«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұлы Жеңіс жасасын!"

12.05.2017

«Ұлы  Жеңіс жасасын!»

 

Жетпіс екі  жыл бейбіт таңы атқалы,

Жетпіс екі  жыл шуақ нұрын шашқалы.

Есімізде жетпіс екі  рет сонан бері.

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

 

         Міне, Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесін

тойлап отырмыз. Осы сәтті сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап,

сағаттап , сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды,

тілектері орындалды. Бірақ, сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында

талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды, жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің

ерен үлгілерін көрсетті.

        Бүгінгі тамаша күнге жеткізген 

азаматтар- етігімен су кешіп, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз

жастанып, жаумен шайқасқан  асыл әкелер мен әз ағаларымыздың, абзал

ағаларымыз бен есіл ерлеріміздің батырлығына тағзым ете отыра , біздің

мектебімізде  бүгінгі күні үлкен тәрбиелік мағынасы зор іс-шара аталып

өтуде. Кен ауылының негізгі   мектебінде 5 мамыр күні мерекелік  іс-шара 

өткізілді.  Оқушылар мен  қонақтарға 

соғыс  туралы  видео фильм 

көрсетілумен басталды. Соғыстан 

қайтып  келмеген  ардагерлерімізді  үнсіз 

уақытымен  еске  алды.   Даярлық 

және бірінші  сынып  оқушылары 

өлең  жолдарын  арнаса, 

жоғары  сынып  оқушылары «Катюша», «Жеңіс  жалауы 

желбіреп», «Соғыстан  қайтқан  солдаттар», «Қазақстан   сарбаздары», «День  Победы» 

әндерін  шырқады.  9 

сынып оқушысы Мотова Виолетта 

соғыс  туралы  өлең 

жолдарын  соғыста қаза  болған 

  ардагерлерге  арнады. 

Мерекелік  іс-шара  қызықты 

тартымды  болды.  Қазіргі  

уақытта  ауылымызда  соғыс 

ардагерлері  болмаса  да, 

жыл  сайын  оқушыларға 

сынып  танымдық  сағаттарында, 

видеофильмдер  арқылы  Ұлы 

Отан  соғысы туралы  ақпараттар 

айтылып,  көрсетіліп  отырылады.   

      

 Жеңіс күні біздер үшін ерекше мейрам болып саналады. Осыдан 72 жыл бұрын

фашистік Германияны тас-талқан етіп қиратпағанда қазіргі тәуелсіз күн кешуіміз

екіталай болатын еді. Сол тыныштықты күзетіп ұрпақ тағдырын ойлаған, алтынның

сынығындай болып арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне мәңгі бас иеміз!

 

 

Кен  негізгі  мектебінің  тәрбие ісінің меңгерушісі  Какенова С.С.

Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст