«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жігіт сұлтаны" сайысы

23.06.2017

«Жігіт сұлтаны» сайысы

Тәрбиеші:

 Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,

Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.

Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің

жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп

жариялаймыз.

     Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз

өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз

білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ.

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ.

Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.

Тәрбиеші: Байқауымызды бастамас бұрын

әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Тәрбиеші: Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға

Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппен сіздерменен танысуға


Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.

Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын айтып өтсін.

Тәрбиеші: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай

Ер өнері білінбес,

Қоян - қолтық алыспай.

Сайысымыздың келесі түрі «Қол өнері» жігіттеріміз өздерінің қолдан жасаған

бұйымдарын әділқазыларға әкеліп тапсырсын.

Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады.

Тәрбиеші: «Талапты ерге нұр жауар» Ол үшін

сөзді тыңдай біліп,

сөздерді ойға тоқу керек.

Сайысымыздың келесі түрі «Салт - дәстүр» бойынша сұрақтарға жауап беру

Салт - дәстүр бойынша сұрақтар:

1. Жеті атаңызды атаңыз

2. Жеті қазынаға нелер жатады?

3. Үш ұғымына байланысты

Үш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз


4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?

5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?

6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?

Тәрбиеші:

Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»

Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.

1. Ағайын алтау, ана......(біреу)

2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)

3. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)

4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан

құтылмайсың)

5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің

6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)

7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)

8. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)

Тәрбиеші:                                                

Сайысымыздың келесі түрі « Спорт түрлерінен сайыс»

Кір тасын көтеру, қол күрестіру

Тәрбиеші:

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып

келеді.

Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

 

Просмотров: 617


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст