«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3 тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі

05.04.2017

Кен негізгі мектебінің 2016 – 2017 оқу жылы

3 тоқсан   бойынша тәрбие жұмысының

есебі

 

          Ұлт

болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі –

ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз

өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.

          Бүгінгі

жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен

әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор

міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да

салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы

басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге,

әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді,

жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды

азамат болуы керек», – деп атап өтті ел Президенті Н.Ә.Назарбаев.

            

Қазақстар Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың балалардың жаппай

мектепке баруы жөніндегі бұйрығын орындау мақсатында,  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрлігінің, және Ақмола облысының білім басқармасының, Жарқайың аудандық

«Білім беру бөлімінің» ММ   хаттары негізінде, «Қамқорлық» акциясы өз  бастауын 

тапты. 21  қаңтар  күні 

мектебімізде  оқушылар мен  ұстаздар ұйымдастыруменен    «Қамқорлық» 

жәрмеңкесі  өткізілді.  Оқушылар 

өз  әкелген  тауарларын 

сатып  қана  қоймай 

өз  көнілдерін  бір 

сергітіп  алды.

            Тоқсан  

бойы  түнгі сағат 22:00 ден кейін

көшеде қараусыз жүретін жас жеткіншектерді анықтау мақсатында  кешкі рейдке шығып тексеріс ұйымдастырылды.

Тексеріс кезінде көшеде жүрген балалар анықталған жоқ. Сонымен қатар күн сайын

оқушылардың сабаққа күнделікті қатысуын қадағалау жұмысы жүргізіліп отырады.

Тексеріс кезінде сабақты  ауыру  жатқаны, қатты аяз кезінде босатқан балалар

анықталды.

         Тұрмыстық

жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға киім – кешек,

аяқ киіммен қамтып көмек көрсету мақсатында мектебімізде киім кешек, оқу

құралдарын жинау пункті ұйымдастырылды. «Қамқорлық» акциясының шеңберінде  көпбалалы отбасынан шыққан балаларға киілген

бірақ жақсы жағдайдағы киім – кешекпен, оқу құралдарымен көмек көрсетілді.  

       28-ші қысқы Универсиада    Қазақстандағы Алматы қаласында 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтті.

      Осыған орай

біздің мектебімізде шаңғы жарысы өткізілді. Мұғалімдер және оқушылар арасында.

Мұғалімдер арасында ер мұғалімдер 3 айналым әйел мұғалімдер 2 айналым жасады.

Ер мұғалімдер арасында 1 орынды Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мажиманов Сырым,

әйел мұғалімдер арасынан 1орынды мектеп психолігі Туканева Гүлім алды.  Оқушылар арасынан 1 орынды 7 «А» сынып

оқушысы Тлеугабулов Ерболат, қыздар арасынан 1 орынды 6 «А» сынып оқушысы

Бөлтірік Аружан  иеленді. Орын алған

оқушыларға мақтау қағаздары берілді.

             Қаңтар 

айында  өткізілген сынып

сағаттарымен,  іс-шаралар  «Мен 

және  менің  болашақ 

мамандығым», «Ақша  не  үшін 

керек?», «ЖҚТБ  туралы  сөз 

қозғайық».  Кітаптар көрмесі «ЖҚТБ  туралы не білесің?»  атты кітапханашы  алясхарова Г.М.  ұйымдастырылып  өткізілді. «Біз  салауатты 

болашақты  таңдаймыз»  сурет 

пәнінің  мұғалімі Мангилев

В.В.  суреттер  көрмесін 

ұйымдастырды.  «Нашақорлық  зияндық  

әкеледі»  атты тренинг  тәрбие 

існін  меңгерушісі  өткізді. 

өткізді.  Ақпан  айында 

«Тумауды  алдын  алу 

іс-шаралар»  атты  жұмыстар 

жүргізілді. Бастауыш  және  жоғары 

сыныптарында  тумау  туралы 

диктантар  жазылды.    «Дені 

саудың  -  жаны 

сау»  атты  дөңгелек 

үстел  оқушылар арасында     аға 

тәлімгер Оразқызы К. ұйымдастыруменен 

өткізілді.   

         Ақпан айында мектебіміздің квн командалары

арасында жарыс өткізілді. КВН –ге екі команда катысты.  Командалар әр тапсырма

бойынша тиянақты дайындалып, өз өнерлерін ортаға салды. Сұрақ-жауап тапсырмасы

бойынша екі команда  бір –бірлеріне сұрақтар

койды. КВН өте қызықты  өтті. Оқушылар

өздерінің әртістік қабілеттерін  көрсете

білді.

     Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық

бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да

мейірімді ару қыздарымыз сынға түсер «Көктем аруы-2017» байқауы ұйымдастырылды.

Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

   Аруларымыз барлық бөлім шарттары бойынша  өнерлерін ортаға салып, өз білімдері арқылы

сұрақтарға жауап берді. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша аруларымызға

«Өнерлі ару», «Білімді ару», «Шебер ару», «Биші ару», «Тапқыр ару», «Зерделі

ару» номинациялары берлді.

  Наурыздың 6-сі күні Кен негізгі мектебінде

«Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік

жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға

қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Мерекені барлық

ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және ауыл тұрғындары келіп тамашалады. Мерекені

даярлық сыныбының биімен аштық. Өздерінің жүрекжарды өлең жолдарымен бастауыш

сынып оқушылары аналарын қуанышқа бөледі.. «Күншуақ» шағын орталығының

бүлдіршіндері аналарға арнап би биледі. Аналар мен балалары арасында ойындар

ойнатылып мерекені қыздыра түсті. Кеш барысында барлық әндер аналардың

құрметіне шырқалды.

