МАҚАЛА
«Тіл – халық жанын танудың кілті»
Адамзат дүниеге
келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі – біздің ар -
ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ.
Тіл - халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет
жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз
айтсақ та тауыса алмаспыз. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру негізінде Кен негізгі мектебінде
Тілдер мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара
жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады.
Тіліміздің қанатын кеңге жаюға басқа ұлт өкілдерінің балалары да өз үлестерін
қосты. Тәрбие ісінің меңгерушісі Какенова С.С. Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің
жоспарымен таныстыру мақсатында лездеме
өткізіп, онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Қыркүйек айының 11-нен бастап жоғары сыныптар арасында онкүндіктің жоспары құрылды.
Сол жоспар
бойынша мектебіміздің кітапханашысы Алясхарова Г.М. «Қазақ тілі- тірегіміз, соғып тұрған
жүрегіміз» атты кітап көрмесін
ұйымдастырды. 13 қыркүйек күні «Бала
тілі - бал» атты мәнерлеп оқу сайысын бастауыш сынып мұғалімдерінің
ұйымдастыруымен өтті. Бұл байқауда оқушылар тілдер мерекесіне байланысты
өлең-тақпақтарын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқи алды. Қыркүйек айының 14 күні «Маленькие
знатоки языков» атты нтеллектуалдық ойынды бастауыш сынып мұғалімі Капашова
Б.Б.өткізді. Оқушылар бұл ойынға үлкен
дайындықпен, тіл үйренуге деген
құштарлығымен, талабымен жан-жақты ізденіп қатысты. «Әлем ұлттарының ойындары» – спорттық жарыстарды
мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өткізді.
Қазақ тілінің
мұғалімі Мажиманов С.К. ұйымдастыруымен 19 қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл –
менің тілім» атты сайыс болып өтті. Бұл сайыста оқушылар үш топқа бөлініп,
берілген сайыстың кезеңдерімен танысып, топпен жұмыс жасады. Сайыс жалпы алты кезең бойынша өтілді. Оқушылар бұл
сайысқа толық қанды дайындалып келгендерін көрсете білді. Let*s speak English
7-9 сыныптардың аралығында сыныптан тыс іс – шараларды ағылшын пәнінің мұғалімі
Мусаева Г.М. ұйымдастыруымен өтілді. «Керегесі кең байтақ елім!» атты
викториналық сұрақтарды орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нурмуханбетова
Г.О. өткізді.
Онкүндіктің
қорытындысы ретінде барлық сыныптар арасында «Достық әні» атты әндер сайысын
бастауыш сынып мұғалімі Жунусова Б.М. өткізді.
Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра
ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін
бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттырамыз.
Кен негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мажиманов С.К.