Г.М.

оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізді. Тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі теңгемен терең танысу

мақсатында теңге тарихы, оның ерекшелігі, ұлттық валютамыздың дизайны

оқушыларға түсіндірілді. Арнайы стенд шығарылып, алғашқы теңге үлгілері

таныстырылды. Оқушылар бойында ұлттық валюта дербестіктің белгісі екендігі,

еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің факторы екендігі туралы ой

қалыптастырылды. «Теңге – мемлекет келбеті» атты викторинада сұрақтар арқылы

теңгенің өмірге келу тарихы, идеясы, теңге жасап шығаруға байланысты жұмыстар

жайлы деректер берілді. Оқушылар теңге туралы дайындап әкелген реферат,

шығарма, өлең жолдарын оқыды. Өткізілген шара оқушылар бойында туған жеріне,

Отанына деген сүйіспеншілікті оятты.

               Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ

Тұңғыш Президент күніне арнап, Балалармен жасөспірімдердің қоғамдық

бірлестігінің көшбасшыларының «Нұрсұлтан нұры - 2016» байқауы өткізілді.

Жарқайың ауданында өткен «Нұрсұлтан нұры» байқауына Кен негізгі мектебінен  9 «А» сынып оқушысы  Пшембаева Динара барып өз білімін сынап

қайтты. «Нұрсұлтан нұры» байқауы 

мектебімізде де өткізілді. 5 – 8 сынып оқушылары қатысты. Сайыс екі кезеңнен

тұрды: «Болашақта кім боламын» және «Егер президент болсам». Оқушылар екі кезең

бойынша өз өнерлерін, сөз шеберлігін көрсетті. Бірінші орынды 7 «А» сынып

оқушысы Тлеугабулов Ерболат, екінші орынды 6 «А» сынып оқушысы Алясхарова Арай,

үшінші орынды 5 «А» сынып оқушысы Болатов Темірлан алды.

    

Желтоқсан оқиғасы халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық күресі

тарихында ерекше орын алады. Сондықтан «Желтоқсан оқиғасы біздің қасіретіміз,

болашағымыз, мақтанышымыз»,- деп М. Шаханов ағамыз айтқан. Кен негізгі

мектебінде 16 желтоқсан 

Тәуелсіздіктің   25  жылдығына 

орай  жоспары  құрылып 

бекітілді. 16 желтоқсан 

Тәуелсіздіктің   25  жылдығына 

келесі  іс-шаралар  өткізілді: «Менің  Қазақстаным – менің  болашағым», 

«Құқық  білгіш» ,«Мемлекеттік  рәміздер» ,«Бірлігі  жарасқан Қазақстан»,  «25 

жақсы  істер:  ардагерлерді 

ардақтайық», «Адам  және  заң», «Государственные  символы 

Республики  Казахстан  - духовный 

ориентир  народа»,  «Патриот 

толқынында», «Госудаственная 

граница  и  государственная  территория », «Роль  главы 

государства  в  процессе 

международно-прававого  

оформления  государственных  границ 

как  важного  признака 

государственности  и  суверенитета », «Ынтымақ  түбі - 

береке», «Глобальные 

инициативы  Елбасы»,

«Нурсултан  Назарбаев: глобальные  инициативы 

мира  и  согласия », «Мен  және 

заң», «Өмір  стильдегі  эко»,  

«Тенге  -  ұлттық 

валюта» , «Ұлттық  валюта».  Өзін -өзі 

басқару  ұйымы  «Алтын 

тенге  »  атты 

қабырға  газеттерін  шығарды. Сынып   жетекшілері 

«Атомная  трагедия  21 века», 

«Чернобыль – ерлік  орны»,

«Елім  деп  соққан 

жүрегім»  атты  сынып 

сағатарын  өткізді. Аға  тәлімгер Оразқызы Қ.  «Жанұясыз адам – бұл тамырсыз, сабақсыз,

жапырақсыз және жеміссіз ағаш»  

атты  фотосурет  көрмесін 

ұйымдастырып  оқушыларды    таныстырды.    Бастауыш   

сынып  жетекшілері  «Ерінбей 

еңбектен »  атты  пікірталас 

өткізді. Пікірталас өте  қызықты,

оқушылар өз  пікірлерін  айтып 

қана  қоймай  постерге 

өздерінің  кеңестер, ойларын  жазды. 

Мектеп    кітапханашысы  Алясхарова Г.М.  ұйымдастыруымен  «Астана – мемлекетіміздің  жүрегі» 

атты  кітап  көрмесін 

өткізді. Көрмеде  Астана  туралы 

көп  ақпараттар, кітаптар және

ұлы  жазушылардың  шығармалары 

жинақталған,     оқушылар  шығармалармен қызыға  танысып 

өздерінің  дайындаған  өлең 

жолдарын  оқыды. 

      

Мектеп   тәлімгері Оразқызы

К.  басқаруымен   салтанатты  

лездеме  Қазақстанның

Республикасының гимнімен,  бір минуттік

үнсіздікпен басталды. Лездемеде оқушылар өлең шумақтарын оқып, 8-9 сынып

оқушылары  көрініс қойды.  «Желтоқсан 

жаңғырығы- Тәуелсіздік» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге

көптеген кітаптар  қойылды. Оқушыларды  қызықтыра 

қоймай,  кітапханашы  Алясхарова 

Г.М.  Әр   түрлі 

викториналық  сұрақтар  қойылып, оқушылар өздерінің   белсенділіктерін   көрсете 

білді .  Сонымен қатар «ҚР –ның

Тәуелсіздік күні» тақырыбында ең үздік эссе байқауы өтті. 6«А»сынып оқушысы

Бөлтірік Аружанның  «Тәуелсіз

Қазақстаным» және 8 «А»сынып оқушысы Алясхарова Гүлімнің «Тәуелсіздік-тұғырым»

атты эссе жұмыстары газет бетіне жарияланды.