     Наурыз — шығыс

елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында

жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ

халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды

салт-дәстүрге айландырған. Осыған байланысты Кен негізгі мектебінде Ұлыстың ұлы

күні мерекесіне арналған «Наурыз - берекем, Наурыз –мерекем!» атты мерекелік

іс-шара өтті. Мерекелік іс-шарамыз ұлттар биі ретінде ашылып, келген қонақтарға

шашу шашып басталды. Наурыз, наурыз – жыл басы, Наурыз- бақыт жалғасы, - дей

келе алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Кадиров Ж.Б. беріліп, ауыл

тұрғындары мен келген қонақтарды наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап,

ізгі тілектер тіледі. Ұлы кісіден бата алса, Сонда олжалы жыл болар,- деп

ауылымыздың ақсақалы Елтай ата да ақ батасын берді. Мерекелік іс-шараға

оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленді. Кен негізгі

мектебінде Наурыз мерекесі «Қонақжай ауылы» атты байқау өткізді. Байқауға

қатысқан ауылдарды атап кетер болсам; Абай , Жамбыл және Құрманғазы ауылдары

болып бөлінді.

Ауылдар дастарқан мәзірін, салт-дәстүрін және өз

өнерлерін көрсетті. Осы ауылдардың әділ бағасын беретін әділқазылар сайланып,

таныстырылды. Байқаудың нәтижесі бойынша І орынды Жамбыл ауылы, ІІ орынды

Құрманғазы ауылы, ІІІ орынды Абай ауылы иеленді. Осы ауылдарға ақшалай сыйлық

беріліп, марапатталды.

     Сонымен қатар

мектебімізде қазақтың ұлттық ойындарынан спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Солардың бірі армрестлинг , арқан тарту, гир көтеру тағы басқада ойындар болды.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар      Наурыз мерекесіне көмек көрсеткен

демеушілерімізді   атап өтетін болсам:

Рахимов Н.Т.   «Жаңаберген»

шаруашылық қожалығы,   Втюрин С.Н.  «Алексей» шаруашылық қожалығы, Отрадный

ауылының әкімі Куандыкова  Р.М.   Карабицин 

С.Н. «Елена К» шаруашылық қожалығы,  

Рахимов К.А. «Айым»  жеке  кәсіпкер және Николаев  И.А. «Нико» 

шаруашылық қожалығы  болды.

        Кен негізгі

мектебінде наурыз айында аудандық оқушылар арасында қыздар және ұлдар арасында

мини футболдан жарыс өткізілді. Қыздар арасында өткізілген мини футболдан 1

орын Тассуат ауылы, 2 орын Тасөткел ауылы, 3 орын Кен ауылының оқушылары алды.

Ұлдар арасынан 1 орын Далабай ауылы, 2 орын Қарасу ауылы,  3 орын Тассуат ауылы ие болды.

       Тасөткел

ауылында Аудандық оқушылар арасында шаңғы жарысы өткізілді. Біздің мектептен

оқушылар шаңғы жарысына барып қатысты. 3 сыныптар арасында өткізілген шаңғы

жарысынан Жанадилов Диас 1 орын иеленді. 1 сыныптар арасынан Мулсулманбеков

Мадияр 1 орын, қыздар арасынан өткізілген шаңғы жарысынан Досмуханова Құндызай

3 орынға ие болды.

        Әр 

дүйсенбі  сайын жұмыс  лездемесінде  

маңызды  сұрақтарға  жауап 

алынып  келесі  болатын 

іс-шаралардың  жоспарымен

таныстырылады.

Барлық 

ата-аналар  жиналысы  өткізіліп, 

сынып  жетекшілер  сынып 

сағаттарын  өткізіп  отырады. 

   Мектебіміздің 

оқушылар  кеңесінің    мүшелері, апта  сайын  

сыныптардың  тазалығын  тексеріп 

қадағалап  жүрді.  Сынып 

жетекшілер демалыс  күндерінде

оқушыларды  қауіпсіздік  ережелерімен 

таныстырып  отырады.  

      Мектебімізде оқушылар Республикалық

қашықтықтан өткізілетін байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Ақпан

айында өткізілген Республикалық қашықтықтан өткізілген байқауға Оразқызы

Қымбаттың жетекшілігімен 6 оқушы қатыстырылып оқушылар мынадай жетістікке

жетті.

Оқушының аты-жөні

сыныбы

Байқау аты

Қатысатын байқау түрі

Орын

Қайыржан Қанат

2 «А»

«Көктем – жаңа өмірдің бастауы»

Сурет

1

Талғат Алмаз

2 «А»

«Көктем – жаңа өмірдің бастауы»

Сурет

1

Алясхарова Арай

6 «А»

«Алғыс айта білесің бе?»

Эссе

2

Болатов Темірлан

5 «А»

«Көрісу күні»

Эссе

1

Досмуханова Құндызай

6 «А»

«Ақпан. 1989. «Невада- Семей»

Эссе

2

Байдильдина Ақкенже

8 «А»

«А.Байтұрсыновқа 150 жыл»

Шығарма

3

 

Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта-оның ұлттық

мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын

ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы

перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан

халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деп, ұлт болашағын

ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.

Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің

болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы,

Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып

жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану

үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты,

қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді.

Ұсыныс:

 

1.    

Сынып  жетекшілер 

оқушылармен  қарым  -қатынастырын 

нығайту.

2.    

Ата-аналармен  байланыста  болу.

3.    

Барлық  мектепшілілік 

іс-шараларға  тиянақты  дайындық 

жүргізу

4.    

Сынып  жетекшілер 

тәжірибелі  ұстаздармен  байланыста 

болу.

5.    

Барлық  іс-шараларды 

мектеп сайтына  салып  отыру.

 

Просмотров: 3768


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст