«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайын ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ БЖБ және ТЖБ бақылаулардың нәтижелерін талдау
Кең ауылының негізгі негізгі орта мектебінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесімен жұмыс жалғасуда. 2017 жылдан бастап жаңа бағалау жүйесіне ауысқан.
Осы критериалдық бағалау жүйесін енгізгелі біз көп жұмыс істеудеміз. Кен НОМ оқу ісінің меңгерушісі Молдрахметова Г.А. білім жетілдіру курсынан өтті. Жаңадан келген мұғалімдерге және жас мамандарға практикалық семинарларды өткізіп, директор жанындағы отырыстарда, кеңестерде дайындық жұмыстар жүйе түрінде өткізіледі. Практикалық семинардың әр қайсысы жеке тақырыппен, мақсаттармен өткізіледі. Мұғалімдер осы семинарларда келесі жұмыстарды талқылады.
- критериалдық бағалау үдерісі,
- білім/ортақ тақырып бағалау БЖБ,
- тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы ТЖБ
- рубрикаторларды құрастыру
- модерация үдерісі
- пән бойынша БЖБ мен ТЖБ құрастыру және оған талдау жасау
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген) негізінде жүргізіледі.
Күнделікті мұғалім бақылау және бағалау (яғни қалыптастырушы – формативтік бағалау) жұмыстарын жүргізеді. Қалыптастырушы бағалау - әр сабақ барысында оқушының деңгейін анықтау, оқушылардың білімдерін түзетуге мүмкіндік береді. Осы бағытта мұғалім әр сабағын жоспарлап, баланың деңгейін динамика түрінде қарастырады.
2 – 9 сынып аралығында білім беру оқу бағдарламасы бойынша бақылау (білім/ортақ тақырып бақылау – БЖБ мен ТЖБ) рәсімдерінің саны сәйкес өткізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – ТЖБ 1 рет әр тоқсанның аяғында өткізіледі. БЖБ - ның және ТЖБ - ның өткізу мерзімдері кесте түрінде әр тоқсанға тоқсан басында мектеп әкімшілігімен бекітіледі.БЖБ,ТЖБ-ның өтілу кестесінде өткізілетін мерзімі және әр пәннің спецификасына қарай ТЖБ болуын немесе болмауы ескертіледі. БЖБ және ТЖБ өткізіледі жоспарланған мерзімдер бойынша және Күнделікпен сәйкес. Критериалдық бағалаудың құжаттары мектептің міндетті түрде номенклатура тізіміне енгізіледі.
Сонымен қатар, БЖБ – ның және ТЖБ – ның талдау 2024 жылдың 31 мамырынан №130 бұйырығымен орта және арнаулы білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне жүргізуге қажетті құжаттар тізбесіне енгізілген.
Оқушылар орындау уақытын сақтайды: БЖБ – 20 мин, ТЖБ – 40 мин орындайды. БЖБ мен ТЖБ өтілу рәсімін мектеп әкімшілігі бақылайды, яғни журналды уақытында толтыру, мерзімі бойынша уақытында жүргізу, БЖБ мен ТЖБ ережеге сай құрастыру, бағалау үдерісі.
Директор жанында отырыстарда БЖБ және ТЖБ бақылаулардың нәтижелері бойынша сұрақ желтоқсан және наурыз айына қарастырылады деп жоспарланған.
БЖБ және ТЖБ бақылаулардың нәтижелерін талдау әр мұғалім Күнделіктен көре, талдауын есепке сай жүргізіп, тоқсан сайын өткізеді.
Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Молдрахметова