Дене 

шынықтыру  пәнінің   мұғалімдері 

оқушылар  мен  мұғалімдер 

арасында  волейбол,

мини-футбол  ойындарын  өткізді. Ойын 

өте тартымды,  қызықты  өтті. 

Сонында  женімпаздарды  марапаттау 

рәсімі  болды.

      

«Астана-тәуелсіз еліміздің бойтұмары» атты мерекелік концерт

ұйымдастырылды. Барлық сыныптар белсене ат салысты. Оқушылар өз елінің тіл

жанашырлары екенін тағы да дәлелдеді. Қазақстанның көп ұлтты екенін, тату-тәтті

ынтымақпен ғұмыр кешіп жатқанын өздерінің суреттері арқылы көрсете алды.

    26

желтоқсан күні Державин қаласында біздің балаларымыз Паизова Ж, Досмуханова Қ.

Аудандық Әкімшілік Жаңа жылдық ертеңгілікке қатысты. Оқушылар өте жақсы

көңілдерімен қайтып келді. Оқушыларға плер және тәтті сыйлықтар берілді.

Ертеңгілік оқушыларға өте қатты ұнады. Оларды аудан әкімі Үйсімбаев А.С.

құттықтады.

     

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл

– жаңару, даму, ілгерілеу. Жаңа жыл – өткенге салауат айтып, болашақтан үміт

күту.

    

Тағы бір жыл артта қалып, төрімізге Жаңа жыл келмек. Санаулы күндерден

кейін ескі жылмен есептесіп, Жаңа жылды құшақ жая қарсы аламыз. Барша жұрт келе

жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

          

Осы ретте, яғни Жаңа жыл қарсаңында Кен негізгі мектебінде Жаңа жылдық

ертеңгіліктер 28 желтоқсан күні өткізілді. 0 – 5 сыныптар арасында «Жаңа жыл

жыры» атты ертеңгілікті бастауыш сынып мұғалімдері Аужанова Ж.С , Досмуханова

Ж. ұйымдастырды. Онда оқушылар би билеп, әндер жырлап, ертегілер қойып, әр түрлі

ойындар ойнады. Сонымен қатар ескі жылмен қоштасып, қой жылын құрметтеп

қарсалды. 6 – 9 сыныптарда Жаңа жылдық кешті Тәлімгер Оразқызы Қ. және тәрбие

ісінің меңгерушісі Какенова С.С. ұйымдастырды. Аяз ата және Ақшақар өнер

көрсеткен оқушыларға тәтті сыйлықтарын берді.

Жастарымызды патриотизмге тәрбиелеп қана қою

жеткіліксіз. Ол үшін ұлттық идеологияны күшейтіп, халқымыздың ғасырлар бойы

жинақтаған асыл мұрасын, дархан пейілін, ұлтжандығын қайсарлығын насихаттап

көрсете білуіміз керек. Сонда ғана  өз

Отанын сүйетін, абыройын асқақтата алатын шын мәніндегі жанашыр жалынды

жастарды тәрбиелеуге мүмкіндік туады.

 

Сонымен қатар мектебіміздің дарынды деген

оқушылары республикалық қашықтықтан өткізілген байқауларға қатысып дипломдармен

және сертификаттармен марапатталды.

Атап айтатын болсақ қазан және желтоқсан

айлары бойынша қатысқан оқушылар:

 

Оқушының аты –жөні     Ф.ИО. уч-ся

Қатысқан байқауының атауы

Участие в конкурсах

Марапаттауы, 

награждение

Жұмыс түрі         

Вид работы

Жетекшісі        

Руководитель

1

Байдильдина Ақкенже

«Қарттарым-асыл қазынам»

ІІ дәрежелі диплом

Шығарма

Оразқызы Қ.

2

Абельдинова Махаббат

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз

бірлікте номинациясы»

I дәрежелі диплом

Өз өлеңін жазу

Нурмуханбетова Г.О.

3

Исатаев Алишер

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз

бірлікте номинациясы»

II

дәрежелі диплом

өз өлеңін жазу

Нурмуханбетова Г.О.

4

Мотова Виолетта

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз

бірлікте номинациясы»

II дәрежелі диплом

өз өлеңін видео арқылы жіберу

Нурмуханбетова Г.О.

5

Алясхарова Арай

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауында «Болашағымыз

бірлікте номинациясы»

III дәрежелі диплом

өз өлеңін видео арқылы жіберу

Нурмуханбетова Г.О.

6

Пшембаева Динара

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауына қатысқанын

растайды.

Қатысқаны үшін сертифи

Кат

Эссе жазу

Нурмуханбетова Г.О.

7

Мұқыш Жанболат

«Алдар көсе мен бай»

1 дәрежелі диплом

Сурет

Оразқызы Қ.

8

Алясхарова Арай

«Ұстазым мақтанышым»

Алғыс хат

Шығарма

Оразқызы Қ.

9

Втюрин Богдан

«Если бы я поймал золотую рыбку...»

Сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

10

Втюрин Богдан

«Глава нашего государства»

Сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

11

Тарковская Ксения

«Если бы я поймала золотую рыбку...»

Сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

12

Тарковская Валентина

«Если бы я поймала золотую рыбку...»

Сертификат

мини сочинение

Капашова Б.Б.

Просмотров: 627


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст