«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Национальные игры

22.06.2017

Қазақтың ұлттық ойындары

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру;

тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық

ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын

арттыру.

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау,

есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс

істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге

дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге,

Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.

                                     Сабақтың

барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

     «Қазақтың ұлттық ойындарының»

суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.

     Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге

бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын

,зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан

ойындар.

Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден

қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып,

балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді,

дүниетанымын арттырып,еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

      Ғалымдардың пайымдауынша,

ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде

б.з.б. бірінші мың жылдықта - ақ қалыптасқан.Олардың ішінде тоғызқұмалақ,

қуыршақ,асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде

кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізгі, шығу тегі

халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың

көбісі мал шаруашылығына , аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.

1-тапсырма.

Қыз қуу.

    Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі

ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар

қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жеті керек. Жігіт

қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен

соғады.

2-тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем

құраңдар.

Ақсүй...к, ас...қ, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, жасы...ынбақ,қ...з

қуу, тең...е алу.

Сергіту сәті:

«Сақина тастау» ойыны. Айтылған бір буынға екінші буын жалғау керек. «Май» ,

«Біл».

Суреттер сыры.

Суретке қарап , ойын түрлерін ажыратып айтады.

Сабақты қорытындылау.

«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы жазып келу.

Просмотров: 265


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст