«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3 тоқсан бойынша өткізілген іс-шаралар

05.04.2017

Кен негізгі мектебінің IІІ тоқсан бойынша өтілген іс –шаралар есебі

Тақырыбы

Уақыты

1

Апталықтар

Қаңтар - Ақпан

2

Мектепішілік шаңғы жарысы

Ақпан

3

Квн

Ақпан

4

Республикалық қашықтықтан өткізілген байқау

Ақпан

5

Аудандық оқушылар арасындағы қыздар және ұлдар

арасындағы мини футболдан жарыс.

Наурыз

6

Аудандық оқушылар арасындағы шаңғы жарысы.

Наурыз

7

«Көктем аруы - 2017»

Наурыз

8

«Ана – өмірдің гүлі» мерекелік концерт

Наурыз

9

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

Наурыз

 

                                        Апталықтар.

            

(Өзін – өзі тану, Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын, Физика.)

      

ІІІ тоқсан басталысымен апталықтар басталды. Әр  апта сайын пәндерден апталықтар өткізілді.

Апталықтарда сыныптан тыс іс шаралар , қызықты интеллектуалды ойындар өткізілді.

Ойындар жарыс түрінде өткізіліп, оқушылардың білімдері сыналды. Оқушылар апталықтарға

белсене ат салысып, өз білімдерін ортаға салды.

 

Шаңғы жарысы.

       Биыл Қысқы Универсиада 2017 — 28-ші қысқы Универсиада,

Қазақстандағы Алматы қаласында 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтті. Универсиада жарыстары

спорттың 12 түрі бойынша өтті. Олардың арасында тау шаңғысы, биатлон, шаңғы

жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл,

мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер

және әйелдер арасында) және керлинг ойындары бар.

     

Осыған орай біздің мектебімізде шаңғы жарысы өткізілді. Мұғалімдер және

оқушылар арасында. Мұғалімдер арасында ер мұғалімдер 3 айналым әйел мұғалімдер

2 айналым жасады. Ер мұғалімдер арасында 1 орынды Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Мажиманов Сырым, әйел мұғалімдер арасынан 1орынды мектеп психолігі Туканева

Гүлім алды.  Оқушылар арасынан 1 орынды 7

«А» сынып оқушысы Тлеугабулов Ерболат, қыздар арасынан 1 орынды 6 «А» сынып

оқушысы Бөлтірік Аружан  иеленді. Орын

алған оқушыларға мақтау қағаздары берілді.

 

 

 

по

 

КВН

      

Ақпан айында мектебіміздің квн командалары арасында жарыс өткізілді. КВН

–ге екі команда катысты. Командалар мынадай тапсырмалар бойынша бақ сынады.

1 тапсырма – таныстыру.

2 тапсырма – сұрақ-жауап.

тапсырма – үй тапсырмасы.

4 тапсырма – өз өнерлері. 

Командалар әр тапсырма бойынша тиянақты

дайындалып, өз өнерлерін ортаға салды. Сұрақ-жауап тапсырмасы бойынша екі

командабір –бірлеріне сұрақтар койды. КВН өте жоғары деңгейде өткізілді.

Оқушылар өздерінің әртістік қабілеттерін 

көрсете білді.

 

Республикалық қашықтықтан өткізілген байқау.

     

Мектебімізде оқушылар Республикалық

қашықтықтан өткізілетін байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Ақпан

айында өткізілген Республикалық қашықтықтан өткізілген байқауға Оразқызы

Қымбаттың жетекшілігімен 6 оқушы қатыстырылып оқушылар мынадай жетістікке

жетті.

Оқушының

аты-жөні

сыныбы

Байқау

аты

Қатысатын

байқау түрі

Орын

Қайыржан Қанат

2 «А»

«Көктем – жаңа өмірдің бастауы»

Сурет

1

Талғат Алмаз

2 «А»

«Көктем – жаңа өмірдің бастауы»

Сурет

1

Алясхарова Арай

6 «А»

«Алғыс айта білесің бе?»

Эссе

2

Болатов Темірлан

5 «А»

«Көрісу күні»

Эссе

1

Досмуханова Құндызай

6 «А»

«Ақпан. 1989. «Невада- Семей»

Эссе

2

Байдильдина Ақкенже

8 «А»

«А.Байтұрсыновқа 150 жыл»

шығарма

3

 

Аудандық оқушылар арасындағы қыздар және ұлдар арасындағы

мини футболдан жарыс.

   

Кен негізгі мектебінде наурыз айында аудандық оқушылар арасында қыздар

және ұлдар арасында мини футболдан жарыс өткізілді. Қыздар арасында өткізілген

мини футболдан 1 орын Тассуат ауылы, 2 орын Тасөткел ауылы, 3 орын Кен ауылының

оқушылары алды. Ұлдар арасынан 1 орын Далабай ауылы, 2 орын Қарасу ауылы,  3 орын Тассуат ауылы ие болды.

 

Аудандық оқушылар арасындағы шаңғы жарысы.

     Тасөткел

ауылында Аудандық оқушылар арасында шаңғы жарысы өткізілді. Біздің мектептен

оқушылар шаңғы жарысына барып қатысты. 3 сыныптар арасында өткізілген шаңғы

жарысынан Жанадилов Диас 1 орын иеленді. 1 сыныптар арасынан Мулсулманбеков

Мадияр 1 орын, қыздар арасынан өткізілген шаңғы жарысынан Досмуханова Құндызай

3 орынға ие болды. Оқушыларымызды орындары үшін құттыұтаймыз.

 

«Көктем аруы - 2017»

     Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық

бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да

мейірімді ару қыздарымыз сынға түсер «Көктем аруы-2017» байқауы ұйымдастырылды.

Бұл байқауда  аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға

түседі:

І. «Сәлемдесу» - Аруларымыз өзін - өзі таныстырады.

ІІ. «Озған ел тарихын таспен жазады» - Бұл

бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

IІІ. «Қыздарға әсемдік жарасады» - үй

тапсырмасы. Бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап әкелген өнер туындыларын

қалай жасағанын әділ қазылар алқасына жеткізу, түсіндіру шеберліктері сыналады.

ІV. «Шығармашылық қолөнер сайысы»:

Ою ою. Бұл

бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке

жабыстырады.

Ү. «Өнерліге өріс кең» - Бұл бөлімде

аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б

өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

   Аруларымыз

барлық бөлім шарттары бойынша  өнерлерін

ортаға салып, өз білімдері арқылы сұрақтарға жауап берді. Әділқазылар алқасының

шешімі бойынша аруларымызға «Өнерлі ару», «Білімді ару», «Шебер ару», «Биші

ару», «Тапқыр ару», «Зерделі ару» номинациялары берлді.

 

                                  

 

 

                      

               

      «Ана – өмірдің гүлі»

мерекелік концерт

     Наурыздың 6-сі

күні Кен негізгі мектебінде «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай

екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі

ниеттерін көрсету. Мерекені барлық ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және ауыл

тұрғындары келіп тамашалады. Мерекені даярлық сыныбының биімен аштық. Өздерінің

жүрекжарды өлең жолдарымен бастауыш сынып оқушылары аналарын қуанышқа бөледі. 3

«А» сынып оқушылары «Бақыт» атты әнін тарту етті. 5 – 7 сынып оқушылары

аналарына, ұстаздарына арнап тамаша би сыйлады. «Күншуақ» шағын орталығының

бүлдіршіндері аналарға арнап би биледі. Аналарына тарту ретінде «Талисман» би

тобы билерімен, аналар мен балалары арасында ойындар ойнатылып мерекені қыздыра

түсті. Кеш барысында барлық әндер аналардың құрметіне шырқалды.

 

 

 

 

                      

«Наурыз - берекем, Наурыз – мерекем!»

    

Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз

шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде

аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын

тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Осыған байланысты Кен негізгі

мектебінде Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған «Наурыз - берекем, Наурыз

–мерекем!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шарамыз ұлттар биі ретінде

ашылып, келген қонақтарға шашу шашып басталды. Наурыз, наурыз – жыл басы,

Наурыз- бақыт жалғасы, - дей келе алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің

директоры Кадиров Ж.Б. беріліп, ауыл тұрғындары мен келген қонақтарды наурыз

мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілектер тіледі. Ұлы кісіден бата

алса, Сонда олжалы жыл болар,- деп ауылымыздың ақсақалы Елтай ата да ақ батасын

берді. Мерекелік іс-шараға оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, халықтың қошеметіне

бөленді. Кен негізгі мектебінде Наурыз мерекесі «Қонақжай ауылы» атты байқау

өткізді. Байқауға қатысқан ауылдарды атап кетер болсам; Абай , Жамбыл және

Құрманғазы ауылдары болып бөлінді.

Ауылдар дастарқан мәзірін, салт-дәстүрін

және өз өнерлерін көрсетті. Осы ауылдардың әділ бағасын беретін әділқазылар

сайланып, таныстырылды. Байқаудың нәтижесі бойынша І орынды Жамбыл ауылы, ІІ

орынды Құрманғазы ауылы, ІІІ орынды Абай ауылы иеленді. Осы ауылдарға ақшалай

сыйлық беріліп, марапатталды.

     Сонымен

қатар мектебімізде қазақтың ұлттық ойындарынан спорттық жарыстар

ұйымдастырылды. Солардың бірі армрестлинг , арқан тарту, гир көтеру тағы

басқада ойындар болды. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын

қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш,

құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

 

 

 

 

Просмотров: 1242


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст