«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер күні туралы мәлімет

31.10.2017

Қазақстан Республикасы

халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің іс-шаралары

туралы мәлімет

      Кен негізгі мектебінде Тілдер мерекесіне байланысты

біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына оқушылар мен

ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Тіліміздің қанатын кеңге жаюға

басқа ұлт өкілдерінің балалары да өз үлестерін қосты. Тәрбие ісінің меңгерушісі

 Какенова С.С. тіл мерекесіне арналған онкүндіктің

жоспарымен таныстыру мақсатында  лездеме

өткізіп, онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Қыркүйек айының 11-нен бастап  жоғары сыныптар  арасында онкүндіктің  жоспары құрылды.

       Барлық

сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты  сынып сағаттары өткізілді. «Тіл – әр халықтың

байлығы» тақырыбына   кітапханашы

Алясхарова  Г.М. көрме және орта буын

оқушылары арасында  тарих пәнінің

мұғалімі Тасмағанбетова Ж.С. «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында

 дөңгелек үстел  өткізді. 13 қыркүйек күні «Бала тілі - бал»

атты мәнерлеп оқу сайысын бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен

өтті.     

Бұл байқауда оқушылар тілдер мерекесіне байланысты

өлең-тақпақтарын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқи алды. Қыркүйек айының 14 күні «Маленькие

знатоки языков» атты нтеллектуалдық ойынды бастауыш сынып мұғалімі Капашова

Б.Б.өткізді. Оқушылар бұл  ойынға үлкен

дайындықпен,  тіл үйренуге деген

құштарлығымен, талабымен жан-жақты ізденіп қатысты.  «Әлем ұлттарының ойындары» – спорттық жарыстарды

мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өткізді.

       Қазақ

тілінің мұғалімі Мажиманов С.К. ұйымдастыруымен 19 қыркүйек күні «Мемлекеттік

тіл – менің тілім» атты сайыс болып өтті. Бұл сайыста оқушылар үш топқа

бөлініп, берілген сайыстың кезеңдерімен танысып, топпен жұмыс жасады. Сайыс

жалпы  алты кезең бойынша өтілді.

Оқушылар бұл сайысқа толық қанды дайындалып келгендерін көрсете білді. Let*s

speak English 7-9 сыныптардың аралығында сыныптан тыс іс – шараларды ағылшын

пәнінің мұғалімі Мусаева Г.М. ұйымдастыруымен өтілді. «Керегесі кең байтақ

елім!» атты викториналық сұрақтарды орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Нурмуханбетова Г.О. өткізді.

Онкүндіктің қорытындысы ретінде барлық сыныптар арасында «Достық

әні» атты әндер сайысын бастауыш сынып мұғалімі Жунусова Б.М. өткізді.  Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға

тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін

бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне  деген сүйіспеншілігін арттырамыз.

         Б.

Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген

адам өз халқының тарихын,  дәстүрін,  мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай

алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай

сақтауға, білуге тиіс.

 

 

     Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:  Мажиманов С.К.

Просмотров: 1721


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст