«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

тұсау кесер.

05.04.2017

Ақмола облысы

Жарқайың облысы

Кен негізгі мектебі

 

 

 

 

«Тұсаукесер» салты.

 

 

 

Дайындаған:

кітапханашы  Алясхарова Г.М.

 

 

 

 

 

 

2017 жылы

Гүлім: 

Қазақ халқы

«Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс

халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен

түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ  күні.

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Ақкенже:

Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі

айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың 22-сінде күн мен түн

теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім

төсегінде жатқан табиғаттың, жанды жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне

шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне

қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге сыяды.

Жыр

сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,

Қастерледік,

қадіріңді білдік те.

Құтты

болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді

ынтымақ пен бірлікке.

Гүлім:

Біз қазақ

халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.

Дәстүрдің

озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.

 Ақкенже:

Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып,

еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны

жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

Күлгенің де той сенің,

Жүргенің де той сенің.

Қызықтасын халайық,

Тұсау кескен бұл күнің

Есте қалсын, жарқыным.

Гүлім:

Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен,

қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен

адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге,

өсуге, өнуге шақырады.

Бүгінгі күні Арай Қымбат апайдың

баласының Ерсұлтанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні

наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде

«Тұсау кесер» тойын өткізбекші.

Қымбат апай, кішкентай Ерсұлтанды ортаға әкеліп, Арайға табыс етеді.

(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау

кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)

Келін бала:

 (баланы

көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)

Тәй-тәй балам, тәй балам,

Шақырып тұр айналаң,

Жүруге алғаш талпындық

Құтақандай жан балам,

Қаз-қаз тұрып талпындың,

Қуантасың, күлесің.

Аман болсаң аз-ақ күнде

Алшаң басып жүресің.

Арай:

Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді

едің. Тіл көзім тасқа.

Бөпеміз қаз тұрыпты,

Алға қадам басуға,

Тәй-тәй болып жүріпті,

Асулардан асуға.

Маған тұсау кестіріп,

Жатқандардан бұйрық сол;

Мені жүйрік депті жұрт

Менен асқан жүйрік бол.

(Арай қолына

ала жіпті алып жатып)

Ала жіппен

тұсайын

Ерсұлтанның

аяғын

Тұсау жібін

кесейін

Жасап баба

ырымын.

Сағат сайын

есейіп,

Шапқыласын

құлыным

Аяқтары

талмасын

Айналайын,

алтыным.

(аяғын

байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)

Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер.

(Ерсұлтанды  жетектеп жүргізеді.)

Ерсұлтанның  «Тұсау кесер» тойының құрметіне ән-шашу арнайын.

Ән: Халық әні.

Арай:

Рахмет, айналайын, өркенің өссін. Саған

да осындай той жұғысты болсын.

Бата

берілуі:

Құлыным

үлкен жігіт болсын!

Ата-анасына

қызық болсын

Жақсылармен

қатар болсын,

Жамандармен

қатал болсын,

Ата-дәстүр

байлығын жалғастырар,

Берік бұтақ

болсын.

Наурыздарың

құтты болсын!

Ұлыс береке

әкелсін

Ақ мол

болсын,

Қайда

барсаң жол болсын

Осы тойды

қызықтаған

Баршаңызда

той болсын!

Наурыз тойын

тойлатып келген Жана жылымыз  құтты

болсын ! Еліміз  аман , жеріміз  тыныш, дастарқанымыз мол  болсын 

мерекеге  арналған  іс- шарамызды аяқтаймыз.

Просмотров: 962


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст