«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балдәурен» лагерінің салтанатты ашылуы.

22.06.2017

«Балдәурен»  лагерінің

салтанатты ашылуы.

I жүргізуші: Қайырлы күн!

Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, ата- аналар «Балдәурен» сауықтыру

легерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Қазақстан

Тәуелсіз ел екенбіз.

Жоғалмасын ешқашан берекеміз

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз

Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз

Аға тәлімгер:

Жиын!

Сап түзе! Тік тұр! «Балдәурен» сауықтандыру легерінің ашылу салтанатына орай ҚР

мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Әнұран

орындалады.)

Топ басшылары хабарлама беруге дайындалсын!

Балдәурен тобы

( топтың аты, ұраны, әні таныстырылады.)

Рапорт

Аға тәлімгер, «Айгөлек»

сауықтандыру легерінің ашылу салтанатына Кен негізгі мектебінің Балдәурен тобы

дайын.Хабарлама беруші ——————————

Аға тәлімгер: Лагерь сап

түзел! Тік тұр!

Лагерь әні: Әр қашан күн сөнбесін!

Аға тәлімгер: Хабарлама

қабылданады.Еркін тұр!

Аға тәлімгер: Еркін тұрындар!

I жүргізуші:

Арманы бір, үні бір,

Аға ардақты, іні бір

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл.

Бала бағы бар елдің.

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.

II жүргізуші: «Балдәурен» сауықтандыру

лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Кадиров ЖБ. беріледі.

I жүргізуші:

Бүгін қызық,бүгін той

Біздер үшін біліп қой

Дөңгеленсін би-билеп

Жалғастырсын ойды-ой

« Ойлы болсаң, озып көр» кезеңі.

      Мен сендерге

жұмбақ жасырамын. Ал сендер оның дұрыс жауабын анықтап, үш тілде айтыңдар.

1.Білімнен мол сый –асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп, школа, school )

2.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (ұстаз, учитель,teacher )

3.Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (Дәптер, тетрадь,notebook)

4.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (қоңырау,bell )

5.Бөлінгенді табыстырып,

Біріктірсе жабыстырып.

Жымдастырған жігін де,

Байқамайсың түгін де. (желім, клей,stick)

6.Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш, линейка, ruler)

7.Оқуыма төреші,

Тоқуыма төреші, Парақтасам байқалар,

Білімімнің өресі,

Онда

және жазылған ,

Кестем

де бар келесі. (күнделік, дневник, diary)

8.Ақыл-ойдың

шырағы,

Зәулiм

көктей шынары.

Биiгiне

бойлаған,

9.Қанбайды

адам құмары.  (Бiлiм, знание,)

Оқу-бiлiм

аспабы,

Қоймасының

бас қабы.

Бөлмесi де

бiрнешеу,

Тиегi бар

ашпалы.   (Портфель,bag)

10.Қырық екi жауынгер,                                                                     

Сапын

түзеп тұрады.

Бұлдiршiндер

Қауымды

ел,

Сырын

терең ұғады. 

(әліпби,Алфавит,alfabet)                                                                       

   11.Iлулi тұр кең алаң,

Керегiмдi мен одан.

Жазып алам көшiрiп,

Сүртем сосын өшiрiп.   (Тақта,board)

12.Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтiн,

Ол қазына өлмейтiн.    (Кiтап, книга, book)

Ойын: «Соқыр теке»

ойыны

Жұмбақ.

1.Тау басында қара орман, 

Жыл озған сайын ағарған (шаш) 

2.Өткір жүзді келеді, 

Өте қажет құрал ал 

Тұтас затты бөледі, 

Ұсақтап та тұрар ол ( пышақ) 

3.Қате

жазып жаңылсаң 

Тазалайды ол барын сап. ( өшіргіш) 

4.Жазу жазып жалықпаған, 

Жазған сайын арықтаған (бор) 

5.Итке ұқсаған ізін- ай 

Оны қалай десек те 

Ал бір жері қызық -ай 

Ұқсап- ақ тұр есекке ( қоян) 

6.Киім киген инеден 

Қоқып ешкіп тимеген (кірпі) 

7.Дәміде жоқ, түсі жоқ 

Пайдаланбас кісі жоқ ( су) 

Ойын: «Арқан тартыс»

«Қас

– қағым сәтте» әр оқушы 1 минутта 8 сұраққа жауап берілуі қажет. Жауап аталған

әріптен басталуы шарт.

1 оқушы А әрпінен бастау. 

1.

ҚР астанасы? Астана 

2. Қадірлі жан. Ана 

3. Әкеңнің әкесі саған кім болады? Ата

4. Оқулықтың аты? Ана тілі 

5. Ер адам және мұғалім Ағай 

6. Алфавиттің бірінші әрпі? А 

7. Жылқы, басқаша атауы - Ат 

8. Қаланың аты. Астана, Алматы, Ақтөбе, Алға. 


2 оқушы Қ

әрпінен бастау. 

1. Біздің ұлтымыз Қазақ 

2. Үлкен кісі, ата Қарт 

3. Мемлекеттік тіл Қазақ 

4. Сүттен алынған тағам? Қаймақ 

5. Жылқының сүті? Қымыз 

6. Музыкалық аспап Қобыз 

7. Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан 

8. Мына әріптен басталатын сөз Қ 


3 оқушы  Ж әрпінен бастау. 

1. Далада арқан жатыр, оны қолыңа

алсаң шағып алады. Ол не? Жылан 

2. Күзде не сарғаяды? Жапырақ 

3. Ағаш неліктен қозғалады? Жел 

4. Ат, басқаша атауы Жылқы 

5. Не жауса жер суланады? Жаңбыр 

6. Қыз баланың есімі Жазира

7. Қаланың аты - Жамбыл, Жезқазған 

8. Жыл мезгілі - Жаз 

«Ұйқасын тап» 

Кеше ойнап секіріп, Қанат алды ... /

екілік/ 

Өзі жиі дүлдүл, бұл құстың аты ... /бұлбұл/ 

Суға қармақ салып, ұстап алдым ... /балық/ 

Ойын: «Бес асық ойын»

I  жүргізуші:

Мереке бүгін, береке бүгін

Қуанып, шалқып тасыған

От боп жүр жастар,

Шоқ боп жүр жастар

Көңіл жоқ шешек атпаған

I жүргізуші:

Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт!

I жүргізуші: «Балдәурен» лагерінің ашылу салтанатына келгендеріңізге

көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше сау

болыңыздар!

 

 

Просмотров: 7237


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст