«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз - ұлағатты ұғым

31.10.2017

                                                      

Ұстаз - ұлағатты ұғым

     Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

    Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу

үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.

«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да

ұстаз. Себебі, ұстаздық мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, 22 жыл еңбек етіп

келе жатқан Кен негізгі мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Нурмуханбетова Гулизат Оразовнаны сыйлы және шын  ұстаз екенін толықтай айтуға болады. Ұстаздық

мамандықтың қыр – сырын жете біліп, тәжірибесі толысқан ұстаз. Ол кісіні  мен мақтан етемін, ол туралы қандай мақтау,

мадақтау айтылса да артық емес. Гулизат апайдың адамгершілігі мол,

оқушыларынан, әріптестерінен, жалпы айтқанда жалпы адамзаттан білгенін аямайды,

сауатты ұстаз.    

     Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық

шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы

иесі болу үшін көп қиындықтардан өте білді деп ойлаймын.  Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып,

балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу,

адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыта алады. Ал олармен

сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді

кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық

шақтар. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар

Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасауда,

еңбегіңіз  еш кетпейді деп түсінемін. Жаңа

заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды

білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеп, білім

беріп жүрген Гулизат Оразовнаға деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Ол кісі мен

үшін ұлағатты, үлгілі ұстаз деп білемін.

 

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Мажиманов С.К.

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст