«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақала

02.05.2017

Бірлігі жарасқан берекелі елміз!

        1

Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді

біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен

түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі

істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы

мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып

келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық

және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген

"жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай

қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған

Қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Елімізде 136 ұлт пен ұлыстың

өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.

  

     Осы мерекеге орай Кен негізгі жалпы білім

беру мектебінде он күндік іс - шара құрылып, барлық іс – шаралар уақытында өткізілді.

Мектеп кітапханашысы Алясхарова Г.М. ұйымдастыруымен «Қазақстан – ынтымақ ордасы»

тақырыбында көрме және сынып жетекшілер 1 мамыр – Бірлік күніне орай сынып

сағаттары өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімі Балтамуратов А.Ж. «Бірлігіміз

жарасқан» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара ұйымдастырып, онда оқушыларға

қызықты сұрақтар қойылып жарыс түрінде өткізілді. 5- 9 сынып оқушылары арасында

«Бірлігі жарасқан ел» тақырыбында аға тәлімгердің ұйымдастыруымен дөңгелек

үстел болып, оқушылар реферат, баяндама, шығарған өлең шумақтарын оқып, өз

ойларын ортаға салып пікір талас өткізілді. Тәрбие ісінің орынбасары Какенова

С.С. ұйымдастыруымен 1 – 4 сынып оқушылары арасында «Веселые старты» және 5 – 9

сынып оқушылары арасында спорттық жарыстар өткізілді. Жарыста оқушылар команда

бойынша бөлініп, әр түрлі спорттық ойндар бойынша жарысқа түсіп, жеңген

командаларға мақтау қағаздары берілді. Міне осылай Кен негізгі жалпы білім беру

мектебінде мерекелік іс – шаралар өз деңгейінде өткізіліп, оқушылар барлық іс –

шара, жарыстарға белсене ат салысып қатысты.

       Қорытындылай келе: Барлығымыз туған

жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға

атсалысайық! 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен

құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара

түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік

болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

 

 

Кен негізгі жалпы білім беру мектебінің

аға тәлімгері Оразқызы Қ.

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст