«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көңілді старт» эстафеталық жарыс.

22.06.2017

«Көңілді старт» эстафеталық жарыс.
Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Доп,кедергілер,шар,секірме,таяқша, тақырып жазылған плакат «Спорт-салауатты өмір серігі»
     «Көңілді старт» эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр»
      Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет.Бүгінгі өткізгелі отырған «Көңілді старт» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Шарттары: 
1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек)
2. «Кім жылдам?» кезеңі. (Скакалкамен секіру). 
3. «Пингвин» кезеңі
Бірінші оқушы қаппен қосаяқтап секіріп , межеге барады, қапты қолына ұстап әкеліп, келесі оқушы екі аяқтың арасына допты қысып межеге барып кері қайтады.

4. «Кім шапшаң»кезеңі
Әр команданың алдына бос банка қойылады, команда мүшелері крушкамен суды тасып банкаға құйыды, кімнің қаншалықты көп су құйғанын сызғышпен өлшенеді (барлығы да уақытпен)
5. «Тұсау кесу» кезеңі
6. «Арқан тарту» кезеңі
7. «Доп беру» кезеңі.(Мұнда оқушылар бір біріне допты түсіріп алмай беруі тиіс.)
Команда мүшелері бірінің артынан бірі жіппен байланады, олар бірге адымдап құламай, межеге жетіп кері қайтулары тиіс.

8. Кім бірінші? сайысы
(оқушылар қаппен секіріп келіп берілген есепті асықпай дұрыстап шығару қажет)
100+200+300=
100+200+300=
100+200+30=
100+200+30 =
100+200+300+200=
100+200+300+200=
Қорытынды сөз. Марапаттау рәсімі.
Жүлделеріңіз құтты болсын! Ізгі ниет,жақсы өнеге тозбасы

Просмотров: 1748


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст