«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

көктем аруы 2017

26.04.2017

«Көктем аруы-2017» байқауы.


Мақсаты:

1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік,

ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.

2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін

түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.


1-Жүргізуші: Құрметті

аналар, ұстаздар,

бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар!

Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз

халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!

2- Жүргізуші: Аяулы

аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілейміз!

 

1-Жүргізуші

Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,

Бақыт пен атастырып әр күндерің

Босатып қара жердің тұла бойын

Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.


2 - жүргізуші:

Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,

Ана деген бұл өмірдің сәні ғой

Ән жырымен дүниені тербеген,

Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.


1 - жүргізуші

Ана біздің жарқыраған нұрымыз,

Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.

Анамызды аялай біз білейік,

Ана біздің жазып бітпес жырымыз.


2 - жүргізуші:

Арулар - аяулылыр, ардақтылар,

Өмірге жылу болып қалмақ болар.

Арулар – тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.


1 - жүргізуші:

Сұлулыққа қарап көз тоймайды

Сұлулыққа өзін - өзі баяндайды

Естілер құдіретті бүгінгі сөз

Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.



2 -

жүргізуші

Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді.

Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі

тұр. Ендеше, «Көктем аруы - 2017» байқауына қош келдіңіздер!.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Рұқсат болса бастайық!


1 -

жүргізуші

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Аруларды кезекпенен ортаға

шығарайық

 

2 -

жүргізуші

Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды, сірә бір

Гүлімнің  сан өнері бар,

Сырын терең ұға біл.

1 – ші талапкеріміз 8 «А»-сынып

оқушысы Алясхарова Гүлімді ортаға шақырамыз

 

1-Жүргізуші

Сыпайы оның мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қапты

Жүрек жұтқан Ақкенже қыз

2– ші талапкеріміз 8 «А» - сынып

оқушысы Байдильдина Ақкенжені қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

 

2-Жүргізуші

Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Арай қыз ұстазының айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам

деген

3 – ші талапкеріміз 6 «А» - сынып

оқушысы Алясхарова Арайды сахна төріне шақырамыз.

 

1-Жүргізуші:

Құндызайымыз да өнерлі

Күліп жүрер ақырын,

Жолың болсын Құндызай

Өнеріңді төк енді.

6 «А» –сынып оқушысы Досмуханова

Құндызайды қошеметпен ортаға шақырайық

 

2-Жүргізуші:

Өзі әдемі сыпайы

Қазақ қыздан аумайды

Қарсы алайық Аружанды

Жайдарлы жүзді әдемі

6 «А» –сынып оқушысы  Бөлтірік Аружанды қол соғып қарсы алайық,

халайық!

 

1-Жүргізуші

Сыпайы оның мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қапты

Жүрек жұтқан Дильназ қыз

2– ші талапкеріміз 7 «А» - сынып

оқушысы Жанадилова Дильназді қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

 

1-Жүргізуші

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларға

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.


2- Жүргізуші:

Бүгінгі байқауда аруларымыз мына

бөлім шарттары бойынша сынға түседі:

І. «Сәлемдесу» - Аруларымыз өзін - өзі таныстырады.

 

ІІ. «Озған ел тарихын таспен жазады» - Бұл

бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

 

IІІ. «Қыздарға әсемдік жарасады» - үй

тапсырмасы. Бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап әкелген өнер туындыларын

қалай жасағанын әділ қазылар алқасына жеткізу, түсіндіру шеберліктері сыналады.

 

ІV. «Шығармашылық қолөнер сайысы»:

Ою ою. Бұл

бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке

жабыстырады.

 

Ү. «Өнерліге өріс кең» - Бұл бөлімде

аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б

өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)


1- Жүргізуші:

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ

алалар.

Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.............................................................. –


 

2...............................................................

. –


 

3. ..............................................................  -

 

 

2-жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп мектептің жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік

тілейікші!

 

2-Жүргізуші:

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.


1-Жүргізуші:

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,

Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.

Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,

Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.


Байқаудың І кезеңі «Сәлемдесу»

- Аруларымыз өзін - өзі таныстырады.


2-

Жүргізуші:

Құтты болсын мейрамы аналардың

Қуанышын көрсінші балалардың

Сіздер үшін бүгінгі орындаулар

Билері мен әндері жырланатын


1-Жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік, 

Әр түрлі өнермен өрге басып кідірмейік.

 

2-Жүргізуші:

Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!

Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!

Таңғажайып әлемі - өнер аты,

Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!


ІІ кезең «Озған ел тарихын таспен жазады» - Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы

сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар

1. Бес асыл, бес дұшпан

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз…

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл сөз көнсеңіз.

2. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға, білезік, жүзік, сақина,

шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу)

3. Ою өрнектің бір түрін ата?

(қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар)

4. "Байғазы" деген не?

(балалардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, затай сыйлық)

5. Үш қуат - ақыл қуат, жүрек қуат,

тіл қуат.

Үш ғайып - ажал ғайып, қонақ ғайып,

несібе ғайып.

Үш арсыз - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

6. Үш даусыз - мінез, кәрілік,

ажал.

Үш

кәдесіз - жігіттік, денсаулық,

жақсы жар (әйел).

Үш жамандық - Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан

қалған ескі жұртты бұзу.

7. Үш жақын - Жан тәтті

. Мал тәтті. Жар тәтті.

Үш көз - Су анасы - бұлақ. Жол анасы -

тұяқ . Сөз анасы - құлақ.

Үш тоқтам - ақыл - арқан , ой - өріс, адам -

қазық.

 

8. Жеті қазына

1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел.

3.Ақыл, білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік

тазы (ит).

9.Бес парыз

1.Құдайдың бірлігі

мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2.Намаз оқу.

3.Ораза ұстау. 4.Қайыр‑садақа беру.

5.Иман және ихсан (адамгершілік пен рақымшылық

 

10. Алты игілік

1.Денсаулық. 2.Қазына. 3.Дос.

4.Әйел (жар). 5.Білім. 6. Бала (ұрпақ)

 

11. Алты парыз

Адамдардың бір-біріне деген алты

парызы бар:

1. Бір-біріне сәлем беру (әдейі барып).

2. Шақырса – бару.

3. Кеңес сұраса – ақыл қосу.

4. Сұрағына – жауап беру.

5. Ауырып қалса – көңілін сұрау.

6. Қайтыс болса – жерлеуге қатысу. (Мұхаммед пайғамбар)

12. Жеті жоқ

Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ.

Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ.

Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.

13. Жеті жетекші

1. Адамның басшысы – ақыл.

2. Жетекшісі – талап.

3. Жолаушысы – ой.

4. Жолдасы – кәсіп.

5. Қорғаны – сабыр.

6. Қорғаушысы – мінез.

7. Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)

14. Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ел жетім,

Замандасы қалмаса -

Бәрінен де сол жетім.

 

1-Жүргізуші:

Келесі кезеніміз. ІІІ кезең. «Қыздарға әсемдік жарасады» - үй тапсырмасы. Бұл бөлімде аруларымыз

үйден дайындап әкелген өнер туындыларын қалай жасағанын әділ қазылар алқасына

жеткізу, түсіндіру шеберліктері сыналады.

 

2-Жүргізуші:

Сұлулықтың дүниеде барын қарап

Аққайың да ұрлана таңырқамақ

Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай

Ес еркінді әкеткен барымталап.


1-Жүргізуші:

Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,

Мерекелік ою ойып жасапты,

Қыздарымыз дем арада майысып.

Бұл бөлім ІҮ кезең «Шығармашылық

қолөнер сайысы»:

Ою ою. Бұл

бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып қағазға жабыстырады.

 

2-Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе -елдің көркі» деген

сөзді,

Қапасыз қалай айтқан қайран

бабам.

 

V кезең

«Өнерліге өріс кең» - Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән

айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

2 -

жүргізуші: Қазылар

алқасы бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз

Нәзік жандар қашанда ел еркесі

Отбасының отанның берекесі

О, қош жарқырап ортамызға

Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе қазақ қыздарымызға арналған мерекелік

сәлем                           жолдайды.


1 - жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі

бар

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін

Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын

тыңдайық.


2 - жүргізуші

Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы

Ержігіттің бірінші ізгі арманы

Тіршіліктің жылуы, сұлулығы

Мына жалған өмірдің гүлзар мәні


1 - жүргізуші

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Көктем аруы - 2017» байқауы өз мәресіне жетті.

Әрқашанда көңілдеріңіз шаттыққа, құшақтарыңыз гүлге толы болсын - дей отырып,

бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды.

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар

көріскенше,

Осымен концертіміз 

аяқталды.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!!! Тағы да

мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!

 

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст