«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ана әр үйдің алтын дінгегі

05.04.2017

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Кен негізгі мектеп


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ана әр үйдің алтын дінгегі!

 

 

 

 

 

Дайындаған: кітапханашы Алясхарова Г.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 жыл

Мақсаты: Ана жайлы тамаша

сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау.

Оқушыларды білімге, адамгершілікке,

ұстамдылыққа тәрбиелеу,

ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге

үйрету.

Көрнекілігі; кітап кормесі

«Ана өмір шуағы»

1-жүргізуші:  Гүлім

2-жүргізуші: Арай

Жоспары: Журналдың

бетшелеріне шолу

1-бет: Кіріспе

2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер,

тақпақтар)

3-бет: «Болашақ шақ-бақытты

шақ» (әңгімелесу)

4-бет: «Асылдың сөзі -

ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)

1-жүргізуші: Қымбатты

аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!

2-жүргізуші: Бүгінгі мереке

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ауызша

журналымызды ашық деп жариялаймыз.

1-бет: Кіріспе сөз

Мұғалім: Адам баласы үшін ең

аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің

жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық

сүйіспеншілік,

мейірімділік, махаббатын

бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам

етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі.

Анамызға деген біздің

көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау

болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Хормен: Анашым әнін орындау

1-жүргізуші: Сенен өскен

балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті жан аналар!

2-жүргізуші: Құрметтейік, о

адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген

даналарды.

Себебі ана деген асыл жан

ғой,

Ойлауменен істелік әр

қадамды.

 

2-бет: Оқушы шығармалары

(өлеңдер, тақпақтар)

Аружан: «Анаға сыйлаймыз»

Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда,

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.

 

Гүл ектік аулаға

Көктемде көңілді.

Бақта да, бауда да

Ақ гүлдер өрілді.

 

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз.

Темірлан: «Апама»

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген, апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

 

Дильназ: «Анамызға мың

алғыс»

Аялаған , баптаған,

Асыраған, сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!

 

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.

Аналарға мың алғыс!

 

«Адал бол, - деп балдырған»,

Әділдікке баулыған,

Жүрегін де баулыған,

Тілегінде мархабат

Анамызға мың алғыс!

 

1-жүргізуші: Алдымен

мерекесі құтты болсын аналардың,

Әпкелер мен бауырлар,

балалардың.

Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,

Бұл күндер көксеген

даналардың.

 

Ән: Ақ мамам

3-бет: «Болашақ шақ -

бақытты шақ» (әңгімелесу)

Әңгіме: «Анамның қолдары»

Мұғалім аналар мерекесі

қарсаңында үйге ананың қолы хақында бір шығарма жазуға тапсырма береді.Оқушылар

өздерінің шығармаларын оқыды. 

 

2-жүргізуші: Білмесең надан

боласың,

Жау қолында қаласың,

Үйреніп бәрін біле алсаң,

Ақылың жетіп толасың!

4-бет: «Асылдың сөзі -

ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)

Кұндызай: Ананың сүті - бал,

Баланың тілі - бал.

Жасмина: Ананың көңілі

балада,

Баланың көңілі далада.

Полина: Анасын көріп, қызын

ал,

Аяғын көріп, асын іш.

Арай: Анасының тілін алмаған

азапқа қалады.

Алишер: В. Гюго: «Нәзіктік

атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».

Динара: Б. Г. Белинский:

«Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».

Гүлім: О. Бальзак. «Ана

көрегендігінің теңдесі жоқ».

Ақкенже: В. А. Сухомлинский:

«...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен

қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен

бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең,

адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың».

1-жүргізуші: Алақаны ақ

самал,

Мәпелеген, жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа

ІІІ. Қорытындылау

1-жүргізуші: Ардақты аналар,

апа-қарындастар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар

әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.

2-жүргізуші: Құрметті

қонақтар, біздің «Аяулы менің анашым» атты сынып сағатымыз аяқталды.

Ана –біздің күніміз!

Ананың біз - гүліміз!

Бізді, ана, қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

 

 

Просмотров: 306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст