«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош бол, қызықты Айгөлек лагері!»

22.06.2017

Тақырыбы: «Қош бол, қызықты Айгөлек лагері!»

Мақсаты:

1.    

Оқушылардың 10 күн бойы лагерден алған әсерлерін әңгімелей

білуге, ой-өрісін кеңейтуге,  бастан  өткен  қызықты 

айта  білуге  үйрету.

2.    

Оқушының өмірге деген көз қарасын дамыту. Шешендік, тапқырлық

өнерін байқау.

3.    

Мәдениеттілікке, парасаттылыққа, әсемділікке, үлкенді сыйлап,

кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Түрлі  — түсті шарлар, плакаттар, слайд.

Түрі: концерттік бағдарлама

                                                    

Өту

барысы:

1-жүргізуші: Армысыңдар құрметті көрермен қауым, бүгінгі

лагердің жабылу салтанатына қош келдіңіздер.

Жаз айлары – мектеп

оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы

тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз

кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп

оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму,

жетілу кезеңі. «Айгөлек» лагері осы жағдайлардың қалыптасуына өз ықпалын

тигізді.                                                                                                                                  

2-жургізуші: Біздің ұранымыз: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!»

      

     Шаттан, күн, балақай!

           

Қуанатын күн бүгін!

           

Қайырлы таң!

           

Қайырлы күн!

           

Күліп шықты күн бүгін!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін». Орындайтын хор!

Мадияр:

Жазғы лагерді ашамын,

Бәрлерінді шақырамыз.

Күлеміз, ойнаймыз, ән шырқаймыз,

Спортпенен шұғылданамыз.

Диас:

Арманы бір, үні бір,

Аға ардақты, іні бір

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл.

Бала бағы бар елдің.

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.

1 – жүргізуші:

Бәрін көріп келеміз,

Болашаққа сенеміз

Жақсы оқу мен еңбекпен

Біздер жауап береміз.

2 —  жүргізуші:

Қызғалдақтай құлпырып,

Өсіп келе жатырмыз!

Өсіп келе жатқан қыздарымыздың биін тамашалайық.

Аслан:

Жаңбыр жауды себелеп,

Жасырынды көбелек.

Аспан кетті күркіреп,

Бұл не деген керемет..

Ән: «Жау-жау жаңбыр» Орындайтын 1 «А» сынып

оқушысы

Замира:

Мереке бүгін, береке бүгін

Қуанып, шалқып тасыған

От боп жүр жастар,

Шоқ боп жүр жастар

Көңіл жоқ шешек атпаған

Балалар гүлдей, құлпырып күндей.

Жанболат:

Ұлылардан ұлағат ап жаңаша

Байқауларға ой қосамыз таласа

Талабы зор балаларды танытып

Таныстырған «Айгөлек» ол тамаша

Махаббат:

Көк аспанда күн күліп,

Ұл қолында ту жүрсін.

Қыз қолында гүл жүрсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Темірлан:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақшашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

1 жүргізуші: Ендеше балалардың өнерін тамашалайық.

Ән «Қошақан». Орындайтын ұлдар.

Ерасыл:

Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,

Өнегелі ұл-қызбыз

«Балдырғанбыз» — балдаймыз,

Бақытты өмір таңдаймыз.

Шаттық — думан көңілді,

Болашаққа жалғаймыз

Алдияр:

Атың қандай жаз деген,

Мағына бар мәз деген.

Бар тіршілік масайрап,

Күй толқыды сөзбенен.

Қанат:

Балаларда мәз болып,

Үйге мүлде кірмейді.

Көлге аққу, қаз қонып,

Жазсыз өмір сүрмейді.

Алмаз:

Жаз болса, жердің жүзі жайнап тұрған,

Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.

Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,

Ыстық боп, жердің жүзі қайнап тұрған.

Нұрлыбек:

«Айгөлек» жан досым,

Бар баланы баураған.

Жаңа келген ғасырдан,

Жаңалығы аумаған.

Ән: «Айгөлек» хор.

Сұңғат:

Балдырған тілеуі,

Балалықтың бақытын байытқан жер.

Бұзылмасын балалардың ұйқысы,

Берекелі бейбіт күнді тілейік.

Ксения:

Лучами солнышко играет,

И рыбки плещутся в реке.

И это просто означает,

Что лето на носу уже.

Ән: «Туған жер». Орындайтын 2 «А» сынып

оқушылары.

Богдан:

Знаем,знаем,здесь мальчишки-

Озорные шалунишки!

И девчонки хороши

Улыбайтесь от души!

Виктор:

Небо ясное, солнце красное

Настроение у нас прекрасное!

Нам с тобою здесь

Всех чудес не счесть

Если песня есть

То и дружба есть!

Валентина:

Мен – баласы даланың,

Кең далама тартып туған баламын.

Ат үстінде ән шырқасам Алтайдан,

Ақ Жайықта қуанып ел, марқайған,

2-жүргізуші «Бауырсақ» ертегісіне көрініс қою

Кейіпкерлері:

Бауырсақ — Махаббат.

Ата- Ерасыл

Апа-Валентина

Аю-Алдияр

Қасқыр-Диас

Қоян-Мадияр

Түлкі-Жанболат

Автор- Темірлан

Осымен ертегіміз бітті

-хормен сау болыңдар!!!

Қазақ биі. 

Хор: «Туған жер»

Қорытындылау:

          Балалар өздерің көргендей суретте

салдық, ермек сазымен де жұмыс жасадық т.б. жұмыстарды атқардық.

Осымен лагердің жабылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті. Келесі

кездескенше  ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!

 

 

 

 

 

Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст