«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірлігі жарасқан берекелі елміз.

12.05.2017

Тақырыбы: Бірлігі

жарасқан берекелі елміз!

Мақсаты:

Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін

кеңейту, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Ту, Елтаңба, Әнұран, Президенттің суреті, шаңырақ. 

Барысы: 

Мұғалім:

Әнұраным

–жанұраным, 

Айтар әнім -сөйлер сөзім. 

Мәңгі бақи шырқалады. 

Республикам Әнұраны! 

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. 

- Біз сендермен Қазақстан Республикасының Әнұранын

орындадық.

1.Әнұранның

авторлары кім? 

Әнұранның сөзін

жазғандар:

Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан

Назарбаев ,

 Әнін

жазған: Шәмші Қалдаяқов 

Күндер өтті кешегі, 

Жігер құм боп жасыған, 

Несіне оны жасырам? 

Әнұраным бүгінгі 

Баға жетпес асыл ән 

2.Еліміздің

тағы қандай рәміздері бар? Ол туралы не білесіңдер? 

Оқушылар:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов. 

3.Елтаңба

- егемен елдің белгісі. 

Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі. 

Оқушы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының

авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Мұғалім: 

Жарасқан байрақтың мәні бар, 

Көк аспан, күн, қыран –сәні бар. 

Көк байрақ –ашық көк кеңісім, 

Алтын күн - белгісі жеңістің. 

Алтын күн көтерген ел құсы- 

Халқымның батырлық белгісі! 

 

Реферат: 6 «А» сынып оқушысы Бөлтірік Аружан


Мұғалім: 

     Отан

– әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре

алмайтындай, Отансыз да өмір сүре алмайды. Отан – біздің туған жеріміз,

өзіміздің туған – туысқанымыз, дос-жарандарымызбен бірге тұратын еліміз. 

Біздің Отанымыз – Қазақстан. 

Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген

мемлекеттер таныған ел. Оның

өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. 

Республика халқының саны 17 миллиондай. 

Жергілікті ұлт - қазақтармен бірге басқа да

130-дай ұлт өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның

шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,

бірлесе еңбек етіп келеді. Биыл Қазақстан Ассамблеясына 22  жыл толды. 


Баяндама: 9 «А»

сынып оқушысы Пшембаева Динара


Мұғалім: 

Бірлігі мен ынтымағы халықтың, 

Көгімізде жарқырайды жарық күн, 

Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың, 

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн. 


Реферат: 6 «А» сынып оқушысы

Алясхарова Арай

         

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.

Біздің елімізде Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар: ұйғыр, кәріс,

дұнған, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армиян, азербайжан, украин, беларус,

түрік, шешен және т.б. Олар бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек

етіп, тату тәтті өмір сүріп жатыр. Иә, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен

ұлыстар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Бұл

қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді.

Бәрімізге белгілі кең байтақ еліміз Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан,

бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. Сол үшінде

біз шаттанамыз, туған отанымызды мақтан етеміз. 

...Қазақ осы — айтатұғын желге сыр, 

О, ағайын, халық емес ол кесір. 

Қазақ осы — аңғал-саңғал жабусыз, 

Қазақ осы — ағыл-тегіл, көл-көсір. 


Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін, 

Қазақ осы — «Өнер алды — тіл» дейтін. 

Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба, 

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін... - деп Қадыр

Мырза Әлі ағамыз айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір

шаңырақтың астында, татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздер мен

біздерге мәлім.


Баяндама: 8 «А» сынып оқушысы

Байдильдина Ақкенже


Хормен: Ақпыз, қара, сарымыз, 

Ағайынбыз бәріміз. 

Ортақ болсын асар тау, 

Жеміс толы бақша-бау. 

Болсын жер мен су ортақ, 

Болсын бізге ну ортақ. 

Ақпыз, қара, сарымыз, 

Ағайынбыз бәріміз. 

Мұғалім: 

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. 

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст