«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отчет о работе пришкольной площадки «Айгөлек»

22.06.2017

«Айгөлек»

сауықтыру алаңының жұмысының қорытынды есебі

       Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де

өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше

қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту

жыл сайын дәстүрге айналған шара. 

   Іс - шараларды ұйымдастыруына

сәйкес «Балдәурен» лагері өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарды:

-         Салауатты

өмір салтына баулу;

-         Эстетикалық

тәрбие;

-         Азаматтық

- патриоттық және ұлттық тәрбие;

-         Тәрбие

беру - сауықтыру жұмыстары;

-         Спорттық

шаралар.

«Айгөлек» лагері өзінің алдына

міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама  негізінде жұмыс 

жоспарлары жасалынды.

 І ауысым

маусымның 8-нен 23-не дейін «Айгөлек»

атты жазғы мектеп сауықтыру және демалдыру алаңы өтті. Лагерьдің жұмыс уақыты

10:00-ден 15:00-ге дейін .

           

8 маусым күні «Бақытты

балалық шақ» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, «Айгөлек» лагерінің

ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізілді. Онда «Қырықаяқ», «Кім жылдам», «Әр заттың өз орны бар», «Мысық пен

Тышқан» атты көңілді

ойындар, әр түрлі викториналық сұрақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер қойылды, олардың жауаптарын үш тілде

айтты.Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

       Оқушылардың демалысын қызықты өткізу

мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс-шаралар жан-жақты

ұйымдастырылды. «Ұлттық ойындар», «Табиғат аясына

саяхатқа шығу», «Құпия қазына іздеу», «Лагерь аруы», «Жігіт сұлтаны», «Қалаға

қыдыру», «Нептун күні», «1001 мақал, 101 жұмбақ», «Көңілді старт», «Табиғат

асында сурет салу», «Лагерьдің салтанатты жабылуы» демалушыларды өте

қызықтырды.

     Балалар өз қолдарымен  «Айгөлек»

атты бұрышын жасады, өз ұрандарын құрастырды, балаларға арналған әртүрлі 

көңілді әндер жаттады.

     Жазда балалар таза ауада көп

серуендейді. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?» атты ойын-сайыс түрінде

өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық

сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары

өткізілді.   

      «Айгөлек» лагері балалардың жазғы

мезгілінде уақыттарын тиімді пайдалану, балалармен әртүрлі бағыттағы мәдени-

көпшілік іс- шараларды ұйымдастыру мақсатында 15 маусым күні лагерь аймағынан

тыс «Қалаға қыдыру» ұйымдастырылды. Онда біз бас қаламыз Астана қаласында

ашылған EXPO 2017 көрмесіне мектеп оқушыларын апарып келдік. Көрмеге он оқушы,

екі мұғалім, бір мектеп дәрігері барды. Оқушылар шардың ішіне кіріп әр қабатпен

танысты , онда 1-қабат Болашақ Астана, 2-қабат 

Ғарыш энергиясы, 3 –қабат Күн энергияс, 4-қабат Жел энергиясы, 5-қабат

Биомассалар энергиясы, 6-қабат Кинетикалық энергиясы, 7-қабат Су энергиясы,

8-қабат Ұлттық павильон. Шардың ішін аралап болғасын басқа мемлекеттердің

павильондарын араладық. Оқушылар басқа ұлт өкілдерімен естелік суреттерге

түсіп, ағылшын тілінде амандасып сөйлесті. Оқушылар көрмеден көп мәліметтер

алып, жақсы көңіл –күймен келді.

       Ойындар арасында мектеп

медбикесі, мектеп психологы, кітапханашы, аға тәлімгер және дене шынықтыру

мұғалімдері ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер

жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды

бақылады, мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып,

әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Мектептің аға тәлімгері оқушылармен таза ауада

ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру

мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді.

Осы мерекелерден басқа

мектеп алаңында бой шынықтыру жаттығуларын  жасап, түрлі «Айгөлек», «Бес

асық», «Қаздар ұшып барады», «Аңшы мен түлкі», «Алақан соқпақ», «Қоңырау»,

«Орамал тастау», «Сымсыз телефон» және т.б. 

спорттық, ұлттық қызықты ойындар жүргізілді.

     Балалармен табиғат аясына саяхат

шығып, су жағасында әр түрлі ойындар ойнап, оқушылар табиғат аясында сурет

салды. Нептун күні оқушылар бір – бірлерімен су атысып ойнады. Жігіт сұлтанында

ер балалар өзара сайысқа түсті. Сайыста оқушылар өздерін таныстырып, өнерлерін

ортаға салып, күштерін шыңдады. Соңында жеңімпаз оқушылар мақтау қағаздарымен

марапатталып, тәтті сыйлықтар таратылды.

Лагердің жабылуына арналған 

іс-шараларда  оқушылар 12 күндегі алған

әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп, ризашылықтарын білдірді.

 

Бастауыш сынып мұғалімдері: Аужанова Ж.С.

                                        

         Оразқызы Қ.

 

Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст